Жаңалықтар

27.05.2022 (Обновлено: 07.06.2022 14:25)

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары 2023 жылға дейінгі макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын бекітті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 27 мамырдағы отырысында мемлекет басшылары 2022-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын бекітті.

Құжат жаһандық экономикадағы және ЕАЭО мемлекеттерінің экономикаларындағы айқынсыздықты және Одақ елдеріне қатысты сыртқы қысымның өсе түсуін ескере отырып дайындалған.    

Дәйексөз «Негізгі бағдарлар Одақ мемлекеттері экономикаларының ішкі орнықтылығын қамтамасыз ету және Одақтың ЖІӨ-нің жыл сайын 4,5-5,5%-дық қарқынмен өсу траекториясына арналған ұзақ мерзімді перспективаға шығуы үшін жағдайлар жасау мақсатын алға қояды», — деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев.

Бұл мақсатқа жету үшін бірінші кезектегі бағыттар макроэкономикалық тұрақтылықты және сыртқы сын-қатерлерге орнықтылықты қамтамасыз ету, экономикалардың нақты секторына инвестицияларды өсіре түсу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, Одақтың ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін дамыту, сондай-ақ ЕАЭО-ның ішкі нарығының мүмкіндіктерін кеңейту және үшінші елдермен өзара пайдалы қатынастарды нығайту болуға тиіс.
ЕАЭО мемлекеттерінің Үкіметтері мен ұлттық (орталық) банктеріне бекітілген бағдарларды ескеру ұсынылды.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі