Жаңалықтар

21.10.2022

ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асырудың жыл сайынғы мониторингі және талдау нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 20-21 қазандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) іске асырудың жыл сайынғы мониторингі және талдау нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.
Баяндамада Одақта 2021 жыл ішіндегі өнеркәсіпті және кооперациялық ынтымақтастықты дамыту индикаторларының мәні мүше мемлекеттерде өнеркәсіптің дамуының оң аспектілері туралы айтуға мүмкіндік беретіні атап өтілген.

Мәселен, Одақтың барлық елінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсе түсуі қамтамасыз етілді. Оның үстіне тұтастай Одақ бойынша бұл көрсеткіш 5%-дан астам артты. Өзара кооперациялық жеткізілімдер көлемі 40% өсті.

Сонымен бірге, экономикалық конъюнктураның болып жатқан өзгерістерін және сыртқы сын-тегеуіріндерді ескере отырып, Комиссияның өнеркәсіп блогы Одақ елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өнеркәсіп саласында интеграцияны одан әрі дамыту басымдықтары және тараптардың өнеркәсібіне теріс әсерлерді тезірек жою бойынша ұсыныстар әзірлеп, баяндамада ұсынды.

Баяндама одақтық мемлекеттердің Үкіметтеріне жіберілетін болады. Құжатта ұсынылған өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың таяу перспективаға арналған бағдарлары ӨЫНБ-де көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды үйлестірудің маңызды құралы болады, сондай-ақ Еуразиялық өнеркәсіптік интеграцияның барлық саласында қойылған міндеттерді шешуге ықпал етеді.

Анықтама

Баяндаманы дайындау Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабында, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарында көзделген.