Жаңалықтар

23.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 14:56)

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тәуекелдікті бағалаумен толықтырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 23 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы мен шекарасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүргізу тәртібіне өзгерістерді қабылдады.

Жаңа енгізілімдер құжатқа мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру туралы ережелерді тәуекелдікті бағалауды ескере отырып енгізуге бағытталған. Бұл неғұрлым "тәуекелдікті топтардың" өнімін тұтыну/пайдалану кезінде адам организміне теріс әсер етуден аулақ болуға мүмкіндік береді. Өнімнің неғұрлым "тәуекелдікті топтарын" белгілеуге, оны қадағалауды күшейтуге және адам денсаулығына келтірілетін зиянның аса тәуекелдікті болуын қалыптастырмайтын өнімге қатысты әкімшілік күш-салмақты азайтуға көмектеседі. Бұдан басқа, өнімді өндірушілер мен жеткізушілерге түсетін әкімшілік күш-салмақ азайтылатын болады.

Қадағалау тәртібінде бекітілген норма осы жылғы 31 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілді.