Жаңалықтар

18.11.2022 (Обновлено: 01.12.2022 10:54)

Қазан айында ЕАЭО-дағы инфляция 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,5% құрады

ЕАЭО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қазанда 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 100,3%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 111,5% құрады.
ЕАЭО бойынша 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының айтарлықтай өсуі (12,9%) атап өтілді. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 10,8%, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 10,2% артты.

Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсімі Қазақстанда (21,2%), Қырғызстанда (14,1%) және Беларусьта (13,7%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Беларусьта (16,8%) және Қазақстанда (16,0%), ақылы көрсетілетін қызметтер бағасының артуы Қазақстанда (12,6%) және Ресейде (10,1%) атап өтілді.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі "Тұтыну бағаларының индексі туралы" бөлімде берілген.