Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 18.05.2022 11:07)

ЕАЭО техрегламенттеріне стандарттар тізбесін әзірлеу және қабылдау тәртібі өзгерді

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің жаңа редакциясын бекітті. Алдыңғы нұсқа 2016 жылдың 18 қазанында қабылданды.

Атап айтқанда, өзектендірілген тәртіп бірқатар жаңалықтарды көздейді.

Ұлттық стандарттар стандарттар тізбелерінің жобаларына енгізіледі, мүше мемлекеттердің стандарттау жөніндегі органдарымен және Одақ елдерінің ЕАЭО-ның техникалық регламентін әзірлеуге қатысатын органдарымен келісу бойынша өзгертіледі немесе күшін жояды.

Стандарттар тізбесінің жобасына зерттеу және өлшеу әдістемелері енгізілуі мүмкін, олар туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық қорларында ұсынылған.

Тізбелерге енгізілген стандарттардың қолданылуы Одақ елдерінің аумақтарында ұлттық заңнамаға сәйкес осындай стандарттар тізбелерден алып тасталғаннан кейін ғана тоқтатылады.

Келісілген жағдайларда стандарттар тізбесіне өзгерістерді жеделдетілген рәсім бойынша (жария талқылаусыз және консультативтік комитеттің отырысында қарамай), оның ішінде мемлекетаралық стандарттарды оларды әзірлеу бағдарламаларына сәйкес бекіту кезінде енгізуге болады. Бұл ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін қолдану мақсатында қазіргі заманғы стандарттарды қолдану мүмкіндігін жеделдетеді.

Тізбелерге енгізілген зерттеу және өлшеу әдістемелерінің мәтіндеріне қол жеткізуде қиындықтар болғандықтан, тәртіпке № 2 қосымша әзірленді, ол оларға қол жеткізуді ұсыну тәртібін белгілейді.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің тапсырмасы қабылданды, оған сәйкес ЕАЭО техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген әдістемелер, егер олардың құқық иеленушілері осы әдістемелерге қолжетімділік бермесе, олардан алып тасталады.