Жаңалықтар

12.08.2022 (Обновлено: 19.08.2022 13:30)

Комиссия ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешеніндегі кооперацияны ынталандырады

Еуразиялық экономикалық комиссия импорт алмастыруды, жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамыту және тұтастай ауыл шаруашылығын орнықты дамыту әрі Еуразиялық экономикалық одақта азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында агроөнеркәсіптік кешендегі өндірістік кооперацияны ынталандыруға, саланы инновациялық дамытуға айрықша назар аударады.

Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесі Армения Республикасының Үкіметі, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «Еремян Фарм» ЖАҚ (Армения) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу болды. Құжаттың мақсаты Армения Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласында азық-түлік қауіпсіздігін және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады. ЕАДБ Армения Үкіметіне шикізатты қайта өңдеуді тереңдетуге және өндірілетін өнімнің қосылған құнын ұлғайтуға ықпал ететін АӨК саласындағы жобаларды қаржыландыру арқылы жәрдемдесетін болады. Арменияда елдік стратегияны іске асыру шеңберінде ЕАДБ «Еремян Проджектс» компаниялар тобы іске асыратын және «Армения Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасының» міндеттеріне сәйкес келетін ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы инвестициялық жобаны қаржыландырады.

«Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және АӨК блогы жүргізіп отырған ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпорындары арасындағы кооперацияны дамыту жөніндегі жүйелі жұмыс практикалық нәтижелер береді. Бірлескен жобада кооперациялық құрамдас бөліктің ерекше маңызы бар екені қуантады, өйткені армян компанияларынан басқа, мұнда Ресей мен Беларусь кәсіпорындары да тартылған. Бұл осы процесте ЕАЭО-да өндірілген тұқым, мал, ауыл шаруашылығы техникасы, өндірістік-техникалық жарақтандыру өнімдерінің бірқатар түрлері пайдаланылатын болады деген сөз. Бұл өте маңызды фактор. Одақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің ортақ стратегиялық міндетіміз. Мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылын дамыту маңызды», — деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

ЕЭК министрінің сөзінше, мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара іс-қимылы, соның ішінде тұрақсыз жаһандық экономикалық жағдаятқа, COVID-19 таралу қатеріне байланысты ерекше маңызға ие болып отыр. ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмысы ішкі нарықты Одақта өндірілген агроөнеркәсіптік кешенге арналған тамақ өнімдерімен және материалдық-техникалық ресурстармен молықтыруға, өзара сауданы дамытуға, сондай-ақ Одақтың ортақ аграрлық нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға оң әсер етеді.

«Қазіргі уақытта бағдарлама әлемнің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде тап болатын сын-қатерлерді ескере келгенде, өзекті болып табылады. Ауыл шаруашылығын дамыту біздің Үкіметтің басымдықтарының бірі болып табылады. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде біздің еліміз үшін экономикалық қана емес, әлеуметтік те маңызға ие болады», — деп атап өтті Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян.

Кредиттік шарт шеңберінде ЕАДБ өнімділігі төмен малды асыл тұқымды ірі қара малмен алмастыруды, жемшөп дақылдарын өндіру үшін ауыл шаруашылығы алаңдарын кеңейтуді, ет және сүт өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында активтерді жаңғыртуды қоса алғанда, өндірістің толық циклын дамытуға 25 млн долл.жіберетін болады. Жобаның жалпы құны — 31 млн долл. 1200 асыл тұқымды ІҚМ-ға арналған сүт-тауар фермасын және 6000 шошқаға арналған шошқа фермасын салу жоспарлануда.

Анықтама

«Еремян Проджектс» компаниялар тобы — Арменияда қоғамдық тамақтандыру, мейрамхана бизнесі, сервис, кәсіптік білім беру, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру салаларындағы көшбасшының бірі. 2019 жылдан бастап компания тұйық циклды қамтамасыз ету үшін Вайоц Дзорда асыл тұқымды мал фермасын, Тавуш өңірінде шошқа фермасын, Арарат өңірінде жемшөп диірменін, Ереванда «Арцах» ас үй фабрикасын ашып, «Тұқымнан үстелге» тұжырымдамасына негізделген бизнес-дамудың жаңа стратегиясын іске асыруда.