Жаңалықтар

17.11.2022 (Обновлено: 24.11.2022 13:55)

Михаил Мясникович ЕАЭО Соты мен ұлттық сот органдарының өзара іс-қимылын кеңейтуді ұсынды

17 қарашада онлайн-форматта бастау алған Одақ Сотының "ЕАЭО-да сот төрелігіне қол жеткізу тиімділігін қамтамасыз ету" V халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақта сот төрелігі жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Конференция бағдарламасы ЕАЭО Сотының құзыреттерін кеңейтуді, Одақ Соты мен мүше мемлекеттер соты практикасының өзара ықпалын, халықаралық соттардың шешімдерін орындау механизмдерін, одақтық құқықтың, соның ішінде бәсекелестікті қорғауды кедендік реттеудің және Одақтың бірыңғай ішкі нарығының жұмыс істеуінің салалық ережелерін қолданудың өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

Конференцияға қатысуға Одақ мемлекеттерінің жоғары сот органдарының, халықаралық сот органдарының өкілдері, ЕАЭО жетекші ғылыми мекемелерінің ғалымдары, сондай-ақ практикамен айналысатын заңгерлер шақырылған.

"Сот төрелігіне қолжеткізушілік мүдделі тұлғалардың бұзылған құқығы мен бостандығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін кез келген құқықтық жүйенің базалық элементі болып табылады. Біздің Одақ та бұдан шет тұра алмайды. ЕАЭО туралы шартта тиісті институционалдық ережелер іске асырылған және шаруашылық жүргізуші субъектілерге өз мүдделерін сот тәртібімен қорғап қалуға мүмкіндік береді. Біздің Одағымызда тиімді әрі қолжеткізімді сот төрелігін қалыптастыруда жетекші рөл ЕАЭО Сотына тиесілі екені сөзсіз", — деп атап көрсетті Михаил Мясникович өз бейнеүндеуінде.

ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, ЕАЭО туралы шартта қатталған механизмдер қағидатты түрде шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін сот төрелігіне базалық қолжеткізушілікті қамтамасыз етті. Бизнестің өз мүдделерін сот тәртібімен қорғап қалу мүмкіндігінен айыратын қандай да бір елеулі кедергілер жоқ. Сонымен бірге, бұл арада Одақ құқығының бұдан арғы эволюциясы үшін мүмкіндіктер бар.

Михаил Мясниковичтің сөзінше, мысалы, Одақ құқығындағы жеке тұлғалардың белгілі бір санатына сот қорғауын алуға мүмкіндік бермейтін олқылықты жою қажет. Сөз — одақтық монополияға қарсы заңнаманың талаптарын бұзушылық үшін жауапкершілікке кімдердің тартылуы мүмкін екендігі туралы. Осындай тұлғалардың сот төрелегіне қолжеткізуін қамтамасыз ете отырып, Сот құзыретін осы бөлікте кеңейткен жөн. Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, қазірдің өзінде ЕАЭО туралы шартқа тиісті өзгерістер дайындауға кірісті.

Одақ Соты мен мүше мемлекеттердің сот органдарының өзара іс-қимылын кеңейту туралы айта келіп, Михаил Мясникович мүше мемлекеттерде Одақ құқығын қолдануды бірыңғай "мәнділікке" әкелуге мүмкіндік беретін практикалық қадамдар жасауды ұсынды.

"Одақ құқығын қолдану жөнінде ұлттық сот органдарының қызметін үйлестіруге мүмкіндік беретін жұмыс механизмін құру үшін жоғары ұлттық сот органдары мен Одақ Сотының қатысуымен "сот деңгейлестігін" түзу қажет болып көрінеді", — деді ЕЭК Алқасының Төрағасы. 

Бұдан басқа, Михаил Мясникович сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды одан әрі ендірген орынды деп санайды. Бұл, оның пікірінше, Соттың ғана емес, тұтастай Одақтың беделін нығайтуға қызмет етеді, сондай-ақ бірқатар маңызды практикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді. Одақ Сотында цифрлық технологияларды пайдалануды кеңейту сот төрелігінің ашықтығына, жеделдігіне және үнемділігіне, дауларды бұдан да тиімді қарауға және құқық қолдану практикасын жетілдіруге ықпал ететін болады.