Жаңалықтар

15.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 12:27)

Тамақ өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі техрегламентке орайлас стандарттар тізбесі жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тамақ өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі техрегламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді.

Өзгерістер оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техрегламенттің сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесін 19 мемлекетаралық стандартпен және мүше мемлекеттердің 12 ұлттық стандартымен толықтыруды көздейді.

Бұл ретте зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесі, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидалары 11 мемлекетаралық стандартпен, мүше мемлекеттердің 2 ұлттық стандартымен толықтырылған.

Тізбеге кірістірілген жаңа стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, сынау зертханаларын дер кезінде аккредиттеу қажеттігін назара ала келіп, Алқа шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі