Жаңалықтар

23.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 14:35)

ЕАЭО-да ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысы бірыңғай қағидалар бойынша реттелетін болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысын реттеудің бірыңғай қағидаларын қабылдады. Құжат ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысын реттеудің барлық саласын қамтиды.

ЕАЭО қағидаларымен ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдарды тіркеудің бірыңғай рәсімдері, олардың сапасына қойылатын бірыңғай талаптар және оларды бағалау критерийлері, сондай-ақ ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының олардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай форматы белгіленген.

Осы уақытқа дейін ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдар айналысының барлық қыры ұлттық заңнама шеңберінде реттелді, бұл Одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдар айналысы үшін ЕАЭО-ның бірқатар мемлекетінде іске асырылмаған құқықтың
себепшісі болды. Қабылданған құжат ЕАЭО-ның ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдарының ортақ нарығының жұмыс істеуі мен дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен өтпелі кезеңдер белгіленген. ЕАЭО қағидалары екі кезеңде күшіне енеді:

- Армения, Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы үшін – оларды бекіту туралы шешім күшіне енген күннен бастап 24 айдан кейін;

- Қырғыз Республикасы үшін –оларды бекіту туралы шешім күшіне енген күннен бастап 48 айдан кейін.

ЕАЭО қағидаларының күшіне ену күніне дейін берілген ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың тіркеу куәліктері Одақтың кедендік аумағында одақтық елдердің заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдер ішінде, бірақ 2028 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмегенше жарамды болады. ЕАЭО заңнамасына сәйкес тіркелген ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың тіркеу дерекнамалары 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін Одақтың қағидаларына сәйкес келтірілуге тиіс.