Жаңалықтар

23.01.2023 (Обновлено: 24.01.2023 17:26)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Ресейдің 2023 жылы Одақ органдарында төрағалық етуіне орай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына Үндеуі

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде  төрағалық етуді қабылдап алды.

2015 жылы негізі қаланған сәттен бастап Еуразиялық экономикалық одақ өзінің тиімділігі мен сұранысты екенін көрнекі көрсетіп, сенімді дамып келеді. Осы кезең ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің  өзара саудасының абсолютті көлемі 60% артты және 2021 жылы тарихи барынша жоғары деңгейіне - 73,1 млрд долл., жетті, ал  сыртқы сауда көлемі 46% –  846,3 млрд долл.дейін өсті. Бұл ретте  әр жыл сайын Одақтың ішкі сауда айналымында қосылған құны жоғары  шикізаттық емес тауарлардың үлесі арта түсуде. Жиынтық ЖІӨ-нің өсуі халықтың жан басына есептегенде 28,7% құрады, ал  ұлттық валюталардағы төлемдердің үлесі 75%-ға жақындады.

Біздің тығыз интеграциямыз пандемияға және бірқатар елдердің заңсыз санкцияларды қолдануына байланысты шиеленіскен кедейлік, климаттың өзгеруі, ең маңыздылары – азық-түлікті, суды, энергия жеткізуді қоса, ресурстардың тапшылығы сияқты жаһандық проблемаларға лайықты жауап болды. Одақтың қалыптасып келе жатқан көп полярлы әлемнің қуатты, дербес,  өз игілігі өзіне жететін  полюстерінің бірі болуға, біздің күллі  құндылығымызды бөлісетін және ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа ұмтылатын тәуелсіз мемлекеттер үшін тартылыс орталығы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігі айқын.

Әрине, интеграцияны  барлық бағытта  - саяси, экономикалық, өнеркәсіптік, қаржылық және технологиялық салаларда  одан әрі тереңдетуге ықпал ету үшін  барлық мүмкін болатын нәрсені жасаймыз. Осыған байланысты қолданыстағы «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын» іске асыру барысын бірге бағалағанымыз және ағымдағы жылдың өзінде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге арналған интеграциялық  өзара іс-қимылдың негізгі векторларын айқындайтын ұзақ мерзімді жоспарлаудың  жаңа құжаттарын дайындауға кіріскеніміз орынды болады деп  пайымдаймыз.

Бірлескен жұмыстың маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі - ЕАЭО-ға мүше елдердің технологиялық әлеуетін дамыту, осы салада шынайы тәуелсіздік пен өз игілігі өзіне жетушілікке қол жеткізу болатыны анық. Автомобиль және химия өнеркәсібі, көлік машиналарын жасау, микроэлектроника, авиация құрылысы, кеме жасау, фармацевтика, цифрлық экожүйелер, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, биотехнология және тұқым шаруашылығы сияқты экономиканың жетекші секторларына озық ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлеу мен ендіруде күш-жігерді біріктіруді ұсынамыз. 

Цифрлық трансформация саласындағы өзара іс-қимылды жандандандыру да күн тәртібінде тұр. Мәселен, атап айтқанда, ЕАЭО-ның Интеграцияланған ақпараттық жүйесін және өнімдер айналысы мониторингінің ұлтүсті жүйелерін іске қосу  одақтық нарықтағы қауіпсіз емес әрі сапасыз тауарларды анықтауға және жиыстырып, алып тастауға мүмкіндік береді. Одаққа мүше мемлекеттерде осындай құжаттарды өзара тану үшін құқықтық және технологиялық талаптарды қамтамасыз ете отырып, заңи маңызды электрондық құжат айналымын келісіп енгізу процесін тездету қажет. Цифрлық технологиялар мен экономикалық қызмет саласындағы шешімдер ЕАЭО-ның барлық елінде бірыңғай қағидаттар мен тәсілдемелер негізінде ендірілуі үшін бұларды Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жеке актісімен бекітудің орындылығы  маңызды.

Біздің елдеріміз  өздерін қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерімен кепілді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге  азық-түлікті айтарлықтай көлемде экспорттауға мүмкіндік беретін аса қуатты агроөнеркәсіптік базаға ие болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында  ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға бағытталған шаралардың кең кешенін бірге әзірлеуді ұсынамыз. 

Энергетикада да ЕАЭО-ның дәстүрлі түрде көшбасшылық позицияда екенін атап өткім келеді. Ортақ энергетикалық нарықтарды құру жөніндегі жұмыс  алдағы уақытта да жүйелі әрі салыстыра сараланған негізде жүргізілуге тиіс екендігі сөзсіз. Атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдаланудың ең озық технологияларын игеру  энергетикалық ауысу проблемасын сенімді шешуге мүмкіндік береді.

Шетел валюталары мен төлем жүйелерін пайдаланудың өзара сауда үшін туындататын экономикалық тәуекелдерін дәйекті азайту өзекті міндет болып көрінеді. Одақ ішіндегі тұрақты есеп айырысу қатынастарының ажырамас талабы әріптестерді Ресей Банкінің қаржылық хабарламалар беру жүйесіне қосу және ұлттық төлем жүйелерінің жүйеаралық өзара іс-қимылын дамыту болып табылатынын негізге аламыз. Қаржы нарықтарын үндестіру мүше елдер капиталының бірлестіктің ішінде қалуы және ұлттық экономикаға инвестициялануы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Бұдан басқа, біздің макроөңір аумағында өскелең  экономикалық белсенділікке қызмет көрсету үшін бағалау құралдарын қамтамасыз ететін Еуразиялық рейтинг агенттігін құру мүмкіндігін зерделеген орынды  болар еді деп санаймыз. 

Интеграциялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету көбінесе Одақтың кәсіпорындары үшін бәсекелестік талаптарын теңестіруге, соның ішінде салықтық реттеуді жақындастыруға, салықтық әкімшілендірудің озық әдістерін ендіруге, сондай-ақ біздің сыртқы шекараларымызда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік рәсімдерді біріздендіруге де байланысты болады.

Әрине қазіргі заманғы экономикалық шындыққа толық шамасында сай келетін жаңа көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру да алда тұр. Бүгінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді байланыстыратын жіксіз, қауіпсіз халықарлық көлік дәліздерін дамыту айрықша мәнге ие.

Интеграциялық ынтымақтастықтың түйінді аспектілерінің бірі - білікті кадрлар даярлау және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Еуразиялық еңбек нарығы жоғары технологиялық өндірісті дамытудың, өндірістік процестерге цифрлық технологияларды ендірудің ауқымды міндеттеріне сәйкес келуге тиіс. Осыған байланысты ұлттық ғылыми-техникалық бағдарламаларды үндестіруге, жалпы білім беретін және кәсіби стандарттарды тұжырымдауға, техникалық және гуманитарлық пәндер бойынша бірлескен оқыту бағдарламалары мен ортақ оқулықтарды іске қосуға ұмтылған маңызды. Сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында тағылымдамадан өту және академиялық алмасулар практикасын дамытқан жөн. Тұтастай алғанда гуманитарлық тақырыптама - оқу-ағарту, мәдениет, спорт мәселелері біздің интеграциямыздан шеткері тұрмауға тиіс. Әрине бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақты, оның жетістіктерін және біздің елдеріміздің барлық азаматына арналған мүмкіндіктерін әйгілеп, танымал етумен белсенді айналысу керек.

Одақтың сыртқы әріптестермен және халықаралық бірлестіктермен өзара пайдалы әрі тең құқықты ынтымақтастығын құрудың маңызды екенін айрықша атап көрсетемін. Үшінші елдермен еркін сауда туралы қолданыстағы келісімдерді іске асырудың оң нәтижесі көз алдымызда. Мысырмен, Иранмен және Үндістанмен ұқсас келісімдер бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты аяқтауға барынша жәрдемдесуге, сондай-ақ жаңа, соның ішінде Индонезиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөз тректерін жандандыруға ниеттіміз. "Одақтық" өнім экспортын арттыру және жаңа логистикалық тізбектер құру ЕАЭО-ның Азия-Тынық мұхит, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы мемлекеттерімен халықаралық байланыстарының және байланысуының географиясын кеңейтуге ықпал еткен болар еді. Біздің бірлестігіміз Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың түйінді орталықтарының бірі ретінде өз рөлін атқара алады.

Осынау барлық ауқымды міндетті шешу үшін өзіміз құрған ұлтүсті институттарын - бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық комиссияны жетілдіру талап етіледі. Осыған байланысты оның құзыретін кеңейту және ЕЭК-ке үлкен өкілеттіктер беруге қатысты ұсыныстарды қарау сұранысты деп санаймыз. Бұл ретте барлық түйінді шешім бұрынғысынша бәтуаластық негізінде қабылдануға тиіс. Аталған қағидат базалық құндылық, ортақ жетістік және бәсекелестік артықшылық болып қала береді. 

Біздің халықтарымыз мыңдаған жылдан бері бірге тұрып, өзінің географиялық кеңістігін бірлесіп игеріп келеді. Тарихи тағдырды бірыңғай түсіну, шаруашылықтың көп ғасырлық байланыстылығын сезіну, Одақ елдері халықтарының мәдени және әлеуметтік ортақтығын сақтау мен нығайту біздің барлық қызметіміздің кепілі болып табылады.

2023 жылғы Ресейдің төрағалық етуінің басымдықтарын практикалық іске асыруда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тарапынан тығыз өзара іс-қимыл мен қолдау болады деп санаймыз. Біз бәріміз бірге өз халықтарымыздың игілігі үшін интеграциялық ынтымақтастықты дамытуда жаңа ауқымды нәтижелерге жетеміз деген сенімдеміз.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин