Жаңалықтар

16.08.2022 (Обновлено: 25.08.2022 10:05)

Төмен вольтты жабдық пен техникалық құралдарға арналған сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданыс тәртібі айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2022 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енетін «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттеріне өзгерістерді күшіне енгізу тәртібін белгіледі. 

Төмен вольтты жабдықтың және техникалық құралдардың техникалық регламенттердің өзгерістер күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады деп айқындалды. Бұл кезеңде оларға сәйкестікті бағалау туралы осындай құжаттар ресімделген өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға болады