Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 20.05.2022 16:36)

ЕАЭО-ның «Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» техрегламентінің күшіне ену мерзімі ауыстырылды

ЕЭК Кеңесі Ресей тарапының ұсынысы бойынша ЕАЭО-ның «Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің с күшіне ену мерзімін 2025 жылғы 1 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылдады. Шешім Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін іске асыру шеңберінде қабылданды. Техрегламенттің күшіне ену күнін ауыстыру техникалық регламенттің бірқатар талаптарын өзектілендіруге және техрегламенттерді іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді - энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің стандарттары мен заттаңбалары тізбесін әзірлеуді аяқтауға және қабылдауға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Комиссия Кеңесінің энергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі заттаңбаларының нысанын және оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін шешімінің күшіне ену мерзімі 2025 жылғы 1 наурызға ауыстырылды. Сондай-ақ техрегламентке №№ 3, 5, 6, 9, 12, 13 және 14 қосымшаларда белгіленген жекелеген талаптардың күшіне ену мерзімі үш жылға ауыстырылды.