Жаңалықтар

26.05.2022 (Обновлено: 14.06.2022 16:08)

Еуразиялық бірыңғай интернет-сауда қауымдастығын құру туралы келісімге қол қойылды

ЕАЭО елдерінің жетекші электрондық сауда қауымдастықтары Еуразиялық бірыңғай интернет-сауда қауымдастығын құрады. Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форум аясында осындай келісімге қол қойылды.

«Өткен жылы күзде біздің елдеріміздің Үкімет басшылары электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жол картасын бекітті, ол соның ішінде бейінді халықаралық келісім әзірлеуді бағамдайды», — деп еске салды ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев «Электрондық сауда: ЕАЭО-ның бірыңғай нарығы инфрақұрылымының тірегі» сессиясы барысында.

Жол картасы жаңартпасының бірі нақ осы өз қатысушылары үшін өзін-өзі реттеу негізінде қағидалар тұжырымдауға, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға арналған Одақта ерікті электрондық сауда бірлестігін құруды бағамдайды.

Министр енгізілген шектеулерге байланысты бүгінде сыртқы электрондық сауда көлемінің құлдырауы аясында одақішілік контур шеңберінде саланы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда бола бастағанын атап көрсетті.

Алайда ЕАЭО деңгейіндегі қазіргі бар құқықтық реттеу электрондық сауданың ерекшеліктерін жеткіліксіз ескереді, ал Одақ елдерінде әртүрлі бағыттағы ұлттық құқықтық базаны құру өзара тосқауылдардың пайда болуына соқтыруы мүмкін.

Қалыптасқан жағдаяттан шығудың жолы жол картасында көзделген бейінді «қолшатырлық» келісім әзірлеу болып табылады.

Электрондық сауда жөніндегі келісімге кірістіру ұсыныстары ретінде бірыңғай нарықтың жұмыс істеуінің әмбебап тәсілдемелерін қалыптастыру, Одаққа базалық қағидаларды әзірлеу бойынша құзырет беру, электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау және деректер айналымын реттеу кезінде кемсітпеушілік қағидатын сақтау, сондай-ақ электрондық құжаттарды қолдану аталды.

«Біз өз тарапымыздан қажетті құқықтық базаны дайындауға әзірміз. Ал қалған мәселелер бойынша техникалық өзара іс-қимылды бизнестің өз бетінше жүргізуін ұсынамыз, мысалы, қауымдастықтың өзара іс-қимылы шеңберінде», — деп қорытындылады Андрей Слепнев.

Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті директорының орынбасары Сергей Лобанов өз сөзінде Одақ ішіндегі электрондық сауда шеңберінде қосарланған салық салу проблемасын атап өтті, осыны реттегеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымының елеулі өсуі күтіледі. Сыртқы сауда бөлігінде қатарлас импортты заңдастыруға байланысты ағымдағы жағдаят аясында ашылатын мүмкіндіктер де бар. «Қазір бұл түйінді шешім, ол айналым көлемін сақтауға, тіпті өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі ықтимал», — деп атап көрсетті ол.

Ресей Интернет сауда компаниялары қауымдастығының президенті Артем Соколов Одақ шеңберінде трансшекаралық форматта сауда жасау үшін жаңа тауар санаттарын ашу мүмкіндіктерін атап өтті. «Бұл алкоголь өнімдерін, дәрілік препараттарды, зергерлік бұйымдарды, ББҚ-тар мен оларды қазір барлық елдерде бірдей сатуға болмайтын өзге де тауарларды жеткізу», — деп түсіндірді ол.

OZON (Ресей Федерациясы) басқарушы директоры Сергей Беляков ЕАЭО кеңістігінде интернет-алаңды әрі қарай экспансиялау жоспарларымен бөлісті: компания Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында жұмыс істеп жатыр және Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасына шығуға дайын.

Өз кезегінде Қазақстан интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин Одақ елдерінің интернет-алаңдарында «МИР» банк карталарының көмегімен төлем жасау мүмкіндігін жылдам ендіруге шақырды, бұл клиенттердің сыртқы қысым салдарынан айрылғандарын қайтаруға көмектеседі.

Сессия жұмысына сондай-ақ «Сауда саясатын дамыту орталығы» (QazTrade) (Қазақстан Республикасы) бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров, «Онлайн-сатып алуды дамыту қауымдастығы» ҮЕҰ (Армения Республикасы) директоры Артак Саргсян қатысты. Модератор — Қырғыз Республикасы Электрондық коммерция қауымдастығының президенті Айбек Куренкеев болды.

Анықтама

Соңғы бірнеше жылда одақішілік электрондық сауда орнықты өсу көрсетті. Сарапшылардың бағалауынша, ол 2020 жылы 502 млн. жуық АҚШ долларын, ал 2021 жылы 781 млн.жуық АҚШ долларын құрады.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі