Жаңалықтар

27.11.2022 (Обновлено: 02.12.2022 10:36)

Владимир Владимирович Макейдің қайтыс болуына байланысты көңіл айту

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ЕЭК-тің және жеке өзінің атынан Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Владимирович Макейдің әріптестеріне, достарына, туысқандары мен жақындарына көңіл айту білдірді.

"Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Владимирович Макейдің кенеттен болған орны толмас қазасы туралы хабарды қатты қайғырып қабылдады. Шын мәніндегі нағыз патриот, аса көрнекті мемлекеттік қайраткер Владимир Владимирович халықаралық аренада Отанының ұлттық мүдделерін табанды түрде қорғай отырып, белорус дипломатиясының, Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуына баға жетпес үлес қосты",- делінген жеделхатта.