Жаңалықтар

16.11.2016

ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнаревтың «Российская газета» басылымына берген сұхбаты: «Тауарларға «ЕАЭО-да жасалған» деген таңба салынбақ»

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде шығарылған тауарларда: «ЕАЭО-да жасалған» деген жазба пайда болады. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Еуразиялық тауар» критерийін айқындауға кірісті.​ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде шығарылған тауарларда: «ЕАЭО-да жасалған» деген жазба пайда болады. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Еуразиялық тауар» критерийін айқындауға кірісті. Бұл туралы «РГ» газетіне ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің жаңа директоры Николай Кушнарев әңгімелеп берді. Оның айтуынша, «Ресейде жасалған», «Беларусьте жасалған» немесе ЕАЭО кез келген басқа елінде жасалған деген ұстанымнан «Еуразиялық экономикалық одақта жасалған» деген ұстанымға көшу – интеграциялық ынтымақтастықтың маңызды кезеңі. Жаңа таңбалау 2017 жылдың өзінде басталуы мүмкін. Ал қазір бірлесіп өндірілген өнімді орындау кезіндегі технологиялық операцияларды «есептеу» тетігін әзірлеу жүріп жатыр. Нәтижесінде кәсіпорындар  мемлекеттік сатып алу және тауарларды үшінші елдердің нарығына ілгерілету кезінде преференциялар ала алады. Ал мемлекеттік қолдаудың бұл екі тиімді құралы одақ елдерінің жүздеген кәсіпорындарының кооперациялануына күшті ынта. Ресейге келетін болсақ, мұндай жеңілдіктерге арналған қажетті критерийлерді РФ үкіметі бекітті, - деп еске алды Кушнарев. Оларға сай келетін Ресей өнеркәсіп тауарлары үшін мемлекеттік сатып алуға басымдықпен қол жеткізу жеңілдігі қазірді өзінде қолданылады. Мысалы, Ресейде 2014 жылғы қаңтардан бастап қорғаныс саласының, машина жасаудың, медицина бұйымдарының, дәрі-дәрмектердің, бағдарламалық қамтылымның импорттық өнімін мемлекеттік сатып алу шектелген. Кушнарев: «РФ қаулысында әңгіме ресейлік тауарлар туралы болғанымен, құжат ЕАЭО-ға мүше елдердің өніміне қатысты интеграциялық аспектілерді де қамтиды. Мысалы, машина жасау тауарлары үшін қозғалтқышты  Ресейде шығару туралы талап бар, бірақ балама да жоқ емес – Беларусьте шығарылған қозғалтқыш та ресейлік өнім ретінде саналуы мүмкін» - деп байыптайды. Оның пікірінше, «Еуразиялық тауар» ұғымын енгізу, бір жағынан ЕАЭО өнеркәсібін қолдауды оңайлатады, екінші жағынан өнеркәсіптік тауарларды ортақ нарыққа ілгерілетудің күшті құралы болса, үшіншіден «ЕАЭО-да жасалған» деген таңбасы бар өнімге сұранысты ынталандырады. Мүше мемлекеттер арасында бәсекелестік болмай қоймайды. Әсіресе ол, құрылыс материалдарын шығару, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, теміржол техникасын, тау-кен өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібіне машиналар мен жабдық шығару сияқты салаларда амалсыз туындайды. Проблема бәсекелестікте емес, ұлттық үкіметтердің  өз кәсіпорындарын қолдау үшін  әртүрлі шаралар қолдануында болып отыр, бұл оларды бір-бірімен салыстырғанда бірдей емес жағдайда қалдырады. Сондықтан субсидияларды беру кезінде қолдау шарттарын теңестіру, компанияларды кемсітушілікке немесе бірыңғай нарықта адал бәсекелестіктің бұзылуына әкелетін біржақты шараларды жою ЕАЭО-дағы нөмірі бірінші тақырып болып отыр.  Осыған байланысты ЕЭК-те проблеманы шешудің екі жолы талқылануда, олар өнеркәсіптік кәсіпорындарға субсидияларды беру бойынша өкілеттіктерді не ішінара не толықтай ұлтүсті деңгейге, яғни ЕЭК қарауына және оның бақылауына беруге саяды. Бірінші нұсқа мейлінше жеңіл, мүше мемлекеттердің айрықша сезімтал тауарлар өндірісіне субсидиялар беруге қатысты дербестігін сақтауды бағамдайды. Оларды ЕЭК-пен  ерікті түрде ғана келіседі. Задында, қазір одақ елдері нақ осы жолмен келеді. Тізбесін мүше мемлекеттер бекітетін «сезімтал» тауарлар ішінде жетекші салалар: автомобиль жасау, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы үшін машиналар мен жабдықтар шығару,  құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларының өнімдері бар. «Екінші нұсқа мейлінше «қатаң» - бұл әріптес мемлекеттердің барлық жоспарланатын субсидиялар мен өнеркәсіпті қолдаудың басқа да шараларын Еуразиялық комиссиямен міндетті түрде келісуді білдіреді. Әрине, бұл барынша күрделі, ымыралы, оның үстіне мейлінше прогресивті нұсқа екені белгілі. Бұл жағдайда өкілеттік мен жауапкершілік толықтай ұлтүсті деңгейіне, ЕЭК-ке беріледі. Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп орындары мен өнімдері туралы бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады. Мұның мақсаты – бірлескен өндірістер мен өндірістік тізбекті құру үшін жақсы жағдай жасай отырып, қаржылық қолдауды біркелкі қолдану. Бұл үшін барлық жағдай бар. ЕАЭО-да Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары атты аса маңызды стратегиялық құжат қазірдің өзінде қабылданды. Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация және қосалқы контрактация желісі, Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық, Еуразиялық технологиялар трансфері желісі жұмыс істей бастады.