Жаңалықтар

19.05.2023 (Обновлено: 22.05.2023 15:41)

ЕАЭО елдері газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша ұстанымдарды жақындастыруда

16-17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Кездесу барысында еуразиялық «бестіктің» энергетика министрліктерінің басшылары газдың ортақ нарығын және мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың неғұрлым өзекті мәселелерін, ортақ электр энергетикасы нарығының жұмысын, бір күн бұрын режиміндегі өзара сауда қағидаларын және электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторының функцияларын талқылады.

Арзыбек Қожошев тараптар ұзақ уақыт бойы консенсусқа қол жеткізе алмаған мәселелерді шешу қажеттігін, сондай-ақ олардың конструктивті диалог жүргізуге дайын екендігін атап өтті: «Тараптар үшін сезімтал мәселелер бойынша шешімдерді іздеу екіжақты негізде де, неғұрлым жоғары деңгейде де ортақ нарық бойынша негізге алынатын құжаттарды тезірек аяқтау және қабылдау мақсатында жалғастырылатын болады».

ЕАЭО елдерінің энергетика министрлері ортақ энергия нарықтары қызметінің жекелеген мәселелерін реттеу бойынша екіжақты консультациялар өткізу аясында өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

Сонымен қатар, кездесу аясында Арзыбек Қожошев Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевичтің еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, Еуразиялық экономикалық комиссия атынан естелік төсбелгісін табыс етті.