Жаңалықтар

21.11.2022 (Обновлено: 29.11.2022 16:14)

ЕАЭО өңіраралық ынтымақтастық бойынша ЕЭК-тің ақпараттық порталын іске қосуға дайындауда

Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің экономикалық саясат стратегиялары бөлімінің бастығы Андрей Пантелеев бұл туралы 17-18 қарашада Ереванда (Армения Республикасы) өткен «ЕАЭО елдерінің экономикалық қауіпсіздігі және орнықтылығы: мемлекет пен бизнестің мүмкіндіктері» халықаралық макроэкономикалық семинарында мәлімдеді.

Андрей Пантелеев атап өткендей, порталдың мақсаты ЕАЭО елдері өңірлерінің дамуы, қолданыстағы және әлеуетті бизнес-жобалар туралы, сондай-ақ өңірлік деңгейде бизнесті дамытуға арналған жеңілдіктер, преференциялар және ынталандырулар туралы өзекті ақпаратқа кең аудиторияның қол жеткізуі есебінен ЕАЭО елдері өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болады.

«Одақ елдерінің өңірлерінде бәсекеге қабілетті тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін көптеген компания ойдағыдай жұмыс істеуде, инвестициялық, соның ішінде кооперациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар мен қолдау жүйелері құрылған. Біздің мақсатымыз - портал арқылы инвесторлар мен кәсіпкерлердің осы мүмкіндіктер туралы білуіне және Одақтың интеграциялық мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды қалай тиімді пайдалану туралы жәрдемдесу»,- деп атап көрсетті ЕЭК өкілі.

Сондай-ақ порталда кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін өңірлер мен ЕЭК-тің өзекті жаңалықтары, бизнес-жарнамалардың, компаниялар таныстырылымының және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық ахуалға әрі өңірлердегі бизнесті қолдауға қатысты басқа да іс-шаралардың құлақтандыруы жарияланатын болады.

Порталды 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосу жоспарланып отыр.