Жаңалықтар

13.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 16:07)

ЕАЭО-да балаларға арналған дәрілерді пайдалануға қойылатын талаптар айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы педиатриялық практикада препараттың дәрілік нысанын пайдалану мүмкіндігін айқындау жөнінде нүсқама қабылдады.


Құжатта балаларға арналған дәрі-дәрмектерді қауіпсіз және дәл мөлшерлеу туралы нұсқаулар, сондай-ақ әртүрлі препараттың дәрілік түрін қолдануға ыңғайлы нысанға ауыстырудың қолайлы әдістерінің сипаттамасы қамтылған. Егер фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын бұл препараттардың тиісті дәрілік нысандары қолжетімсіз болса, мұндай тәсілдемені балаға күтім жасайтын адамдар қолдана алады.

Нұсқама ЕАЭО-ның барлық елінің препараттардың әртүрлі дәрілік нысанын балаларға қолдануға рұқсат беруге және осы препараттардың балаларға қалай қолданылуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты тұтынушыларға арналған (ата-аналар мен бала күтімін жүзеге асыратын адамдарға) нұсқауға қатысты бірыңғай тәсілдемелерін қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, нұсқама қатты дәрілік нысандарды (таблеткаларды, капсулдарды) балаларға қолдануға ыңғайлы ұнтаққа айналдыру тәсілдері туралы көрсетулерді, сондай-ақ әсер етуші заттардың жоғары концентрациясы бар сұйық нысандарын (ерітінділерді, суспензиялар мен шәрбаттарды) мөлшерлеу жөніндегі көрсетулерді қамтиды.