Жаңалықтар

26.08.2022 (Обновлено: 01.09.2022 15:23)

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісіммен жұмыс аяқталды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары Еуразиялық кеңістікте ұқсасы жоқ халықаралық қаржылық ұйым - Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын (ЕҚК) құру туралы келісіммен жұмыс аяқталғаны туралы мәлімдеді.

ЕҚК өзара және сыртқы сауданы, сондай-ақ ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігінде сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту және тәуекелдерді кәсіби басқару есебінен бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруды ынталандыруға арналған. Компания Одақ мемлекеттерінде және үшінші елдерде экспорттық кредиттер мен инвестицияларды кәсіпкерлік және саяси тәуекелдерден қайта сақтандыра отырып, ұлтүсті деңгейінде сақтандыру жөніндегі ұлттық агенттіктердің функционалын толықтыратын болады. 


EҚK жарғылық капиталы мүше мемлекеттердің жарналары есебінен қалыптастырылады және 15 миллиард Ресей рублін құрайды. ЕҚК құратын әлеуетті сақтандыру сыйымдылығы (ықтимал кеңейтуді ескермегенде) – 2 млрд АҚШ долл.дейін.

 Сарапшылық бағалауға сәйкес, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының қосымша сақтандыру сыйымдылығының пайда болуы ЕАЭО ішінде өзара сауда көлемінің 6 млрд долл. астам сомаға ұлғаюына әкелуі мүмкін.

 ЕҚК 2023 жылдан жұмыс істей бастайды және ЕАЭО-ға кірмейтін басқа да мемлекеттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының кіруі үшін ашық болады деп жоспарлануда.