ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, жинақта көрсетілген трансшекаралық нарықтардағы монополияға қарсы реттеу шараларын қолдану практикасы практикамен айналысатын заңгерлерге де, сол сияқты Одақ елдерінің кәсіпкерлеріне де пайдалы болады.
«Мүше мемлекеттердің экономикалық өміріндегі ЕАЭО-ның өскелең рөліне байланысты практикамен айналысатын мамандар Еуразиялық одақ шеңберіндегі бәсекелестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктерін түсінуі қажет»,- деп атап өткен министр жинақтағы алғысөзінде.
Басылымның таныстырылымы VII Еуразиялық монополияға қарсы форум аясында 7 қазанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) болады.