News

29.10.2021

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да қапталған суды міндетті таңбалауды енгізу мерзімін бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының бастамашылық ұсынысын қарап, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қапталған суды таңбалауды кезең-кезеңмен ендіру туралы шешім қабылдады. Мүше мемлекеттер өз аумағындағы енгізу күні мен сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін өз бетінше айқындайды және бұл туралы алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ке хабарлама білдіреді. Бұл ретте
таңбаланбаған өнімді айналымға кіргізуге тыйым салу таңбалауға жатқызылған тауарлар тізбесінде белгіленген мерзімдерден бұрын енгізіле алмайды:

- 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - газдалған және газдалмаған табиғи минералды ауыз сулар үшін;

- 2022 жылғы 1 наурыздан бастап – өзге де газдалған және газдалмаған минералды ауыз сулар мен өзге де ауыз сулар үшін.

Ұсынылған мерзімдер міндетті таңбалауды енгізуге саланың кезең-кезеңмен және жайлы жағдайда көшу қажеттігіне негізделген.

Трансшекаралық сауда шеңберінде мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының өзара іс-қимылы ЕАЭО-дағы сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.


Анықтама:

Қапталған суды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі эксперимент Ресей Федерациясы аумағында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі аралықта өткізілді.

2021 жылғы 1 шілдеден Қазақстан Республикасында қапталған суды қоса, алкогольді емес ішімдіктерді таңбалау жөніндегі эксперимент басталды.