Жаңылыктар

30.11.2021 (Обновлено: 31.03.2022 17:24)

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына арналған техникалық регламентке стандарттар тізбесі өзектілендірілді

Стандарттар тізбесі осы техрегламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеу бағдарламасына сәйкес әзірленген жеті мемлекетаралық стандартпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының 19 жаңартылған ұлттық стандартымен толықтырылған (олардың біреуі ISO халықаралық стандарттары негізінде, оны EN және NFPA өңірлік стандарттарының жекелеген ережелері негізінде әзірленген). Оларды қолдану мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеден басталады деп белгіленген.

Бағдарламаға сәйкес әзірленген жекелеген мемлекетаралық стандарттардың ережелерін мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігі көзделген.

 

Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды тізбеге кірістірілген стандарттарға аккредиттеуді қамтамасыз ету мақсатында стандарттар тізбесі ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді деп айқындалған.