News

25.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 17:55)

Антониу Гутерриш ЕЭК-ті жалпы күн тәртібін іске асыру үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің атына жолдаған хатта осы жайында айтылған, бұл хат ЕЭК Алқасы Төрағасының оны БҰҰ Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтауына жауап ретінде келген.

БҰҰ Бас хатшысы әлем елдері өздерінің ең үлкен проблемаларын біріккенде ғана шеше алады деп сенім білдірді.

«COVID-19 пандемиясы - бұл біздің ортақ осалдығымыздың және сенім мен үмітті қалпына келтіру үшін көп жақты іс-қимыл жасау қажеттігінің соңғы мысалы. Мен жаһандық қатерлерді жою, келіспеушіліктерді, теңсіздіктерді еңсеру және планетамызды сауықтыру үшін көп нәрсе жасай алатынымызға және жасауымыз керек екеніне сенімдімін», — делінген хатта.

Антониу Гутерриш ЕЭК Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайтуға, бейбітшілікті бекемдеу жөніндегі ортақ күш-жігерді, орнықты дамуды және адам құқығының сақталуын қамтамасыз етуге белсене қатысады және үлес қосады деп санайтынын атап өтті.

«Өз тарапыңыздан Сіз мені алдағы уақытта да Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген міндеттерін қатаң сақтай отырып, бүкіл адамзатқа қызмет ете береді деп санауыңызға болады. Сеніміңіз үшін тағы да ризашылығымды білдіремін. Адамзаттың және біздің планетамыздың игілігіне арналған ортақ күн тәртібін іске асыру үшін күш-жігерімізді біріктіре берейік», — делінген хатта.