News

07.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 17:42)

2021 жылғы қазанда ЕАЭО-дағы жұмыссыздық 70% дерлік қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны ағымдағы жылдың қазан айының соңындағы жай-күй бойынша 1,17 млн адам болды және өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 69,6% қысқарды. Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күшінің жалпы санының 1,3%-ын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,1% құрады.

Неғұрлым толығырақ ақпарат Статистика департаментінің бетіндегі жедеғабыл-ақпаратта берілген.