Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 9 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аграөнеркәсіптік кешендерін дамытудың орташа мерзімге (2021-2025 жылдар) және ұзақ мерзімге ((2021-2030 жылдар) арналған даму болжамдары мақұлданды.
Есептеулерге сәйкес, COVID-19 коронавирус пандемиясы тудырған әлемдік дағдарысқа қарамастан, тұтастай Одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін арттыру болжануда. 2025 жылы, 2019 жылмен салыстырғанда, сала өндірісі ақшалай өрнектегенде 17%, ал 2030 жылы — 31% құрайды. 2030 жылы өзара сауда 2019 жылғы деңгейіне қарағанда 24%, сыртқы сауда — 15% өседі. Одақтың сыртқы саудасын өсіру экспорттың күтіліп отырған 35,5 млрд долл. дейінгі 42% өсуіне негізделген, сол себепті 7,1 млрд долл. мөлшерінде сыртқы сауданың оң сальдосы болжанады.
«Одақтың орташа мерзімді және ұзақ мерзімді аграрлық нарығы ішкі және сыртқы факторлардың теріс салдарын азайту үшін ЕАЭО елдерінің үкіметтері мен бизнесінің назарын аударуға тұратын белгілі бір үрдістерді анықтауға, ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықтылығын арттыру жөнінде пәрменді ұсныстар тұжырымдауға және ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ біздің елдеріміздің АӨК-інің экспорттық бағдарлануына мүмкіндік береді. Болжамдардың жылдар бойынша серпінді қатары Одақтың интеграцияланған жүйесінің АӨК кішіжүйесінде көрсетілетін болады», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Мақұлданған болжамдар ЕАЭО мемлекеттерінің бұрын қабылданған әдіснамаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, тері-былғары шикізаты, жүн, зығыр және мақта талшығы бойынша сұраныс пен ұсыныстың болжамдық теңгерімін әзірлеу кезінде пайдалануға ұсынылды.