Font size: A A A
Site colors: C C C
Standard web site version
Выберите язык
01.07.2021

Максат Мамытканов ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі болып тағайындалды

Максат Мамытканов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік ынтымақтастық мәселелері кіреді.
Максат Мамытканов Комиссиядағы бұл қызметінде Олег Панкратовты ауыстырды.

Максат Мамытканов 2020 - 2021 жылдары Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі лауазымында болды.