News

27.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 11:17)

2021 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемі 32,7% өсті

http://www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/tradestat/Pages/default.aspx2021 жылғы қаңтар-тамызда тауарлардың сыртқы сауда көлемі 522 млрд АҚШ долларын, соның ішінде экспорт – 319,7 млрд АҚШ долларын, импорт – 202,3 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспорт 38,5%, импорт 24,5% артты.

2021 жылғы қаңтар-тамызда 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда тауарлардың ЕАЭО-дан тыс елдерге экспорттық жеткізілімі Беларусьтан 50,1%, Ресейден 42,4%, Армениядан 18,5%, Қазақстаннан 13,4% артты.

 

Беларусь бойынша 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы 1,1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы сауда тапшылығы 2,5 млрд АҚШ доллары сомасындағы баршылыққа ауысты.

 

ЕАЭО-дан экспортталатын тауарлардың негізгі сатып алушылары Еуропалық одақ елдері болып табылады (олардың үлесі экспорттық жеткізілімдердің 41,8%-ын құрады). Елдер арасынан - Қытай мен Германия көшбасында.

 

ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері бойынша сыртқы саудасы туралы, сыртқы сауда көлемінің серпіні және ЕАЭО-дан тыс елдермен экспорттың және импорттың тауар құрылымы туралы неғұрлым толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Тауарлардың сыртқы және өзара саудасының статистикасы» бөліміндегі талдамалы шолуда берілген.