News

19.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:26)

Қазақстанда шығарылатын сериялық өнімнің шыққан жері туралы сертификаттарды қолдану үшін тауарлар тізбесі кеңейтілді

Еуразиялық үкіметаралық кеңес сериялық өнімнің шыққан жері туралы сертификаттар жүйесін оларға қатысты қолдану мүмкін болатын тауарлар номенклатурасын кеңейту жөнінде Қазақстан Республикасының бастамасын қолдады. Атап айтқанда, тізбе ет, сүт және көкөніс өнімінің кейбір түрлерімен толықтырылды.

«Шара елдің ДСҰ-дағы міндеттемелеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың қалған елдерімен айналыстың айрықша шарттары қолданылатын тауарлармен өзара саудасын оңайлату үшін қажет», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назарук.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес бұған қоса Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері арасындағы тауарлардың осы санатындағы өзара саудада тауарлардың ілеспе құжаттарының қағаз версияларын пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік беретін есепке алудың электрондық жүйесін құру жұмысын тездетуді тапсырды.