News

12.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 11:57)

ЕАЭО-да электрондық көрсетілетін қызметтерге ҚҚС көрсетілетін қызметтерді тұтыну орны бойынша төленетін болады

ЕЭК Кеңесі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын мақұлдады. Өзгерістер Одақ құқығында «электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер» терминін және осындай көрсетілетін қызметтер кезінде ҚҚС төлеу тәсілдерін беркітеді. 

Ұлтүсті механизмі көрсетілетін қызметтерді тұтыну орны бойынша электрондық көрсетілетін қызметтерге арналған ҚҚС-ты салықтық есепке алу мен төлеудің оңайлатылған механизмін көздейді. Ол сондай-ақ салық органының ақпараттық ресурсында салық декларациясының оңайлатып берілуін және ҚҚС-ты салық төлеушінің жеке өзінің де, сол сияқты есептесулерге қатысатын делдалдың да төлеу мүмкіндігін көздейді.

«Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге қатысты ҚҚС алудың ұсынылып отырған тәртібі Одақтың ішінде де, сол сияқты ҚҚС төлеудің ашық әрі дәл механизмі бар үшінші елдермен де салық салудың тең жағдайларын жасайды, салық әкімшілігін жүргізуді оңайлатады, сондай-ақ электрондық көрсетілетін қызметтерді іске асыру саласында бизнес жүргізуді жеңілдетеді», — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
  

Хаттама жобасы ЕАЭО мемлекеттерінің сарапшыларымен бірлесіп, Комиссияның бастамасы бойынша әзірленді. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң мүше мемлекеттердің басшылары құжатқа қол қояды деп күтілуде.