«Жұмыс тобын құру ЕАЭО-да цифрлық трансформация бойынша келісілген шешімдер мен тәсілдемелер тұжырымдау үшін маңызды әрі қажетті құрал болып табылады. Сөз ең бастысы – Деректер айналымы туралы келісім жайында болып отыр. Жұмыс тобы Одақ шеңберінде деректерді тиімді алмасу үшін бірыңғай қағидаттарды неғұрлым жедел әзірлеуге және қабылдауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, АКТ жөніндегі министрі Гегам Варданян.
Деректер айналымы туралы келісімнен бөлек, ЖДЖТ міндеті – цифрлық күн тәртібінің, экономика салаларының цифрлық трансформациясының, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күші нарықтарының басымдықты бағыттарын іске асыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөнінде тәсілдемелер тұжырымдау болады.
Жұмыс тобын ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, АКТ жөніндегі министрі Гегам Варданян басқарады. ЖДЖТ құрамына ЕАЭО мемлекеттерінің экономика саласының цифрлық трансформациясы жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдарының басшылары немесе басшыларының орынбасарлары кіреді.
ЖДЖТ жанында сарапшылық кіші топтар құру жоспарлануда, оған Одақ елдерінің мүдделі мемлекеттік билік органдарының өкілдері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері кіретін болады.
Жұмыс тобының алғашқы талқылайтын мәселесі – ЕАЭО шеңберіндегі деректер айналымының жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы келісім жобасы болады.
Анықтама:
Цифрлық трансформация мәселелері бойынша бейінді ведомстволар басшылары деңгейінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құру туралы бастаманы ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян ұсынды. Ол Қазақстанда «Digital Almaty 2021» цифрлық форумы шеңберінде «ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі стратегияларындағы цифрлық күн тәртібі» панельдік сессиясында айтылды. Одақ елдерінің бейінді ведомстволарының өкілдері бастаманы қолдады және ЕАЭО шеңберінде деректер алмасу саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді.