News

30.08.2021

ЕАЭО-да экспортталатын темекі мен алкогольге қатысты кедендік транзит рәсімі қолданылатын болады

Бұл жаңа енгізілім темекі өніміне қатысты 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап, ал алкогольдік өнімге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын болады. Оның қолданылу мерзімі - тауарларды тасымалдауды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану мәселелері бойынша ЕАЭО шеңберінде халықаралық шартқа сәйкес бұл тауарлардың тасымалын қадағалап отыру басталған күнге дейін.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы «Экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 және 2208 тауар позицияларындағы тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану туралы» № 63 шешіміне сәйкес (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 98 шешімінің редакциясында) ЕАЭО-да экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған Одақтың темекі және алкоголь өніміне қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану міндеттілігі белгіленеді.

Шешімде көзделген жаңартпашылық тауарлардың осы санаттарын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан кету орындарына дейін транзиттік тасымалдау процесін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және ЕАЭО мемлекеттері үшін экономикалық салдармен кедендік заңнаманы бұзу тәуекелдерін көтеретін қылмыстық схемалардың жолын кесуге мүмкіндік береді.