ЕЭК-тің монополияға қарсы блогы тапталған болат білікшелерге, мырышталған прокатқа, ыстықтай тапталған болат прокаттарға қатысты баға мониторингінің нәтижелерін ұсынды.
Зерттеулердің нәтижесінде Комиссия бұл нарықтардағы тұрақсыздықты, сондай-ақ кейбір тауар топтарын тұтыну көлемінің қысқаруын анықтады.
ЕЭК баға мониторингін бұл тауарлық нарықтарға демпингке қарсы шара қолданылуына байланысты жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты – нарықтарды тапшылықтың және тауар бағасының негізсіз өсуінің туындау мүмкіндігіне орай зерттеу.
Алқа шешімімен көрсетілген нарықтардағы баға мониторингі жалғастырылатын болады. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша алынған нәтижелер туралы ЕЭК-тің монополияға қарсы блогы Алқаны 2021 жылдың екінші жарты жылдығында хабардар етеді.