1964 жылы 9 желтоқсанда Украинаның Житомир облысындағы Коростышев қаласында туған.
1986 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын «экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
1986–1993 жылдары – К.А. Тимирязев атындағы академияның экономикалық кибернетика кафедрасының аға лаборанты, шаруашылық механизмін жетілдіру зертханасының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері.
1993–1998 жылдары – РФ Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік комитетінің бас маманы, халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы.
1998 жылғы сәуірден шілдеге дейін – РФ Мемлекеттік жер комитетінің жылжымалы мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің бастығы, 1998 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – РФ Жер саясаты, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің ақпараттық-талдау басқармасының бастығы.
1998–1999 жылдары – РФ Мемлекеттік жер комитетінің ақпараттық-талдау басқармасының бастығы, 1999 - 2000 жылдары РФ Мемлекеттік жер саясаты комитетінің ақпараттық-талдау басқармасының бастығы.
2000 жылғы тамызда Ресей Федералдық жер кадастры қызметі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2004 жылғы сәуірден бастап – Федералдық жылжымалы мүлік кадастры агенттігі басшысының орынбасары міндетін атқарушы, 2004 жылғы шілдеден бастап – Федералдық жылжымалы мүлік объектілері кадастры агенттігі басшысының орынбасары.
2007–2008 жылдары – Федералдық айрықша экономикалық аймақтарды басқару агенттігі басшысының орынбасары.
2008–2010 жылдары «Ю-Эф-Джи Эссет Менеджмент» инвестициялық компаниялар тобында басшылық қызметтерде болды.
2010 жылы – Федералдық салық қызметі басшысының кеңесшісі.
2011 жылдан бастап – Федералдық салық қызметі басшысының орынбасары.
2020 жылғы 21 қаңтарда Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.