Перейти на старую версию сайта

Жаңалықтар

24 2021 ЕАЭО цифрлық нарықтарды реттеудің жаңа әдістерін игереді – ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да бизнес жұмысының жағдайын тұрақты түрде жақсартып отырады және оның бағыттарының бірі монополияға қарсы реттеу механизмдерін жетілдіру болып табылады. 18 ақпандағы Монополияға қарсы форум барысында ЕЭК ұсынғандай, Еуразиялық одаққа монополияға қарсы комплаенс үшін жаңа тәсілдемелер қажет, өйткені қазіргі бар нормалар бірыңғай стандарттарға келтірілмеген. Мәселе соның ішінде цифрлық нарықтарға да қатысты, оларды дамыту пандемияның және оған ілеспе шектеулердің ықпалымен жанданды. ЕЭК қазір бәсекелестікті қорғау бойынша қандай шараларды пайдалануда, ол туралы «Еуразия.Экспертке» берген сұхбатында Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Арман Шаққалиев әңгімелеп берді.
14 2016 ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның ЕАДБ конференциясында сөйлеген, «Ведомости» газетінде «Толық интеграцияланбауды еңсеру» атты жарияланған сөзінің тезистері Мен, Еуразиялық кеңістікте әлі іске қосылмаған экономикалық өсудің орасан зор әлеуеті бар деп санаймын. Мен бүгінде құрылған ұлтүсті институты біздің елдеріміздегі экономикалық өсуді мықты ынталандыра алатын негізгі құрал деп ойлаймын. Себебі, біздің негізгі миссиямыз бойынша біз елдерде жинақталған үздік практикаларды қорытуға және халықаралық тәжірибені, Еуропалық одақ тәжірибесін ескере отырып, елдерімізде экономикалық өсуді ынталандыруы тиіс жаңа ұлтүсті институттарын енгізуге тиіспіз. Біздің Одақ шартының негізіндегі аксиоматика мынаны білдіреді: егер біз бірыңғай экономикалық кеңістік құрсақ, тосқауылдар мен шектеулерді, алып қоюларды жойсақ, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына жағдай жасасақ, онда осының өзі экономикалық өсу үшін өте елеулі әлеует қамтиды
18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
Тағы да көрсету