Жаңалықтар

18.11.2016

ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​ 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді. — Қазір Ресейде трансшекаралық сауданы реттеу және шетелдік интернет сатушылардан ҚҚС алу туралы мәселе жіті талқыланып жатыр. ЕурАзЭО кеңістігінде ҚҚС-ты алудың біріздендірілген жүйесін енгізуге бола ма және мұны қалай іске асыру керек? — Бізде одақ туралы шартқа қосымша бар, ол ҚҚС алуды реттейді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аумағында оның қатысушылары арасында ҚҚС-ты алудың бірыңғай тәсілдемелері айқындалған. Егер, шетелдік интернет-платформалар туралы айтсақ, онда әрбір мемлекет олармен өзара қарым-қатынастарды қалай реттейтіні туралы дербес шешім қабылдайды. Ресей бұл бағыт бойынша мейлінше ілгері тұр – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-контентпен (Google-ге салық салу деп аталатын) сауда жасайтын компанияларға ҚҚС салу туралы заң күшіне енеді, бұл үшін оңайлатылған цифрлық тетіктер жасалды. Басқа елдерде бұл мәселелер енді ғана талқыланып жатыр. Интернет саудада басқалармен салыстырғанда әзірге Беларусь көш ілгері. Бірақ біз интернет сатушылардың салық салу мәселелеріне терең үңілсек, егер Ресей қағидаларды қатайтса шетелдік дүкендерге елге Еуразиялық одақтың реттеу мәселесі мейлінше пайдалы болатын басқа мемлекеттері, мысалы Қазақстан немесе Қырғызстан арқылы кіру мүмкіндігі болатынын түсінеміз. Сондықтан біз міндетті түрде тәсілдемелерді үндестіріп, реттеудегі сәйкессіздік нарыққа қатысушылар үшін және бұл жағдайда шетелдіктермен салыстырғанда тең емес жағдайда болатын біздің онлайн сатушыларымыз үшін проблема туындататын мұндай «саңылауларды» жоюымыз керек. — Еуразиялық одақ елдерінің пошталары ҚҚС алудың әкімшілері бола ала ма? — Менің ойымша, цифрлық кеңістікте сатушылар құзыретінде болатын мемлекетпен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Бұл мәселе Еуроодақта шешілген: онда есепке алудың тиісті тетіктері және не нәрсе шетелдік сатып алу болып табылатыны және ҚҚС төленуі-төленбеуі жөнінде анықтама бар. Сондықтан бірыңғай заңнаманы қалыптастыру кезінде сауда субъектілері салық органдарына қашықтан тікелей тіркеліп, есеп-қисап тапсыратын және салықтар төлей алатын цифрлық тетіктер жасау қажет. Егер жеке тұлғалар туралы айтсақ (мысалы, сіз Alibaba арқылы тауарға тапсырыс бересіз және оны пошта арқылы аласыз), онда, әлбетте пошта жанама ішкі салықтарды жинау агенті бола алады. Азаматтарға да жеңіл болады – олар кеден және салық органдарына барып жүрмейді. Оңайлату үшін пошта негізінде осындай бірыңғай терезе жасалса тіптен дұрыс болар еді. Айтқандай, Арменияда бұл мәселе бойынша бірінші қадам жасалды. — Ресейдің Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Николай Никифоров Еуразиялық одақтан келетін бағдарламалық қамтылым, егер Ресей үшін Одақ елдерінде ұқсас жағдайлар қамтамасыз етілгенде ғана олар ресейлік софт тізіліміне ене алатынын айтқан болатын. Ресей софты қандай преференцияларға есеп жасай алады? — Шындығында, біз Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін қандай да бір преференциялар туралы айтып отырған жоқпыз. Біз ЕАЭО туралы шартта шаруашылық субъектілеріне мемлекеттік сатып алу бойынша ұлттық режим беріледі деп көрсетілген дегіміз келеді. Бұл басқа елдердің БҚ ресейлік софт үшін берілетін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс екенін білдіреді. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе – иә, біздің шартымыз бойынша ел кейбір тауарлардың немесе қызметтердің түрлері бойынша ұлттық режимнен алып қоюды пайдалана алады. Бірақ, бұл үшін Еуразиялық экономикалық одақта тиісті рәсім де бар, оны Ресей тарапы сақтаған жоқ. Сондықтан Еуразиялық одақ елдерінен ресейлік нарыққа келетін бағдарламалық қамтылым үшін қандай да бір тосқауыл туралы мәселе туындайды. Ресейдің мемлекеттік сатып алуына қатысу үшін Еуразиялық одақ елдері арқылы шетелдік софттың енуімен байланысты қатерлер бар екені басқа әңгіме. Бірақ, бұл қатерлерді бақылауға болады, бұл үшін бірлесіп күш сала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысы бойынша барлық еркіндікті кедергісіз іске асыруға мүмкіндік беретін реттеуші нормаларды енгізу қажет. Мен Ресей үкіметі ресейлік софтты дамытуды ынталандыру үшін кейбір шараларды қабылдап жатқанын түсінемін. Бірақ біздің ұстанымымыз цифрлық күн тәртібінің барлық мәселелерін шешуді бірлесіп күш салу арқылы шешу және ЕАЭО-да реттеудің ортақ тәсілдемелері бар цифрлық кеңістікті құру қажеттігін түсінуге тиіс екендігімізді білдіреді. Сонда ғана біз ұзақ мерзімді келешекте цифрлық егемендікті сақтай отырып, одақты және бәсекеге қабілеттілікті дамыта аламыз. Преференцияларға келетін болсақ, менің білуімше, басқа елдерде мемлекеттік сатып алуға ресейлік софтының қатысуы үшін ешқандай шектеулер жоқ. Жалпы алғанда ЕАЭО-ның бағдарламалық қамтылымының бірыңғай тізілімін жасау мүмкіндігін қарау ойда бар. Бұл тіптен тиімді бола түсер еді. — Никифоров Ресей БҚ түріндегі Еуразиялық экономикалық одақтан келетін шетелдік софтыны өз тізіліміне енгізуге жол бермейтіні туралы да айтқан еді. Сіздің ойыңызша, мұндай проблема бар ма? — Меніңше, мұндай проблема жоқ, өйткені бұл нарық жеткілікті түрде ашық және біздің елдерімізде мұндай софт қайда шығарылғанын анықтайтын сарапшылар да жеткілікті. Осыған байланысты зияткерлік меншік туралы мәселе де туындайды. Еуразиялық одақ елдерінде қандай да бір өнімге зияткерлік меншігін беру Еуразиялық софтының болуын білдіреді. Біз, керісінше зияткерлік құқықтарының берілуін ынталандыруға тиіспіз. Біз пайдалану құқықтары туралы емес, бағдарламалық қамтылымға арналған меншік құқықтары туралы айтып отырмыз. Сондықтан, менің ойымша мұндай қатерлер де бар. Бұл тұста, сірә ашық қатынастар құру туралы мәселе көтеріліп отыр және Ресей дәл осы жолмен жүріп келеді. — 2017 жылы Ресейде заттар интернетін реттеу (тұтыну заттары да, өнеркәсіптік заттар да) пайда болуы мүмкін. Оны ЕурАзЭО-да енгізу үшін қандай ерекшеліктер ескерілуі тиіс? — Біз үшін заттар интернетін реттеу де цифрлық экономикаға қатысты кез келген басқа саланы реттеу сияқты маңызды, сондықтан жаһандық тұрғыдан алғанда басым бөлігін заттар интернеті құрайтын цифрлық экономика үлесі үнемі ұлғайып келеді. Кейбір бағалаулар бойынша, 2025 жылға қарай цифрлық экономиканың жалпы жаһандық экономикадағы үлесі шамамен 40%-ды құрамақ. Әлемде ақпарат іс жүзінде ең құнды ресурс болып отыр. Сондықтан, егер біз бірыңғай цифрлық кеңістік құру жолымен жүретін болсақ, бұл бойынша заңнаманың қажет екенін түсінуге тиіспіз. Тиісінше заттар интернетін реттеуді барлық бес елде еске асыруымыз керек. Заттар интернеті тиісті стандарттарды енгізуді, сапалы үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуді талап етеді, алайда деректерді жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін платформалар бәрібір негізгі элемент болып табылады. Олар таяу жылдары қосылған құн жинақталатын негізгі цифрлық актив болмақ. Бірақ, егер біз әркелкі заңнама жасайтын болсақ біз салаларды цифрлық түрлендіру жөніндегі мақсаттарды іске асыра алмаймыз. ЕАЭО-да бірлескен энергетикалық нарық, көлік, қаржы нарықтары құрылады – бұлардың бәрі заттар интернетін қолдану салалары. Егер біз тиісті заңнаманы жеке жасап, содан соң үйлестірілген саясат туралы айтатын болсақ, онда, әлбетте кем дегенде бұл мәселелердің тоғыспауы туындайды. — Сіздің ойыңызша еуразиялық одақ шеңберінде заттар интернеті саласын бақылау үшін арнайы орган құру қажет пе? — Менің ойымша, әлем ашықтыққа ұмтылуда. Қосымша бюрократияны және бизнесті жүргізуге жаңа қиындықтар туындататын қосымша реттеу органын құру қажеттілігін болдырмас үшін транспарентті қағидалар белгілеу керек. Ал елдерімізде цифрлық трансформация процесін ешқандай түрде тежемес үшін цифрда smart-реттеу, мейлінше жеңіл, серпінді реттеу болуы тиіс. — Еуразиялық экономикалық одақтың барша кеңістігінде «Яровая пакетін» іске асыру тәжірибесі тарала ма? — «Яровая пакеті» дегеніміз не? «Яровая пакетінің» терроризмге қарсы бағыттылығы бар, ал Еуразиялық одақ – бұл экономикалық одақ. Әлбетте, біз одақ шеңберінде ұлттық қауіпсіздік мәселелерін талқылаймыз. Әрбір ел өз нормаларын дербес айқындайды немесе кибер қауіпсіздік мәселелері талқыланатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде шешіледі. Алайда, осы жоба шеңберінде деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану туралы аса маңызды тақырып көтерілді. Ресей Федерациясының аумағында деректерді сақтау жөнінде негізгі мәселе айтылды. Деректерді сақтау , құрылымдау, Еуразиялық одақта қалай, қайда жұмыс істеу қауіпсіз екендігі туралы нормативтік-анықтамалық ақпарат жөніндегі тақырыптарды біз еуразиялық кеңістікте міндетті түрде бірлесіп талқылайтын боламыз. Өйткені, деректермен алмасуды, оларды сақтауды және беруді реттемейтін болсақ, онда цифрлық трансформация бойынша өз мақсатымызға қол жеткізе алмаймыз. — ЕурАзЭО шеңберінде бірыңғай электрондық үкімет жүйесі ұйымдастырыла ма? — Біздің мұндай міндетіміз жоқ. Негізгі мәселе елдеріміздің электрондық үкіметтерінің өзара іс-қимылының жіксіз жүйесін құру. Біз мемлекеттік органдардың өзара деректермен кедергісіз алмасуы және қажет болған кезде ортақ дерекқор құруы үшін интеграцияланған ақпараттық жүйе, деректер форматын сипаттаудың бірыңғай стандарттарын құратын боламыз. Зияткерлік меншік бойынша, мысалы ортақ тізілім құруға қол жеткіздік. Екінші мәселе — бұл мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну және мемлекеттік органдардың деректермен кедергісіз алмасуы. Трансшекаралық қызметтер көрсету, мысалы, бірыңғай дәрі-дәрмек нарығы туралы мәселе көтерілетін тұста біз G2B (бизнес мемлекетіне) қызметтер көрсетуді ұсынуға ортақ тәсілдемелер құруға ұмтылатын боламыз. Бизнес үшін қазақстандық, қырғыз, армян, белорус немесе ресейлік терезе арқылы алуы маңызды болмайды, ол бұл бизнеске кіріп, рұқсат алатын болады. Мемлекеттік органдар ақпаратпен өзара алмасады және тұтас нарыққа бір терезе арқылы рұқсат алады. Біздің мақсатымыз осы. Трансшекаралық мемлекетүсті қызмет көрсетулері бар жерлер тұрғысынан ресурстарды біріктіруге және кедергісіз және бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын интеграцияланған жүйе құруға ұмтылатын боламыз. — Бұл қашан іске асады? — Біз интеграцияланған жүйені үш жыл бойы жасап жатырмыз және таяу уақытта көптеген мәселелер жұмыс бабында пайдалануға беріледі деп сенеміз. Бұл үшін комиссияның арнайы бөлінген бюджеті бар, департамент құрылды әрі жұмыс аса қарқынды жүруде. — ЕурАзЭО елдерінде тұратын ІТ саласындағы мамандармен алмасу және оларды жұмысқа орналастыру бағдарламасын дамыту бойынша қандай да бір жоспарлар бар ма? — Бізде жұмыс күшінің еркін нарығы бар және азаматтарымыз одақтың әртүрлі елдерінде жұмысқа еркін орналаса алады. Бұл тұста, сірә қашықтатылған жұмыс орындары жүйесін құру мәселесі өзекті болмақ. Таяуда конференциялардың бірінде фрилансерлер мәселесі талқыланды – болжам бойынша таяудағы бес жылда еңбек нарығының 40 %-ы фрилансте болмақ. Міне, осы мәселені шешу керек. Бұл ретте елдеріміздің шағын және орта бизнесінің ортақ нарығымызға цифрлау көмегімен қол жеткізуін қамтамасыз ету біз үшін басты мәселе. Шағын компаниялар үшін ең үлкен әлеует – үйден шықпай-ақ «цифр» арқылы өңірлік және жаһандық нарыққа шығу. Оларға жаһандық нарықтарға шығудың дәйектілігін міндетті түрде үйретіп, көрсету қажет. — ЕурАзЭО азаматтары ІТ бойынша мамандарды даярлаудың арнайы бағдарламалары бола ма? — Біздің жұмыс топтарымыз университеттермен өзара іс-қимыл жасайды және цифрлық экономика кафедрасын құру қажеттігі туралы мәселе көтеруде. Күш-жігерді бірлестіру, институттар арасында инновациялық технологиялар саласындағы бағдарламалармен, студенттермен, біліммен алмасу бойынша желі құру және Еуразиялық одақтың күллі кеңістігінде ақпараттық технологияларды дамыту үшін экоорта құру қажет. Өкінішке орай, білім беру Еуразиялық экономикалық комиссия мен одақтың құзыретінде емес. Бірақ, институттар елдердің құзыреті әртүрлі екенін, егер біз оларды біріктірсек синергиялық әсер алатынымызды түсіне отырып, өз-өздерін қайта ұйымдастыруда. Мысалы, Арменияда әзірленіп жатқандардың қандай да бір басқа елдерде жинақтала қоймағанын байқауға болады.    Таяуда болған форумда біз Израилдің ғылым, ғарыш және инновациялар министрін тыңдадық. Ол «іздегенге - сұраған» дегендей, Кеңес Одағынан бір жарым миллион мамандардың келіп Израильдің серпінді дамуын қамтамасы етті, деген еді. Ендігі біздің міндетіміз – білім алатын барлық мамандардың Еуразиялық экономикалық одақта өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін осындай жағдайлармен қамтамасыз ету. — Ал бұл қалай жүзеге асырылады? — Біз, әрине мұны қалай істеу керектігін талқылаймыз, бірыңғай цифрлық кеңістік құру стратегиясын қалыптастырамыз, идеяларымызды жеткізуге тырысамыз... Бірақ, менің жеке ұстанымым өте қарапайым: біз инновациялар саласында жұмыс істеуге ұмтылатын адамдарға жасампаз жағдайлар жасауымыз керек. Түсіндіре кетсем, егер Америкада сіз стартапты іске қоссаңыз, ол қолыңыздан келмей жатса, сізге ешкім де жолы болмайтын адам деп, енді жаңа бастамаға қаржы қаражатын ала алмайсың деп айтпайды. Қайта, келесі жобаны іске асырасың деп демеу болады. Біздің елдерімізде бұлай емес: егер сіз қаражат алып, жолыңыз болмаса, онда сізге мұндай мүмкіндіктер қайтадан берілмейді. Сондықтан біз эксперимент жасаушы мен инноватор үшін тәуекелі қымбатқа түспейтін жүйе жасауымыз керек. Тәуекел көтермеленуі тиіс! Біз сонда ғана жоғары білікті мамандар мен кәсіпкерлер жұмыс істеуге ниет білдіретін экоортаны құра аламыз. — Еуразиялық экономикалық одақтың ИБДҚ (Интернет бастамаларды дамыту қоры) немесе Ресей венчурлік компаниясы (РВК) сияқты, инвестицияларды интернет пен инновациялар саласындағы стартапқа біріктіретін бірыңғай қоры құрыла ма? — Бұл менің, жақсы көретін сұрағым. Бұл мәселені 2015 жылы зерделей бастадым. Біз өз тұжырымдамасыз шеңберінде инновацияларды дамыту үшін бірыңғай экоорта керектігін талқылаймыз. Бірақ, бұл экоорта, егер біз оған қаржы жүйесін қоспасақ, іске аспауы да мүмкін. Сондықтан тәуекелдік қаржыландырудың бірыңғай нарығын құру қажет, егер оны құра алсақ, онда Ресейдің венчурлік қорлары Беларусьтегі, Қазақстандағы және т.б. табысты немесе әлеуетті табысты жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін алады. Егер біз инновациялық жобалардың ішкі миграциясы үшін тиісті жағдайлар жасауды қаласақ, тәуекелдік қаржыландырудың бірыңғай нарығы қажет болады. Елдерімізде цифрлық нарықты және тәуекелдік қаржыландыру нарығын реттегіштер алуан түрлі. Менің көзқарасым бойынша бірыңғай қаржы нарығын құруды тәуекелдік қаржыландыру нарығын құрудан бастаған жөн. Бұл краудфандингтік, краудинвестингтік компаниялар сияқты жаңа қаржы институттары, экономиканың жаңа секторына қызмет көрсететін жаңа қаржылық институттар үшін ортақ реттеу инновацияларына қолдау көрсетуге жағдай жасамақ. Қаржы нарығы технологияларға енеді және нақ осы қаржылық технологиялық нарықта бірден бірыңғай қағидалар мен шарттарды жасау барынша тиімді.