Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қалған елдерімен бірлесіп, көлік саласында Қытайдың қоса қаржыландыруына үміткер 40-тан астам бірлескен жоба ұсынды. Олар Қытай, Еуразиялық одақ және ЕО арасында және Еуразияның (Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс – Батыс және Солтүстік теңіз жолы) негізгі көлік дәліздерін толықтыратын жанама бағыттар бойынша тұтастай логистиканы жолға қоюға тиіс.
Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қалған
елдерімен бірлесіп, көлік саласында Қытайдың қоса қаржыландыруына үміткер
40-тан астам бірлескен жоба ұсынды.
Олар Қытай, Еуразиялық одақ және ЕО
арасында және Еуразияның (Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік,
Шығыс – Батыс және Солтүстік теңіз жолы) негізгі көлік дәліздерін толықтыратын
жанама бағыттар бойынша тұтастай логистиканы жолға қоюға тиіс.
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика
және инфрақұрылым министрі Адамкул
Жунусов «Российская газета» басылымына жобаның егжей-тегжейлі мәселелері, сондай-ақ оның
қатысушылар экономикасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.
Ресей мен Қытай ұштасу туралы 2015
жылғы мамырда уағдаласты, бірақ тараптар Қытайдың Азиядағы Еуропаға бастайтын
транзиті үшін қуатты инфрақұрылым құру ойымен тоғысатын мәселені айқындау
үстінде болды. Ресей үшін бұл тұста – Қытайдың Еуроодаққа теңіз арқылы бара
жатқан сауда ағындарының бір бөлігін өз аумағына қайта бағыттау және сонымен
бірге Қытай ақшасын өз жолдарына және көлік тораптарына тарты, осының есебінен
жаңа жұмыс орындарын ашу ең басты мәселе.
7 желтоқсанда жобалар тізбесін ЕАЭО
елдерінің көлік министрлері талқылайды, бұл блок Еуразиялық интеграция мен Қытайдың
Жібек жолы Экономикалық белдеуін ұштастыру аясында ЕЭК-тің Қытаймен келіссөздерінің күн тәртібіне
кіреді. Бұл жобалар бойынша министр «бестік» елдерінің өзара келісіп Қытаймен
келіссөздер жүргізу негіздемесі бар,- деді.
- Адамкул Орокеевич, Жібек жолы –
жақсы образ әрине, ал одан біз үшін қашан нақты олжа түседі? Яғни, көлік
саласы, инфрақұрылым түрінде.
- Жалпы, ЕАЭО елдерінің көпжақты форматтағы
мүмкіндіктеріне (Қытаймен ынтымақтастық – Ред. ескертуі) шүбәмен қараған барша
күмәншыл сарапшылардың көңілін қалдырғым келеді. Мүдде тым жоғары болды. Қазір 40-тас астам
ұсыныс жиналып отыр. Бұл жаңа жолдарды салу және қазіргі жолдарды жаңғырту,
көліктік-логистикалық орталықтар құру, негізгі көлік тораптарын дамыту және т.б.
Бұл тұста ресми Бейжің әркез
экономикалық орындылыққа сүйенетінін түсіну керек және осы орайда оған дамудан
түсетін пайданы Еуразиялық интеграция тұрғысынан дұрыс тұжырымдаудың маңызы
зор. Қазірдің өзінде бұл экономиканың
барлық дерлік салаларында әрекеттің бірыңғай қағидалары қалыптасқан және 180
миллионнан астам халқы бар нарық. Яғни, халық тығыз орналасқан Еуропаның
шамамен төрттен біріндей. Сондықтан ұштасу жобасының перспективалары туралы
айтқанда ЕАЭО-ның таза транзиттік мүмкіндіктерін қарастырып қою
жеткіліксіз.
Екінші жағынан,
инфрақұрылымдарды жаңғыртудың және
оларды салудың бірқатар өзіндік жақсы жақтары бар. Әрине, бұл жұмыс орындары.
Оған қоса, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру ұлттық экономиканы дамытудың
қозғаушы күші болуы мүмкін. Себебі инфрақұрылым өз мәні бойынша макро және
микро деңгейлерде әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін салалар жиынтығы екені белгілі.
- Бұл жобалардың пысықталу тереңдігі
қандай?
- Әртүрлі. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде іске
асырылып жатыр, екінші біреулері осыған таяу, ал үшіншілері қағаз жүзінде ғана
бар.
- Мысалы?
- Иран
– Армения Оңтүстік теміржолы. Армения өзінің күрделі географиялық жағдайына
орай Иранмен қарым-қатынасты дамытуға аса мүдделі. Бұл Одақтың Иранмен еркін
сауда аумағы туралы келісім жасасуға арналған бағытына сәйкес келеді. Жоба іске
асырылғаннан кейін бұл жол Иран арқылы Қазақстанға, Қытайға және одан әрі шыға
алады. Иран мен Парсы шығанағының басқа да елдері арасындағы тікелей теміржол
байланысы ғана емес, бұл елдердің Жібек жолының басқа да мемлекеттерімен құрлық
арқылы тасымалдар жасау мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі шынайы бола
түседі.
- Ал Ресейден Мәскеу – Қазан жоғары
жылдамдықты магистралы ше?
- Ол да бар. Оған қоса «Еуропа – Батыс Қытай»
халықаралық көліктік бағыт шеңберінде Петербургтен Қазақстан шекарасына дейінгі
жол және бар. Өзіңізге белгілі, бұл Ресей, Қазақстан және Қытай аумағын
қамтитын өте ірі инвестициялық жоба. Ол жылдамдығы жоғары жаңа автожолдарды
салуды және қазіргі жолдарды ауқымды реконструкциялауды бағамдайды.
Сондай-ақ
Байкал-Амур мен Транссібір теміржол магистралының өткізу және тасымал қабілетін
дамыту мәселесі де кезекте тұр. Транссібірді дамытуға Ресей ғана емес,
Беларусь, Қазақстан мен Қытай да мүдделі. Транссібір жолы Қиыр Шығыстан ғана емес, Азия-Тынық мұхиты
өңірі елдерінен Еуропамен шектесетін өңірлерге тауарларды жеткізуде маңызды рөл
атқарады. Транссібір арқылы Қытайдан Германияға транзиттеу уақыт бойынша теңіз
жолымен салыстырғанда шамамен 20 күнге аз уақытты қамтиды. Екі жоба да
халықаралық, ең алдымен контейнерлік жүк тасымалдарының айтарлықтай өсуіне
ықпал ететін болады.
Ресей келіссөз шеңберінде «Бірлескен
көліктік-логистикалық компанияны» да енгізуді ұсынады. Шындығында БКЛК тек Ресейдің
жобасы емес, компанияны Ресей, Беларусь және Қазақстан теміржол әкімшіліктері
Қытай - Оңтүстік-Шығыс Азия – ЕО және кері бағыттағы қатынастар транзиттік
контейнерлік сервистердің операторы ретінде құрған болатын. Бұл өзінше тұңғыш
және өзінше жалғыз, әрі табысты жоба, бірақ одақ әрі дамытуды қажет етеді.
- Ал қалған елдер - Беларусь, Қазақстан,
Қырғызстан ше?
- Егер
Беларусь туралы айтсақ, бұл Берлин-Бейжің жобасын іске асыру шеңберінде Польша
шекарасынан Брест, Минск және Орша арқылы Ресейге дейін жоғары жылдамдықты
теміржол магистралы учаскесін салу.
Қазақстан ұсыныстары ішінде –
бірнеше автомобиль және теміржолдарды реконструкциялау, алты, оның ішінде
Павлодар мен Өскеменде, Қостанайда көліктік-логистикалық орталық салу мәселесі
бар. Логистикалық орталықтар Челябинск,
Екатеринбург және Омбы қалаларына шығатын Ресейдің Орал-Сібір өңірінің
нарықтарына бағдарланған. Өзіңіз көріп отырғандай, белгіленген жобалар ЕАЭО бойынша әріптес
елдер үшін қызықты, олар Ресей мен Қазақстанның шекара маңы облыстарының
дамуына күшті серпін бермек.
Қырғызстан Жібек жолымен ұштасу
шеңберінде үш көліктік-логистикалық орталық
құруды, теміржол салу бойынша бірнеше жобаларды қарауды ұсынады. Олардың
ішінде ең маңыздысы Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан теміржолы. Жоба Қырғыз
Республикасына бірыңғай ішкі теміржол желісін құруға және ЕАЭО елдерін өз
аумағы арқылы Қытаймен қосуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі Еуразияның құрлықтық
көпірінің жаңа оңтүстік дәлізін қалыптастырады. Әрине, мұндай жобаларды іске
асыру транзиттік тасымалдардың
халықаралық нарығында елдердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне оң әсер ететіні
түсінікті.
- Қытай тарапымен жобаларды талқылау
алдында олардың шорт-парақтары қалай қалыптастырылады, ЕЭК мандаты шеңберінде
қандай басымдықтар бар?
- Біз,
әзірге Қытаймен талқылау үшін «жол картасына» енгізілуі мүмкін басым жобалардың
тізбесін нақтылау мен келісу жұмысын жалғастырудамыз. Бүгінде тұтастай алғанда
тараптармен көлік және инфрақұрылым саласындағы жобалар ғана келісілді.
Егер іріктеу критерийлері жөнінде
айтсақ, біз кейбір пікірталастардан кейін «жол картасы жобалары үш негізгі параметрге
сай болуы тиіс деген қорытындыға келдік. Біріншіден, Одақ мемлекеттерінің
транзиттік әлеуетін кеңейту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталушылығы және ҚХР көлік жүйесімен
ұштасуы. Екіншіден, жобаның жекелеген бөліктерін қоса алғанда, қаржыландыруды
қажетсінуі. Ең бастысы, Одақтың екі және одан да көп мемлекеттерінің жобаға
мүдделілігі болуға тиіс.
Менің ойымша, біз көлік
ведомстволары басшыларының кеңесінде ұсыныстардың түпкі нұсқасын келісеміз және
тізбені ЕЭК сауда блогына – біздің қытайлық әріптестерімізбен басты келіссөз
жүргізуші Министр Вероника Никишинаға береміз.
- Мұның бәрі ЕАЭО көліктік
саясатының Негізгі бағыттарына қалай қатысты болады?
- Инфрақұрылымдық
жобалар тізбесі бойынша жүйелі жұмыс ЕЭК көлік блогы мен әріптес елдердің
уәкілетті органдары қызметінің, оның ішінде осы ауқымды құжат шеңберіндегі
маңызды бөлігі болып табылады. Онда
көліктік қызметтер көрсетудің ортақ нарығы мен Одақтың бірыңғай көліктік
кеңестігін қалыптастыру мақсатында іс-қимылдардың барлық дәйектілігі
айқындалатын болады. Негізгі бағыттарды
дайындағаннан кейін біз жұмыстың ақтық кезеңіне шығып, желтоқсанның аяғында
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде мемлекеттердің басшыларына
нәтижелер туралы баяндауды жоспарлап отырмыз.
Біздің міндетіміз – көліктік
қызметтер көрсетуге және инфрақұрылымға қол жеткізудің тең жағдайларын,
бәсекелестік орта құру, тасымалдау шарттары мен қағидаларын үндестіру, жиынтық
транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану. Мұның бәрі, түптеп келгенде көліктік
шығындардың азаюына, жүк ағындарының өсуіне, көлікке қолжетімділіктің және
халықтың икемділігінің жоғарлауына әкеледі.
- Адамкул Орокеевич, бұл барлық
жобалардың шамалас құнын санап көрдіңіз бе?
- Бізге
тиісті елдер ұсынған деректерге қарағанда, барлық жобалардың жалпы сомасы 30
миллиард доллардан астам. Әрине, бұл шартты түрде, өйткені тағы қайталап айтсам
олар игерілудің және іске асырылудың әртүрлі дәрежесінде тұр. Күрделі
инфрақұрылымдық жобалардың құны техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде
қалыптасады және кейіннен тіптен біршама өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан
жобалау кезінен бастап іске асырылғанға дейін бірнеше жыл кетуі ықтимал.
- Жобалар рентабелдігінің маңызы бола ма?
- Біздің
міндетіміз ұсыныстар топтамасын қалыптастыруды білдіреді. ЕЭК –
қаржылық-кредиттік мекеме емес және инвестициялық компания емес. Бұл ретте
халықаралық инфрақұрылымдық банктердегі әріптестеріміз Жібек жолы Экономикалық белдеуіне салынған
әрбір доллардың 20 цент мөлшерінде қайтарымы бар деген пікірде. Бұл өзіңіз
түсінесіз жоғары рентабельділікті білдіреді. Бірақ барлығы жобаға байланысты,
олардың кейбіреулері бойынша күтілетін ақталушылық мерзімі 20 жылдан астам
уақытты талап етеді. Мұндай жобалар үшін бұл қалыпты жағдай.
- Бұл жобаларға Қытай қанша ақша
салуы мүмкін?
- Мәселенің қаржылық жағы - жеке талқылау нысанасына жатады. Сірә,
мемлекеттік-жекеше әріптестік, қоса қаржыландыру шартымен жобаларға қатысу
немесе концессия шартымен кредиттеу
нұсқалары қаралатын шығар.
Жалпы мұндай ұсыныстар қазірдің өзінде ЕАЭО бойынша
әріптес елдер тарапынан айтылып жатыр. Тұтастай алғанда әңгіме Қытай тарапынан
қаржыландыру тарту жөнінде болып отыр,
Одақ елдері бұған аса мүдделі. Бұл
қаржыландырудың ықтимал көлемін қазір талқыға салу тым ерте.