Нақты Шарттың қатысушы - мемлекеттері, бұдан әрі Тараптар деп аталындар;
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында 1996 жылы 29 наурызда жасалған экономикалық және гуманитарлық салаларда бірлесудің тереңдетілуі туралы Шартты, бұдан әрі 1996 жылғы 29 наурызда жасалған Шарт деп аталады, бұдан бұрын жасалған шартты жүзеге асыру келісімдерін басшылыққа алып, сонымен қатар бірлесудің басқару органдары қабылдаған шешімдерді де есепке ала отырып;
Тараптар арасында қол қойылған, еркін сауда туралы, сыртқы экономикалық қызметті бірыңғай реттеу тәртібі туралы, Кеден одағы туралы, ұлттық валюталардың өзара айырбасталуы мен бағанының тұрақтылығын өзара қамтамасыз ету туралы, екі рет салық салудың және табыс пен капитал салығын төлеуден қашудың алдын алу туралы келісімдерді ОРЫНДАП;
қалыптасқан өндірістік және ғылыми- технологиялық байланыстарының, экономиканың өзара тәуелділігі және өзара толықтырылудың НӘТЖЕСІНДЕ;
тығыз бірлесуге, қатысушы-мемлекеттердің экономикасының әлеуметтік прогрессті және халықтың жағдайын жақсарту мақсатында достасуына жаңа даму импульсін беруге БЕЛ БУЫП;
бар болған кедергілер мен шектеулерді жою үшін, мемлекеттердің нарықтық қарым-қатынасының үйлесімді дамуы және шарушылық жүргізетін субъектілерге тепе тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау үшін келісілген әрекеттер қажет екенін МОЙЫНДАП;
мемлекеттер мен халықтарды байланыстыратын достық қарым-қатынастарды КУӘЛАНДЫРЫП, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының, 1994 жылы 24 қыркүйекте жасалған Экономикалық одақ құру туралы Шарттың қағидаттарына, халықаралық құқықтың нормылары мен ұстанымдарына негізделіп олардың өркендеуін қамтамасыз етуге ниет білдіріп;
Тараптардың Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу ынтасын ЕСЕПКЕ АЛЫП;
мемлекеттердің егемендігін, аумағының бүтіндігін ҚҰРМЕТТЕП және ішкі істерге араласпауға кепілдік беріп;
Кеден одағын қалыптастырылуын аяқтап және Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға НИЕТ БІЛДІРІП, төменде жазылғандар туралы келісім жасады:
I Тарау. ҰҒЫМДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР
1 Бап
Нақты Шарттың мақсаттары үшін төменде берілген ұғымдар мен терминдердің мәндері:
1) Бірыңғай эконмикалық кеңістік – Тараптардың аумағынан тұратын кеңістік, ол жерде, нарықтық қағидаттарға және үйлескен құқықтық нормыларды қолдануға негізделген экономиканы реттеудің бір типтік механизмдері, бірыңғай инфрақұрылым бар және тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін жылжуын қамтамасыз ететін келісілген салықтық, ақшалай-несиелік, валюталық-қаржылық, сауда және кеден саясаты қолданылады ;
2) бірыңғай кеден аумағы – кеден одағы қатысушысы - мемлекеттердің кеден аумақтарынан тұратын аумақ, Тараптар оған қатысты қолдану үшін Ортақ кедендік тариф бекіткен, бірыңғай тарифсіз реттеу шаралары қолданылады, бірыңғайландырылған кеден ережелері қолданыста, кеден қызметтерінің бірлесіп басқаруы қамтамасыз етілген және ішкі кеден шекрарасында кедендік бақылау жасалмайды;
3) ортақ (ішкі) нарық – бірыңғай кеден аумағында экономикалық қарым-қатынастардың барлығы;
4) ортақ кедендік тариф – Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қолданылатын кедендік әкелім бажының бірегей ставкаларының келісілген тізімі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша жүйелендірілген;
5) ішкі кедендік шекара – әр Тараптың кедендік аумағының шектері, сонымен бірге басқа Тараптың кедендік аумағының шектері болып табылады;
6) сыртқы кедендік шекара (сыртқы периметр) – Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағының шектері, осы мемлекеттердің аумағын бөлетін және Кеден одағына кірмеген мемлекеттердің аумағын бөлетін шекара;
7) жанама салықтар – тауарлардың және қызметтердің қосылған құнына және акциздерге салынатын салық.
II Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2 Бап
Нақты Шарттың талаптары бойынша Тараптар, Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау және оның негізінде Бірыңғай экономикалық кеңістік құру міндеттемесін жүктенеді.
3 Бап
Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың негізгі мақсаттары:
ортақ (ішкі) тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуі;
халық өмірінің жағдайын көтеру мүддесінде Тараптардың экономикасында құрылымдық қайта құруды тұрақты дамыту жағдайларын жасау;
келісілген салық, ақшалай-несиелік, валюталық-қаржылық, сауда, кеден және тариф саясатын жүргізу;
бірыңғай көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйелерді дамыту;
экономиканың, өнідірістік және ғылыми-технологиялық қоғамдастықтың басым салаларын дамытуда мемлекеттік қолдау шараларының ортақ жүйесін құру болы табылады.
4 Бап
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың маңызды қағидаттары:
дискриминацияламау қағидаты;
өзара тиімділік қағидаты;
жалпы (әмбебап) қағидаттар: өзара көмек, еріктілік, теңдік, алынған міндеттемелер үшін жауапкершілік, жариялылық.
5 Бап
Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды бірлесуді басқаратын келесі басқару органдары қамтамасыз етеді:
– Мемлекетаралық Кеңес,
– Үкімет басшыларының Кеңесі,
– Интеграциялық Комитет,
– Парламентаралық Комитет.
Бірлесуді басқаратын әр бір орган, осы органдар туралы Ережеде анықталған құзыреттері шеңберінде әрекет етеді.
Мемлекетаралық Кеңес шешімімен бірлесуді басқаратын басқа да органдар құрыла алады.
6 Бап
Қатысушы-мемлекеттер, 1996 жылғы 29 наурызда жасалған Шарттың ережелері, Тараптар арасында жасалған келісімдер және оларды жүзеге асыру шешімдері бойынша Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша жүргізілетін экономикалық саясатты келіседі.
Тараптар нақты Шарттың мақсаттарына жетуге қауіп төндіретін кез-келген әрекеттерді жасамауды міндеттенеді.
7 Бап
Бірыңғай экономикалық кеңістік кезең-кезеңмен қалыптастырылады.
Кезеңдердің ұзақтығын, әр кезеңдегі шаралардың барлығын және олардың жүзеге асырылуын Мемлекетаралық Кеңес анықтайды.
Кезеңнен кезеңге өту нақты Шарттың ерекше мақсаттарына жетумен және Тараптардың өз міндеттемелерін орындаумен шарттанады.
Бірінші кезеңнің мақсатын Кеден одағын және Бірыңғай кеден аумағын қалыптастыруды бітіру болып табылады.
Екінші кезеңде, тауарлардың, қызметтердің, капитал және еңбектің ортақ (ішкі) нарығын құрамына енгізетін Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру, ортақ экономикалық саясат жүргізу және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірыңғай инфрқұрылым құру жұмыстары жүргізіледі.
Экономикалық ынтымақтастықтың келесі кезеңдерінде Тараптар негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамаларын келісуге тырысады.
III Тарау. КЕДЕН ОДАҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ АЯҚТАУ
1 БӨЛІМ. ТАУАРЛАРДЫҢ ЕРКІН САУДА ТӘРТІПТЕМЕСІ
8 Бап
Өзара сауда жасауда Тараптар, тауарлардың еркін сауда тәртіптемесін, шығармай және Тараптар арасында қолданыстағы екі тарапты және көп тарапты еркін сауда туралы келісімдердің негізінде шектеулерсіз, қамтамасыз етуді міндеттенеді.
9 Бап
Тараптар, тауарлардың еркін сауда тәртіптемесінің жұмыс істеуінде келесі мақсаттарды жариялайды:
а) Бір Тараптың кеден аумағынан шығатын және басқа Тараптың кеден аумағына шығарылатын (әкелінетін), және Тараптардың кеден аумағында еркін айналымға арналған тауарға тарифтік және көлемдік шектеулер қоймау;
б) жанама салықтар салуда бірыңғай жүйені қолдану;
в) Бір Тараптың көпшілік қабылдаған халықаралық нормылар және ережелер немесе ұлттық заңнама бойынша басқа Тараптан әкелінетін тауарларға уақытша қорғаныш шараларын қолдануына ешнәрсе кедергі болмайды;
г) Тараптардың келісімі болмағанда, нақты Шарттың қатысушысы болмаған кез-келген үшінші мемлекетке, Тараптардың бірбіріне берген сауда тәртіптемесінен қолайлы тәртіпті беруге болмайды;
д) шаруашылық субъектілерінің әрекеттерімен немесе жалпы мемлекеттік және аумақтық органдардың араласу салдарынан шыққан шектеулі бәсекелестікті жою, бұл Тараптардың шаруашылық субъектілерінің өзара саудасына әсер ететін шамада болады;
е) Тараптардың, біреуінің кеден аумағынан шығатын тауарға, басқа Тараптың кеден аумағындағы ұқсас тауарға қарағанда, тікелей немесе жанама дискриминацияға әкелетін шектеу немесе фискалді шараларды ( соның ішінде ұжымдық шаралар) өзара қолданбауы.
10 Бап
Тараптар өз аумақтарында еркін сауда тәртіптемесінің жұмыс істеуіне кедергі болатын, жергілікті немесе аймақтық болып табылатын әкімшілік, фискалдық кедергілерді жоюға қажетті барлық күшін салады.
Нақты Шарттың осы бабының мақсаттары үшін, Тараптардың келуге, қалуға, жұмыс істеуге, фирмалар, компаниялар құруға, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге қатысты ұлттық заңнаманы қолдануына ешнәрсе кедергі болмайды. Осы кезде олар тәртіптемені, нақты Шарт бойынша кез-келген Тараптың алатын артықшылықтарын жоюға немесе шектеуге әкелетіндей қолданбайды.
2 БӨЛІМ. ТАУАРЛАРДЫҢ
СЫРТҚЫ САУДАСЫН РЕТТЕУ
11 Бап
Тараптар, Кеден одағы туралы келісімдер бойынша міндеттемелері шеңберінде және нақты Шарт күшіне енгенше Тараптар арасында қолданыстағы сыртқы экономикалық қызметтерді бірыңғайреттеу тәртібі туралы екі тарапты келісімдерде қарастырылған нормылар мен ережелерді үйлестіру жолымен сыртқы экономикалық қызметті реттеу тәртібін бекітеді.
12 Бап
Сыртқы экономикалық қызметті бірыңғай реттеу тәтібі және оның синхронды өзгертілуі және толықтырылуы бойынша келісілген шешімдерде келесі салалар болады:
1) сыртқы сауда қызметтінің тарифті реттелуі;
2) үшінші елдремен жасалатын саудада тарифсіз реттеу шаралары;
3) үшінші елдермен болатын қарым-қатынастарда сауда тәртіптемесін бекіту;
4) үшінші елдермен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға жанам салық салу;
5) сыртқы сауда операцияларының валюталық реттелуі.
13 Бап
Тараптар, 1998 жылы 22 қаңтарда жасалға үкімет басшылары Кеңесінің №2 "Кеден одағы туралы келісімінің қатысушы-мемлекеттерінің ортақ кедендік тарифі туралы" Шешімін дамытуға тиісті келісімдерді жасайды.
Тараптар, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік жеңілдіктердің және тарифтік преференцияның келесілген жүйесін, соның ішінде оған жасалатын өзгерістер мен толықтырулардың келісілген жүйесін қолданады.
Тараптар, кеден баж салықтарының, салықтардың және алымдардың балама әсері бар алыну және түсу тәртіптерін бөлек келісімдермен анықталады деп келісті.
Жоғарыда аталған келісімдерді дайындаған кезде Тараптар, нақты мәселе бойынша Тараптардың екі тарапты және көп тарапты негізде қабылданған шешімдерді және кейінгі келісімдерді есепке алатын болады.
14 Бап
Тараптар үшінші елдермен жасалатын саудада тарифсіз реттеу шалараларының бірыңғай тәртібін сақтайды және осы мақсатта 1997 жылы 22 қазанда Кеден одағын қалыптастырғанда қабылданған бірыңғай тарифсіз реттеу шаралары туралы Келісімді толық көлемде қолданады.
Сыртқы сауда қызметін бірыңғай реттеу тәртібі, Тараптардың қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы басқа да өнімдердің, ядерлық материалдардың, жабдықтардың, ядерлі болмаған арнайы материалдармен және тиісті технологиялармен, сонымен қатар Кеден одағын қалыптастырғанда қабылданған тарифсіз реттеу шалараларының бірыңғай тәртібі туралы Келісімнің 5 бабында аталған екі мақсатта қолдануға болатын тауарлар мен технологиялардың саудасында қолданылмайды. Бұл мақсаттарда Тарапта бөлек Келісім жасайды.
15 Бап
Үшінші елдермен жасалатын тауар саудасында, бірыңғай сауда тәртіптемесін орнатудың кезең кезеңдік әрекеттері бойынша Тараптар келісілген қызметтер жасайды.
Үшінші елдерге қатысты сауда тәртіптемесін өзгерту, тауарлар саудасына тарифті және тарифсіз шектеулер енгізу немесе алып тастауды Тараптар бір уақытта жүргізеді. Осы мақсатта Тараптар, тиісті хатамаларға қол қояды.
Тараптың біреуінде еркін сауда тәртіптемесі туралы келісім болған елдермен сауда жасағанда, осы Тарап, нақты Шарттың басқа Тараптарымен еркін сауда тәртіптемесінен шығарылатындар және шектелетіндер тізімін немесе сауда тәртіптемелерінің бірдей болмауының нәтижесінде төленетін өтемақы түрін келіседі.
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру туралы Тараптардың өз келіссөздері, олардың халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдармен бірлесу процестері, олардың, сауда тәртіптемелерінің кезеңі бойынша үйлестірілу мақсатына кедергі болмау керек.
Келіссөздер жайғасымдарын келісудің қажетті деңгейіне жету мақсатында Тараптар, Кеден одағына қатысушы- мемлекеттердің 1997 жылы 3 маусымда Дүниежүзілік сауда Ұйымына кіру кезінде халықаралық сауда келіссөздері туралы Хаттамада қарастырылған және 1998 жылғы 28 сәуірде қабылданған Мемлекетаралық Кеңестің №27 шешімімен қарастырылған жүйелі консультациялар механизмін тиімді пайдаланатын болады.
16 Бап
Тараптар үшінші елдермен сауда жасағанда жанама салықтарды салудың бірыңғай жүйесін қолданады.
Экспортталатын және импортталатын тауарлардың жанама салықтарының ставкалары, ұлттық өндіріс тауарларына салынатын салық ставкаларынан көп болмайды.
Үшінші елдермен жасалатын саудада Тараптар жанама салықтарды мақсаттағы ел ұстанымына сүйеніп салуға өтеді
Үшінші елдермен жасалатын саудада тауарларды шығарғанда және әкелгенде Тараптар, құнға қосымша салық және акцизделетін тауарлардың акцизіне салынатын салықтардың тәртібі мен ставкаларына қатысты бөлігінде жеке салық жеңілдіктерін бермейді.
Тараптардың кез-келгені, салықтардың ставкаларына және салыну механизміне қатысты, үшінші елдердің тауарларымен басқа Тараптардың сауда операцияларын жасайтын резиденттер мен резидент болмағандарға арналған салық жеңілдіктері туралым ақпаратты талап етуге және отыз күнтізбелік күн ішінде алуға құқылы.
17 Бап
Тараптар сыртқы сауда операцияларында, қатысушы-мемлекеттердің осы саладағы заңнамасының мониторингіне, орталық (ұлттық) банктардың ақпарат алмасуына, соның ішінде төлем теңгерімінің капиталдық және ағымдағы операциялары туралы ақпараттарға, негізделген қолданыстағы валюталық реттеудің келісілген тәртібін қолданады.
Бұдан әрі Тараптар валюталық қадағалаудың ортақ жүйесін қолдану туралы бөлек Келісім дайындайды.
18 Бап
Тараптар, сыртқы сауда қызметін бірыңғай реттеу тәртібін, заңнаманың үйлестірілу барысы бойынша Тараптардың ағымдағы және ұзақ уақытты сыртқы сауда,экономикалық мүдделері мен әлеуеттерін есепке ала отырып бектілетінін растайды.
Нақты Шарттың 12 бабында аталған салалардағы сыртқы сауда қызметтерін бірыңғай реттеу тәртібіне, барлық өзгертулер және толықтырулар, Тарап үкіметтердің шешімдерінің жоба кезеңінде Тараптар арасындаға келісімдер бойынша енгізіледі.
Тараптар, үшінші елдермен сауда жасауға, көпшілік қабылдаған халықаралық нормалар және ережелер бойынша уақытша жеке шектеулер қоюға құқылы.
Осындай шаралар уақытша болып табылады және Тараптар бекіткен рәсімдер бойынша қолданылатын болады.
19 Бап
Тараптар, сыртқы сауда қызметін бірыңғай реттеу тәртібін, еркін сауда тәртіптемесін шығару немесе шектеулерсіз өзара бекітуге қажетті маңызды негіздеме және шарт ретінде қарастырады.
Тараптардың біреуінің, нақты Шарттың 11-18 баптарында қарастырылғандай сыртқы сауда қызметін бірыңғай реттеу тәртібінен шығуын Тарап немесе Тараптар, еркін сауда тәртіптемесінің осы Тарапқа қатысты тоқтатылуы туралы мәселені көтеруге негіз ретінде қарастыруы мүмкін.
3 БӨЛІМ. КЕДЕН ОДАҒЫ
20 Бап
Тараптар, Кеден одағын қалыптастыруды аяқтауды қамтамасыз ету пейілдерін, еркін сауда тәртіптемесінің жұмыс істеу базасына, сыртқы сауда қызметін бірыңғай реттеу тәртібінің кезең кезең бекітілуін және Кеден одағы туралы келісімнің ережелері мен қағидаттарынан туындаған міндеттемелердің орындалуына негізделіп растайды.
21 Бап
Тараптар, көпшілік қабылдаған халықаралық номылар және ережелерге сәйкес Кеден одағын сауда-экономикалық бірлестік ретінде құрады, құрамында төменде жазылғандар болады:
а) бірыңғай кеден аумағы;
б) ортақ кеден тарифі;
в) нақты Шартта қарастырылған жағдайлардан басқа, өзара саудада тарифтік және тарифсіз шектеулер (лицензиялау, квоталау)болдырмайтын тәртіптеме;
г) ішкі кеден шектерінде кедендік бақылауды жеңілдету және әрі қарай алып тастау;
д) шаруашылық жүргізудің әмбебап нарық қағидаттарына және үйлестірілген экономикалық заңнамаға негізделетін эконмика мен сауданың бір типтік реттеу механизмдері;
е) басқару органдары;
ж) бірыңғай кеден саясатын жүргізу және бірыңғай кеден тәртіптемелерін қолдану.
Кеден одағын қалыптастыру кезеңінде оның атқарушы органы Интеграциялық Комитет болып табылады.
22 Бап
21 бапта қарастырылған шарттар орындалғаннан кейін, үшінші елдерден бірыңғай кеден аумағына әкелінген және қатысушы-мемлекетердің біреуінде еркін айналымға шығарылған тауарлар, ішкі кеден шекаралары арқылы өтуде шектелмейді.
Тараптар, үшінші елдерден келетін тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің және сыртқы тауарларды бақылаудың нормылары мен ережелерін бірлестіреді, және ішкі кеден шекараларында кедендік рәсімдер мен бақылауды жеңілдету және әрі қарай алып тастау туралы құжатына қол қояды.
Жеке тұлғалар Кеден одағының ішкі шекаралары арқылы өткізетін тауарларға кедендік рәсім жасаған кезде, Тараптар 1998 жылы 22 қаңтарда жасалған кеден рәсімдерінің жеңілдетілген тәртібі туралы Хатаманы басшылыққа алады және әрі қарай ішкі кедендік шекараларда тауарлардың кедендік рәсімдерін және кедендік бақылауды алып тастайды. Осы мақсатта Тараптар тиісті құжаттарға қол қояды.
23 Бап
Тараптар көпшілік қабылдаған нормылар мен ережелерді есепке ала отырып, Кеден одағын қалыптастырудың аяқталуының уақыт шеңберін қосымша келісімдермен анықтайды.
Үшінші елдермен сауда тәртіптемелері орнатылған кезде Тараптар бір біріне, Кеден одағын құрайтын Тарап үшін тәртіптемеден ең қолайлы преференциалды тәртіптемені қамтамасыз етеді.
24 Бап
Тараптар, бірыңғай кеден аумағын құру үшін қажетті құқықтық, экономикалық және халықаралық шарттар аяқталғаннан кейін, Тараптардың кеден аумақтарын бірыңғай кеден аумағына бірлестіруді қамтамасыз етеді.
Осы мақсаттарда Тараптар, бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуін реттейтін механизмі, Кеден одағын қалыптастыру аяқталғаны туралы шарт жасауға келісті.
IV Тарау. БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК ҚҰРУ
4 БӨЛІМ. ОРТАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
25 Бап
Тараптар, өндірістік әлеуетті тиімді қолдануды, қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруды, жоғарғы тиімділігі бар өнідірістерді, келісілген антимонополді, салық және қаржы саясатын жүргізуді, сонымен қатар Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде адал ниетті бәсекелестікті қамтамасыз ететін қатысушы-мемлекеттер экономикасының негізгі бағыттарын және құрылымдық қайта құрылыу кезеңдерін келіседі.
26 Бап
Тараптар, нақты Шарттың қатысушы - мемлекеттерінің тұрақты экономикалық дамуына қажетті жағдайларды жасайды, олардың басым салаларына және өндірістеріне, қорғаныс кәсіпорындарына тиімді алмасу және қайта қалыптастыруда келісілген мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.
27 Бап
Қатысушы-мемлекеттердің дотация түрінде немесе мемлекеттік қорлар есебінен берген субсидияларының (көмектерінің), кейбір кәсіпорындарға немесе белгілі бір тауар өндірісіне қолайлы жағдайлар жасау жолымен бәсекелестікті бұзатын немесе бұзу қаупін төндіретін әр түрлі үлгілері, Тараптар арасындағы саудаға қатысты көлемінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қағидаттарына қайшы болып саналады, келесі жағдайлар ерекшелік болып табылады:
жеке кәсіпкерлерге, дискриминацияламау шартымен берілетін әлеуметтік көмек түріндегілер;
сұрапыл апат салдарынан және басқа да табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар салдарынан келген зарарды өтеу мақсатымен берілген көмектер;
әр Тарап анықтайтын, немесе жұмыспен қамтылу өте аз болған, көмек берілетін мемлекеттерде тұрмыс деңгейі күнкөріс деңгейінен төмен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көмек көрсету мақсатындағы субсидиялар;
халықаралық маңыздылығы бар жобаны жүзеге асыру немесе қатысушы-мемлекет экономикасында байыпты бұзылуларды түзету мақсатындағы субсидиялар;
Мемлекетаралық Кеңестің шешімімен анықталатын субсидиялардың (көмектердің) басқа түрлері.
28 Бап
Тараптар, баратын ел қағидаты бойынша өзара саудада жанама салық салудың бірыңғай жүйесін қолданады, бұл үшін тиісті келісімді жасайды.
импортталатын тауарларға өзара сауда жасауда салынатын жанама салықтардың ставкалары, ішкі өндірістегі ұқсас тауарларға салынатын салықтардың ставкаларынан көп болмау керек.
29 Бап
Келісілген акцизді саясат жүргізу мақсатында Тараптар, қатысушы-мемлекеттердің кедендік аумағына әкелінетін және өндірілетін акцизделетін тауарлардың негізгі тізімін ұстанады.
30 Бап
Жиналатын салықтардың түгелдігін қамтамасыз ету мақсатында, және де нақты Шарттың қатысушы-мемлекеттерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу мақсатында Тараптар, 1998 жылғы 25 наурызда жасалған Тараптардың салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімінің және 1996 жылы 29 наурызда жасалған шарттың қатысушы-мемлекеттердің салық қызметтерінің өзара әрекеттесу қағидаттарына негізделіп 1998 жылы 22 қаңтарда қабылданған үкімет басшылары Кеңесінің № 4 Шешімінің ережелерін орындайды.
31 Бап
Тараптардың экономикасын мемлекеттік реттеу институттық түбегейлі өзгерістер жүргізуге, меншікті тиімді басқаруға, экономика салаларының банк секторымен қатынасын реттеуге, қаржы құралдарын тартудың жаңа механизмдерін жасауға, мемлекетаралық есептерді ретке келтіруге бағытталған.
32 Бап
Тараптар, мемлекеттердің экономикалық мүдделерін есепке ала отырып, толымдаушы тиімді өндірістердің құрылуына өзара көмектесетін болады.
33 Бап
Тараптар, келесілерге кедергі болу үшін бір немесе бірнеше шаруашылық субъектілерінің үстем жағдайын қиянаттыққа қолдануына жол бермеу үшін шаралар қабылдайды:
жауапсыз бәсекелестік әдістерін қолдану;
өндірісті, нарықты немесе технкалық дамуды тұтынушыларға нұсқан келтіріп шектеу;
басқа сауда серіктестерімен жасалатын тең бағалы келісімдерде әр түрлі шарттарды қолдану, және осылайша оларды бәсекелестіктің тиімсіз жағдайларына қою.
Демпингтік тәжірибе анықталған жағдайда, зардап шеккен Тарап, Тараптардың келісімі бойынша ұлттық заңнамада анықталған тиісті қорғаныш шараларын қабылдауға құқылы.
34 Бап
Тараптар Көлік одағын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы араларындағы 1998 жылы 22 қаңтарда жасалған Көлік одағын құру туралы Келісім бойынша құрады.
Тараптар Көлік одағын, өзара келісілген технологиялар және көрсеткіштер және бірлестірілген номативтік -құқықтық база негізінде жұмыс істейтін Тараптардың көлік кешендерінің бірлескен жүйесі ретінде анықтайды.
Көлік одағын құру кезең кезеңімен, бірлесу процестері тереңдеген сайын жүзеге асырылады, және Тараптар арасында көлік құралдарының кедергісіз жылжуы, жолаушылардың тасымалдануы және тауарлардың транзитіне арналған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды болжайды.
Қатысушы-мемлекеттердің Көлік одағын қалыптастыру екінші кезеңде аяқталады.
35 Бап
Тараптар транзитті, 1998 жылы 22 қаңтарда жасалған Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің аумағы арқылы бірыңғай транзит шарттары туралы Келісім бойынша жасайды.
36 Бап
Қатысушы -мемлекеттер келісілген аграрлық саясат жүргізеді,Тараптар келіскен тізім бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің және шикізатының өндірісін арттыруды қамтамасыз ететін жобаларды және бағдарламаларды бірлесіп қаржыландырады.
Ортақ аграрлық саясат жүргізген кезде Тараптар келесілерді есепке алады:
– Шарттың қатысушы-мемлекетерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;
– ауыл шаруашылығы қызметінің ауыл шаруашылығының өнідірістік және әлеуметтік құрылымымен, сонымен қатар Таратаптардың табиғи ерекшеліктерімен шартталған ерешелігі;
– ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымын жақсарту қажеттілігі.
5 БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ОРТАҚ НАРЫҒЫ
37 Бап
Қатысушы-мемлекеттер бір біріне қызмет нарығына ұлттық тәртіптемеде қол жеткізуге өзара рұқсат беруге ұмтылады.
Тараптар Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде нақты Шарттың қатысушы-мемлекеттерінің жеке және заңды тұлғаларына ұлттық қызмет нарығына қол жеткізуге кедергі болатындарды біртіндеп жояды.
Осы мақсаттарда Тараптар Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде, қызметтер саудасын дамытудың ортақ бағдарламасын қабылдайды, оны дайындаған кезде олар көпшілік қабылдаған халықаралық нормылар мен ережелерге сүйенеді.
38 Бап
Тараптар үшінші елдерге қатысты қызметтер саудасының келісілген саясатын жүргізетін болады.
Үшінші елдермен қызмет саудасының тәртіптемесі бекітілген жағдайда, Кеден одағын құрайтын Тараптың мүддесіне ең қолайлыны тәртіптемеден шығару жолымен Тараптар бірбіріне преференциалды тәртіптеме береді.
6 БӨЛІМ. ОРТАҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ
39 Бап
Тараптар, қатысушы-мемлекет азаматтарына Бірыңғай экономикалық кеңістік ішінде еркін жүруді қаматамсыз етеді.
Еркін жүру, Тарап азаматтарына қатысты кез-келген дискриминацияны жоюды және еңбекпен қамту, сыйақы беру, еңбек және еңбекпен қамтудың басқа шарттары жағынан бірыңғайландырылған құқықтық тәртіптеме құруды меңзейді.
Бұл келесі мүмкіндіктерді болжайды:
– Тараптар аумағында еңбекпен айналысып еркін жүруді;
– азаматтыққа кіру және шығу рәсімдерін мүмкіндігінше жеңілдетуді;
– Кез-келген Тарап аумағында тұрақты тұрып жатқан Тараптардың азаматтарына, тұрып жатқан ел азаматтарының мәртебесіне мүмкінідігінше жақын мәртебені беруді;
– шекаралардан еркін өтуді және Тараптардың аумағында солардың біреуінің төлқұжатымен болуды;
– қатысушы-мемлекеттердің шекаралары арқылы шет ел валютасын және багажды бажсыз алып өтудің бірыңғай нормыларын бекітуді;
– қатысушы-мемлекет азаматтарына шекаралардан өткен кезде
ұлттық тәртіптемелерді қолдануды;
– қатысушы-мемлекет аумағында, осы мемлекет азаматтарының еңбекпен қамтылуын реттейтін заңнамаға сәйкес еңбек ету және тұруды;
– қатысушы-мемлекеттердің аумағында осы мемлекеттегі еңбек қызметі аяқталғаннан кейін де тұруды.
осы мақсаттарда Тараптар тиісті келісімдерге қол қояды.
40 Бап
Тараптар, қатысушы-мемлекет аумағында еңбек ететін азаматтардың еңбек өтілін жалпы еңбек өтілге жатқызады, және де зейнетақы мен жәрдемақылар есепке алынады.
41 Бап
Нақты Шартқа қол қойылған күннен бастап, Тараптардың әр біреуі басқа Тараптармен келіспестен, қатысушы -мемлекет азаматтары үшін тұрақты мекен-жай таңдауға және олардың аумағында экономикалық қызмет жасауға шектеулер қоймайтыны туралы міндеттеме алады.
Тараптар, мекен-жай таңдауға және экономикалық қызмет жасауға қойылған шектеулерді, соның ішінде қатысушы-мемлекет азаматтарының бір бірлерінің аумағында заңды тұлға құру құқын қосқанда, шектеулерді біртіндеп кезең кезеңімен жояды.
42 Бап
Тараптар, үшінші елдерге қарсы бірыңғай визалық тәртіптеме жүргізеді, сонымен бірге бақылана алмайтын миграцияның алдын алу үшін де визалық тәртіптеме болады. Осы мақсаттарда Тараптар тиісті келісімдерді жасайды.
43 Бап
Тараптардың әр біреуі басқа Тараптардың азаматтарына осы мемлекет аумағында болған кезде медициналық жедел жәрдем көрсетеді. Осы мақсаттарда Тараптар тиісті келісімдер жасайды.
44 Бап
Интеграциялық Комитет Тараптардың үкіметтерімен өзара әрекеттесіп әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді зерттейді және анализдейді, ал нәтижелері бойынша үкімет басшыларының Кеңесіне келесі мәселелер туралы қорытындылар мен ұсыныстарды береді:
– еңбекпен қамту туралы;
– еңбек заңнамасы және еңбек шарттары туралы;
– кәсіби оқу және біліктілікті көтеру туралы;
– әлеуметтік қорғаныштың минималды стандарттарын дайындау туралы;
– өндірістерде жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардың алдын алу туралы;
– еңбек гигиенасы туралы;
– кәсіби бірлестіктерді құру және ұжымдық шарттар жасау құқылары туралы.
45 Бап
Тараптар, келісілген білім беру, біліктілікті арттыру, кадрлерді дайындау және қайта дайындау жүйелерін, жалпы білім беретін және кәсіби мектептерге, жоғарғы оқу орындарына, аспирантураға түсу ережелері мен шарттарының бірыңғайлығын, сонымен қатар білімі туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелердің және атақтардың танылуын және баламалылығын қамтамасыз етеді.
7 БӨЛІМ. КАПИТАЛДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
46 Бап
Тараптар, ұлттық валюталардың өзара айырбасталуы туралы келісімді жүзеге асырып, ағымдағы операцияларды жасау үшін басқа мемлекеттердің валютасын қолдануға салынған тыйым бөлімінде, валюта саясатының кезекпен либералдануын, төлем теңгерімдерінің ағымдағы операциялары бойынша ұлттық валютаның бірыңғай айырбастау бағандарының жүргізілуін, резидент болмаған-банктардың ішкі валюта нарығына шығуын, өкілетті банктардың ұлттық валютаны шығаруына және әкелуіне салынған тыйымды жою және Халықаралық Валюта Қорының жарғысындағы 8 бапқа қосылу жұмыстарын жалғастырады. Ұлттық валюталық-қаржылық жүйелердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша шаралардың жүзеге асырылуы мақсатында және осы шаралар аяқталғанда Тараптар тиісті хаттамаларға қол қояды.
47 Бап
Тараптар, екі рет салық салуды жою туралы және табыс пен капиталға салынатын салықты төлеуден қашынудың алдын алу туралы келісімдердің ережелерін жүзеге асырады.
48 Бап
Тараптар ұлттық валюталардың валюталық бағандарын бекіту механизмдерін келіседі.
49 Бап
Тараптар, мемлекетаралық және кәсіпкерлік салаларда тауар айналымы , саудалық болмаған операциялар, көлік қызметтері, байланыс және басқа салалар бойынша, сонымен қатар мемлекеттік, банктік және коммерциялық несиелер, валюта айырбастау операциялары бойынша қызмет көрсету үшін қатысушы -мемлекеттердің төлем жүйесін қалыптастырады.
50 Бап
Капиталдың қозғалысы капиталдың ішкі нарығының жұмысын бұзатын болса, Тараптардың әр біреуі, капиталдың қозғалысы саласында Шарттың басқа қатысушыларына тез арада хабар беріп уақытша қорғаныш шараларын қабылдауға құқылы.
51 Бап
Тараптар, қатысушы-мемлекеттердің экономикалық жағдайы жақсарған бойда капитал қозғалысының либералдану дәрежесін көтеруге тырысады.
Тараптар валюталық операциялар саласында бар болған шектеулерден басқа, капитал қозғалысын және осыған байланысты ағымдағы төлемдерді қиындататын қосымша шектеулерді енгізбейді, және де қолданыстағы ережелердегі шектеулерді көбейтпейді.
Нақты баптың ережелерін уақытша қолданбау мүмкіндігі бөлек келісімдермен реттеледі.
8 БӨЛІМ. ҒЫЛЫМИ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ДАМУ
52 Бап
Тараптар келісілген ғылыми-технологиялық саясат жүргізеді. Осы мақсаттарда ұлттық ғылыми зерттеулердің, технологиялық дайындықтар және тәжірибелік өндірістердің басым бағыттары бойынша, қатысушы-мемлекеттердің ғылыми-технологиялық әлеуетін әрі қарай дамыту және бірыңғайландыру мақсатында бірлескен бағдарлама қабылдайды.
53 Бап
Бірлескен бағдарлама, негізгі қызмет бағыттары бойынша дайындалған нақты бағдарламалар арқылы жасалады. Әр бағдарламада оны жүзеге асыру тәсілдері анықталады, мерзімдер бекітіледі және қаржыландыру көздері қарастырылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру және бірлескен бағдарламаларды орындау ұлттық деңгейде, Интеграциялық Комитетпен өзара әрекеттесіп жасалады.
54 Бап
Мемлекетаралық бағдарламалар және жобалар бойынша жүзеге асырылатын терең және қолданбалы ғылыми зерттеулердің қаржыландырылуы, мемлекеттік тапсырыс негізінде және коммерциялық шарттармен, және де бірлесіп қаржыландыру есебінен жасалады.
Тараптар, ғылыми- техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттардың бірыңғай жүйесін және тиісті қолданыстағы деректер банкін құрады.
55 Бап
Тараптар радио және телебағдарламалардың, басқа бұқаралық ақпарат құралдарының Тарап аумақтарында еркін таратылуын және айырбасталуын, заңды және жеке тұлғалардың телекоммуникация жүйелеріне Тарап мүдделерін есепке ала отырып қол жеткізуін, үшінші елдермен ақпарат алмасуды кеңейтілуін және тиісті келісімдердің жасалуын қамтамасыз етеді.
V Тарау. ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАҚЫНДАСУЫ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРІЛУІ
56 Бап
Тараптар, Тараптардың заңнамаларын және құқықтық актілерін жақындастыру және үйлестіру бойынша келісілген шаралар қабылдайды (бұдан әрі заңнаманың үйлестірілу шаралары деп аталатындар), бұл шаралар Тараптардың нақты Шарт ережелерін орындауына тікелей әсер етеді.
Заңнамалардың жақындасу және үйлестірілу мақсатында Тараптар төменде жазылғандармен бірге шаралар қабылдайды:
а) жобаларды, заңнамалық және басқа құқықтық актілерді, сонымен қатар заңдарға және басқа актілерге түзетулер қосу туралы құқықтық актілердің жобаларын қосқанда, дайындау бойынша жасалатын қызметтерді үйлестіру;
б) халықаралық шарттарды жасау;
в) үлгілік актілерді қабылдау;
г) Мемлекетаралық Кеңестің немесе үкімет басшылары Кеңесінің тиісті шешімдер қабылдауы;
д) Тараптар орынды және мүмкін санайтын басқа шаралардың, Мемлекетаралық Кеңестің бекітуі шартымен қабылдануы.
57 Бап
Мемлекетаралық Кеңес, нақты Шарттың нысаналарын және мақсаттарын есепке ала отырып, Тараптардың қандай заңнамалары және басқа актілері жақындастыруға және үйлестірілуге жататыны туралы шешім қабылдайды, және заңнаманың үйлестірілуі бойынша шаралардың орындалу кезегін бекітеді. Осындай шешімдер заңнаманың үйлестірілуі бойынша шаралардың қабылдануы, Тараптардың аумағында қолданыста болатын нақты актілерге қатысты, және құқықтық реттеу салаларындағы белгілі бір актілерге де қатысты да болуы мүмкін.
Сонымен бірге Мемлекетаралық Кеңес, заңнамаларды үйлестіру бойынша Тараптардың тиісті заңнамалары мен басқа құқықтық актілеріне қандай шаралардың қолданылуы керектігін немесе Мемлекетаралық Кеңестің құқықтық реттеу саласында қабылданған шешімдерін есепке алу керектігі туралы мәселелерді шешеді.
58 Бап
Тараптардың көпшілігінің пікірімен бұл қажетті және дәлелденген болып саналған жағдайда, Мемлекетаралық Кеңес келесілерді қабылдауға құқылы:
а) Нақты Шарттың қатысушы-мемлекеттері үшін, барлық бөлімдерінде міндетті болып табылатын және қатысушы-мемлкеттердің қолдануы қажетті бірдей шешімдерді;
б) күтілген нәтижеге қатысты, жолданған қатысушы-мемлекет немесе қатысушы-мемлекеттер үшін міндетті болып табылатын, Тарап органдарының әрекет ету әдістері мен үлгілері еркін болатын резолюциялар;
в) міндетті болып табылмайтын ұсыныстар.
59 Бап
Нақты Шарттың 57 және 58 баптарында қарастырылған шешімдерді Мемлекетаралық Кеңес, Парламентаралық Комитетпен жасалған консультациялардан кейін және үкімет басшылар Кеңесі мақұлдағаннан кейін Интеграциялық Комитеттің ұсыныстары негізінде қабылдайды.
Парламентаралық Комитет ұсынатын заңнамаларды үйлестіру бойынша шараларды қабылдау ұсыныстары, Парламентаралық Комитетпен жасалған консультациялардан кейін және үкімет басшылары Кеңесінің тиісті ұсыныстарынан кейін Интеграциялық Комитет тарапынан алдын ала қарастырылу керек. Нақты ереже, 1998 жылы 29 наурызда жасалған Шарттың 22 бабында қарастырылғандай Парламентаралық Комитеттің ұсыныстарды сипаттайтын үлгілік актілерді қабылдау құқын шектемейді.
Заңнамаларды үйлестіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар, құқықтық реттеудің тиісті саласындағы қатысушы-мемлекеттердің арасындағы қатынас мәнмәтініндегі жағдайдың және нақты Шарттың мақсаттары мен қағидаттарын орындауға байланысты туындайтын мәселелердің әділ және жан жақты бағалануына негізделу керек.
60 Бап
Нақты Шарттың 57 бабының б) тармағы және 58 бабының б) және в) тармақтарының негізінде Мемлекетаралық Кеңеске берілетін өкілеттіктер, Мемлекетаралық Кеңестің тиісті шешімді қабылдау шартымен үкімет басшылары Кеңесіне беріле алады.
VI Тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
61 Бап
Шарттың қатысушы-мемлекеттерінің біреуіне немесе бірнешеуіне үшінші елдерден экономикалық зарар келтіретін әрекеттер немесе қауіптер болжанатын жағдайларда, бір немесе бірнеше Тараптың ұсынысымен үкіметтер экономикалық зарарадың немесе қатердің алдын алу үшін келісілген шаралар дайындауға тез арада консультацияларды бастайды.
62 Бап
Нақты Шарт Тараптардың бұдан бұрын үшінші елдермен жасаған халықаралық шарттары бойынша, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде жасалған шарттар бойынша да міндеттемелеріне қатыспайды.
63 Бап
Нақты Шарт, оның қағидаттарын танитын және нақты Шарттан туындайтын міндеттемелерді толық көлемін алуға дайын екендігін жариялаған, және Мемлекетаралық Кеңеске депозитарий арқылы тиісті өтінімді жіберген кез-келген мемлекеттің қосылуына ашық. Шартқа үшінші елдердің қосылу шарттарын Мемлекетаралық Кеңестің шешімі анықтайды.
64 Бап
Тараптар Мемлекетаралық Кеңеске нақты Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар бере алады.
Мемлекетаралық Кеңес нақты Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерді қабылдайды, олар барлық қатысушы -мемлекеттер бекіткеннен кейін күшіне енеді.
65 Бап
Нақты Шарт БҰҰ Хатшылығында тіркелу керек.
66 Бап
Тараптар өз міндеттемелерін орындаған кезде, нақты Шарттың ережелерін түсіндіруден және қолданудан туындайтын даулы мәселелерді, кеңестер, келіссөздер жүргізу немесе Тараптар келіскен басқа әдістермен шешеді.
Тараптар, нақты Шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағанынан туындайтын Тараптардың жауапкершілігі туралы келісім жасайды.
67 Бап
Бірлесуді басқаратын басқару органдарының тұрақты жерін Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Басқару органдары қатысушы-мемлекеттердің аумағында, со лжерде болу шарттары туралы бөлек келісім бойынша жұмыс істейді.
68 Бап
Нақты шарттың депозитарийі Интеграциялық Комитет болып табылады.
69 Бап
Тараптардың әр біреуі нақты Шарттан шыға алады, бұл үшін шығатын күннен 12 ай бұрын депозитарийге хабар беру керек.
70 Бап
Нақты Шартты бекіту керек және оны бекіткен қатысушы-мемлекеттер үшін, депозитарий үшінші қатысушы -мемлекеттен бекіту грамотасын сақтауға алған күнне бастап күшіне енеді.
Шарттың басқа қатысушы-мемлекеттері үшін ол, олардан депозитарий бекіту грамотасын сақтауға алған күнне бастап күшіне енеді.
Тәжікстан Республикасы үшін нақты Шарт, депозитарий Тәжікстан Республикасынан бекіту грамотасын алғаннан кейін және оның 1995 жылы 6 және 20 қаңтарларда жасалған Кеден одағы туралы Келісімдерге қосылуының құқықтық рәсімдері аяқталғаннан кейін күшіне енеді.
1999 жылдың 26 ақпанында Мәскеу қ. бір түпнұсқалық данада, беларус, қазақ, қырғыз, орыс және тәжік тілдерінде жасалған, барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Нақты Шарттың мәтіні бойынша Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді қолданады.
Шарттың түпнұсқалық данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, нақты Шартқа қол қойған әр тарапқа куәландырылған көшірмесі жіберіледі.
Беларусь Республикасы атынан А.Лукашенко
Қазақстан Республикасы атынан Н.Назарбаев
Қырғыз Республикасы атынан К.Жумалиев
Ресей Федерациясы атынан Б.Ельцин
Тәжікстан Республикасы атынан Э.Рахмонов