Тараптар Бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) сақтауына бақылау жасау өкілеттіктерін ЕЭК-на тапсыруы кезең-кезеңімен жүргізіледі.
ЕЭК бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) екі және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке жағымсыз ықпал ететін немесе ықпал ете алатын жосықсыз бәсекелестікке салынған тыйымды сақтау бөлігінде ұстануына бақылау жасау өкілеттіктері, Келісім талаптарының орындалуы шартымен Келісім күшіне енген күннен бастап 20 айдан кешіктірмей тапсырылады.
Өз кезегінде, Бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтар беру мәселелері бөлігінде жосықсыз бәсекелестікке салынған тыйымды сақтау бөлігінде ұстануына бақылау жасау өкілеттіктерін ЕЭК тапсыру, Тараптар зияткерлік меншікті қорғау саласындағы реттеудің бірыңғай ережелері туралы келісімді әзірлеп, қабылдаған соң ғана жүзеге асырылады.
Тараптар бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) екі және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке жағымсыз ықпал ететін немесе ықпал ете алатын бәсекелестікке қарсы келісімдерге салынған тыйымды сақтау бөлігінде ұстануына бақылау жасау өкілеттіктерін ЕЭК тапсыруды, Келісім талаптарының орындалуы шартымен Келісім күшіне енген күннен бастап 22 айдан кешіктірмей жүзеге асырады.
Тараптар бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) екі және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке жағымсыз ықпал ететін немесе ықпал ете алатын үстем жағдайды теріс пайдалануға салынған тыйымды сақтау бөлігінде ұстануына бақылау жасау өкілеттіктерін ЕЭК-на тапсыруы, Келісім талаптарының орындалуы шартымен Келісім күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей жүзеге асырылады.
Келісіммен бекітілген бәсекелестік ережелерін бұзғандық туралы істерді қарау бойынша өкілеттіктер ЕЭК-на тапсырылғанша, Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) бәсекелестіктің аталған ережелерін сақтауына бақылау жасалуын қамтамасыз етуді Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамасына сәйкес, Тараптардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Бұзылуы екі немесе одан көп Тараптардың аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке жағымсыз ықпал ететін немесе ете алатын, Келісіммен белгіленген бәсекелестік ережелерін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) сақтауына бақылау жасау өкілеттіктері Кеден одағының Комиссиясына тапсырылғанша, Тараптардың уәкілетті органдары бәсекелестіктің бірыңғай ережелері сақталуын ЕЭК қамтамасыз етуін қадағалап отырады.