Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау

 
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы Хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 29 Косымша, бұдан әрі  тиісінше – Хаттама, ЕАЭО туралы Шарт) сай тәсілдемелерге сәйкес жүзеге асырылады.


Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының көлемі мен деңгейін есептеуді біріздендіру мақсатында Комиссия Кеңесі ЕАЭО мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізетін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының рұқсат етілген деңгейін есептеу әдіснамасын бекітті (Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 163 шешімі).

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларына қатысты даулар Шартқа сай Комиссияның қатысуымен келіссөздер жүргізу және консультациялар арқылы шешіледі. Бүгінгі таңда ЕАЭО-да мұндай дауларды жүргізу практикасы жоқ, соған қарамастан Комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпанда қабылданған «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелерін қоса алғанда, келісімді (үйлесімді) агроөнеркәсіп саясатын іске асыруға байланысты даулар бойынша келіссөздер мен консультациялар ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы» № 6 ұсынымы мемлекетаралық дауды Еуразиялық экономикалық одақ Сотының қарауына дейін жеткізбей шешуге ықпал ететін болады. 

ЕАЭО Соты Статутының 82-тармағына сай нысанасы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылатын даулар қаралған кезде мамандандырылған топтар құрылады. ЕАЭО Соты Статутының 94-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсанда «Нысанасы өнеркәсіптік субсидиялар ұсыну және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері болып табылатын дауларды қарау шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ Соты құратын мамандандырылған топтардың сарапшылары көрсететін қызметтерге ақы төлеу туралы» № 29 шешімі қабылданды..

ЕАЭО мүше мемлекет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда ЕАЭО мүше басқа мемлекетке бұзушылықтың көлеміне тең мөлшерде өтемақы төлейді. Өтемақы төлеу тәртібі Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы «ЕАЭО мүше мемлекет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы міндеттемелерді бұзған жағдайда өтемақы төлеу тәртібі туралы» № 7 шешімімен белгіленген.


ЕАЭО туралы Шарттың 95-бабына сәйкес Агроөнеркәсіптік саясат департаменті ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласында  мыналарды жүзеге асырады: 

ЕАЭО мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына оның  Одақ шеңберіндегі міндеттемелерге сәйкестігі нысанасында мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу Комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 160 шешімімен ЕАЭО № 160 мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамасына мониторинг нәтижелерін қарау «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау» бағыты бойынша жұмыс тобының отырысы шеңберінде сирек дегенде үш айда бір рет жүзеге асырылады;
 
 мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасын үндестіру мәселелері бойынша, соның ішінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы міндеттемелерді сақтаумен байланысты дауларды шешу мәселелері бойынша консультациялар мен келіссөздер ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
 
мүше мемлекеттерге аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар жасай отырып, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласында шолулар дайындау және беру. Жыл сайын ЕАЭО мүше мемлекеттер Комиссияға Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 163 шешімімен бекітілген нысандарға сәйкес есепті кезең ішінде ауыл шаруашылығына ұсынылған мемлекеттік қолдау туралы хабарламаны және ағымдағы жылы жоспарланған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламаны жібереді. Аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тиімділігін кешенді бағалау мақсатында Комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 11. Ұсынымымен мақұлданған тиісті Әдіснама әзірленді. Келісілген әдіснамалық тәсілдемелерге сәйкес талдау жұмысы жүргізілді, аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар соның нәтижесі болды (Комиссия Алқасының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 28 ұсынымы);
 
мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін есептеуге байланысты мәселелер бойынша жәрдем көрсету.