Макроэкономикалық саясат департаменті — Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің (Беларусь, Қазақстан және Ресейдің) әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы  саясатты үйлестіру дәрежесін арттыру жөніндегі қызметті қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесі.

Макроэкономикалық саясат департаменті туралы ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 29 мамырдағы № 151 бұйрығымен бекітілді.​

Департаменттің штат саны 31 адамды құрайды.

Департаменттің міндеттерінжәне қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын негізгі құжат – 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім (2015 ж. бастап - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт). 

Департаменттің негізгі міндеттері:
1) БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің макроэкономикалық тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуді үйлестіру;
2) бірыңғай қағидаттар негізінде келісілген макроэкономикалық саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің макроэкономикалық саясатты жүргізу саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) макроэкономикалық саясат саласында Комиссияның реттеуші функцияларын жүзеге асыру;
5) макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша Комиссияның халықаралық қызметін қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдармен және органдармен өзара іс-қимыл.

Міндеттерді шешу шеңберінде Департамент мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмысты жүзеге асырады:
1. Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімді іске асыру мониторингі (2015 ж. бастап - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт, XIII бөлім «Макроэкономикалық саясат» және оған № 14 қосымша).
2. Экономикалық шолуларды дайындау.
3. Экономикалық болжамдарды қалыптастыру.
4. Зерттеулер жүргізу.
5. Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің қызметін сүйемелдеу.

Департаментте үш бөлім құрылған:
– әдіснама және талдау бөлімі;
– келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезіндегі ынтымақтастық бөлімі;
– экономикалық саясат стратегиялары бөлімі.

 

Бөлімдер туралы қысқаша ақпарат
           
Әдіснама және талдау бөлімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы ақша-кредит, бюджет саясаты мен мемлекеттік саясаттың басқа мәселелерін қоса алғанда, экономикалық жай-күй мен экономиканың даму перспективасына мониторинг жүргізу;​
2) БЭК-ке қатысушы-мемлекеттер экономикасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамдарын қалыптастырады;
3) экономиканың ағымдағы және перспективалы мәселелері бойынша баяндамалар, шолулар,анықтамалар, негіздемелер және өзге де талдамалық және таныстырылым материалдарын дайындайды;
4) әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық болжамдарын қалыптастыру,БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты  жүргізуі үшін қағидаттарды және сценарийлік параметрлерді айқындайды;
5) Комиссияның басқа департаменттеріне макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша консультация береді.​

 Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезіндегі ынтымақтастық бөлімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) қатысушы елдердің макроэкономикалық саясат мәселелері жөніндегі келісімді іске асыруын үйлестіреді;
2) аталған келісімдерге сәйкес құжаттардың әзірленуін үйлестіреді, сондай-ақ мұндай құжаттарды тікелей әзірлейді;
3) келісімдер нормаларының қатысушы елдердің ұлттық заңнамасында көрініс табуын реттеп отырады;
4) Комиссияның макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша шешімдерінің жобаларын, мемлекетаралық шарттармен келісімдер жобаларына қатысты қорытындылар дайындайды;
5) келісілген макроэкономикалық саясат саласында құжаттарды іске асыру мәселелері жөнінде баяндамалар, шолулар, анықтамалар, негіздемелер және өзге де талдамалық және таныстырылым материалдарын дайындайды;
6) мемлекетаралық шарттар мен келісімдерде көзделген мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығы көрсеткіштерінің динамикасына талдау жасайды, келеңсіз өзгерістерді анықтаған кезде ден қою шаралары бойынша ұсыныстар дайындайды;
7) макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша кеңесші және консультативтік органдардың жұмыстарына әдістемелік басшылықты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Экономикалық саясат стратегиялары бөлімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) экономиканың және оның салаларының дамуының ресми болжамдарына (бағдарламаларға, жоспарларға) талдау жүргізеді, құжаттарға Комиссияның өкілеттіліктерін іске асыру мақсатында қорытындылар дайындайды;
2) БЭК шеңберінде экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары жүйесін, оларға қол жеткізу бойынша келісілген іс-қимылдарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3) стратегиялық мақсатты таңдау саласында ұлтүсті нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, оны ұлттық заңнамаға имплементациялау бойынша ұсыныстар әзірлейді; 
4) Комиссия өкілеттіліктері шеңберінде экономикалық даму саласында стратегиялық құжаттардың әзірленуін үйлестіреді және оларды әзірлейді;
5) Комиссия өкілеттіктері шеңберінде стратегиялық мақсатты таңдау мәселелері бойынша баяндамалар, шолулар, анықтамалар, негіздемелер мен өзге де талдамалық және таныстырылым материалдарын дайындайды.