1) Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының негізгі бағыттары - орта немесе ұзақ мерзімдік кезеңде БЭК қалыптастыру бойынша мақсаттарға жетуді нақтылайтын стратегиялық құжат.
Әзірленген тұжырымдамалық тәсілдемелерге сәйкес, Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (КО және БЭК) мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының негізгі бағыттары - орта және ұзақ мерзімді кезеңде Бірыңғай экономикалық кеңістікті (2015 жылдан кейін Еуразиялық экономикалық одақты) қалыптастыру жөніндегі мақсаттарға жетуді нақтылайтын және оларға жетуді сипаттайтын міндеттер мен мақсаттық индикаторларды айқындайды.
Экономикалық дамудың негізгі бағыттары төмендегі мақсатта дайындалады:
-КО және БЭК мүше елдердің ұзақ мерзімдік тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
- КО және БЭК мүше елдердің экономикаларының тұрақтылығын арттыру және сыртқы жағымсыз құбылыстарға тәуелділігін төмендету;
- КО және БЭК мүше елдердің экономиканың барлық салаларындағы басым ұлттық мәселелерін шешуге қажетті экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз ету;
- Жорамалдарды дайындауды үйлестіру, соның ішінде макраэкономикалық саясаттың жорамалдық (мақсаттық) параметрлері де бар;
- Дамуы ұзақ мерзімдік тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алатын экономиканың басым секторларын анықтау;
- Бірыңғай экономикалық кеңістік төңірегінде интеграцияны тереңдету.
2) КО және БЭК мүше елдердегі ықпалдасуды және конвертацияны өлшеу көрсеткіштерінің жүйесі
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің негізгі Келісімдерін жүзеге асыру төңірегінде қатысушы мемлекеттерде орын алып жатқан ықпалдасу үрдістерінің мониторингі жүйесін дайындау жүргізілуде.
Бұл Комиссияның әрекеттерінің ұлттық базаны қалыптастырудың толықтығы тұрғысындағы және оны қолдануды бағалау тұрғысындағы келбетін анықтайды. Ұлттық деңгейде мониторингтің мәнісі "төрт еркіндік" принципін жүзеге асыру барысында бар және болуы ықтимал кедергілер болып табылады. Сонымен қатар КО және БЭК мүше елдер арасындағы экономикалық сыбайластықты (БЭК экономикаларының өзара үйлесімі), қатысушылардың экономикалық қызмет тәжірибесінде Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында туындайтын мүмкіндіктерді жүзеге асыруын білдіретін көрсеткіштер жүйесі қалыптасады.
3) Ықпалдастық үрдістердің өзара ықпалы мен дамуын ескере отырып КО және БЭК мүше елдердің өсуінің ұзақ мерзімдік келешегін анықтау.
Макроэкономика саясаты жөніндегі департамент Еуразиялық даму банкімен және Ресей Федерациясының экономикалық даму Министрлігімен, Баларусь Республикасының экономика Министрлігімен және Қазақстан Республикасының экономика мен бюджеттік жоспарлау Министрлігімен бірлесе отырып интеграциялық үрдістердің өзара ықпалы мен дамуын ескере отырып КО және БЭК мүше елдердің өсуінің ұзақ мерзімдік келешегін бағалау бойынша жұмыс жүргізуде.
4) КО және БЭК мүше елдердің экономикадағы тұрақсыздық қаупі артатын жағдайдағы экономикалық даму көрсеткіштерін «стресс-тестілеудің» құралдары.
КО және БЭК мүше елдердің экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу төңірегінде макроэкономикалық саясат Департаментінде сарапшылық қауымдастығының қатысуымен мақұлданған макроэкономикалық саясатты жүргізу және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен дисбалансты түзетуге бағытталған даму сценарийлерін және жорамалдарын дайындауға арналған үлгілік кешен қалыптастырылады.
5) КО және БЭК мүше елдер экономикалық даму тұрақтылығын білдіретін макроэкономикалық көрсеткіштердің келістірілген мәндерін арттырған жағдайда экономикалық жағдайда тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу және бекіту Тәртібінің жобасы
2010 жылдың 9 желтоқсанындағы макроэкономикалық саясат туралы Келісімде Тараптар Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңес бекітетін тұрақтылықтың макроэкономикалық көрсеткіштерінің қалыптастырылған мәндерін арттырған жағдайда экономикалық дамудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған және жағымсыз экономикалық жағдайларды түзетуге бағытталған шаралар бойынша ұсыныстар дайындау қарастырылған. Дегенмен, аталмыш Келісім КО және БЭК мүше елдер мен Комиссияның әзірлеу және қабылдау барысындағы үрдістері мен әрекеттерінің кезектілігін анықтамайды.
Салдарынан, Тараптар экономикалық дамудың тұрақтылығын білдіретін макроэкономикалық көрсеткіштерінің сандық мәндерін арттырған жағдайда экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ортақ шараларын әзірлеуі мен бекіту тәртібін анықтай алатын жеке құжат қажет.