КО және БЭК шарттық-құқықтық базасын кодификациялау

2010 жылғы 9 желтоқсанда мемлекеттер басшылары Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы Декларациясында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің Еуразиялық экономикалық одақ құруға қарай жылжудағы кейінгі дамуы туралы мәлімдеді.

2011 жылдың 18 қарашасында Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация қабылданды, онда соның ішінде Тараптардың халықаралық шарттарды кодификациялау бойынша жұмысты 2015 жылдың 1 қаңтарына аяқтауға ұмтылу және осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру көзделген.

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің  келісім-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар кодификациясы ЕурАзЭС үкімет басшылар деңгейіндегі Халықаралық кеңестің (Кеден одағының жоғары органы) 2011 жылғы 15 наурыздағы № 73 "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы Декларациясын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік заңнамасын кодификацияла тәсілдемелері туралы" шешіміне және ЕурАзЭС үкімет басшылар деңгейіндегі Халықаралық кеңестің (Кеден одағының жоғары органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 91 "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жыл үшін шығыстар сметасын орындау туралы жылдық есебі туралы" шешіміне сәйкес жүргізіледі. 

Көрсетілген жұмысты үйлестіру және бақылау үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының шеңберінде жеке бағыттар бойынша кіші сараптау топтары жинақталды. Шарт жобасының мәтінін кіші топтар шеңберінде талқылау бойынша жұмыс 2012 жылдың 8 қазанына бастап жүргізіліп келеді.

2012 жылдың 19 желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес № 21 "Интеграцияның негізгі бағыттарын жүзеге асыру" шешімін қабылдады, онда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының үкіметтері және ЕЭК 2013 жылдың 1 мамырына дейін интеграцияны дамытудың кейінгі бағыттарын қарастырып, Шарт жобасын дайындауды 2014 жылдың 1 мамырына дейін аяқтаулары тиіс екендігі көзделген.