КӘСІПКЕРЛІК, ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУМЕН САУДА, ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰРУ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ САЛАСЫНДАЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Тауарларды өзара сату кезінде шектеулер қолданылуы мүмкін бе?

Шарттың 28б. өзара тауарлар саудасындағы ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде Одаққа мүше мемлекеттердің тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауы көзделген.

Егер шектеулер (мұндай шаралар аяқталмаған кемсітушілік құралы немесе сауданы жасырын шектеу болып табылмайтын жағдайларда) елдің қорғанысын және мүше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоғамдық моральды және құқықтық тәртіпті қорғау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғау үшін мүше мемлекеттер өзара тауарлар саудасында шектеулер қолдануға құқылы (Шарттың 29б.).
 
Құру, қызметі және қызметтер көрсету кезінде Одаққа мүше мемлекеттердің тұлғаларына қатысты Шарттың нормаларымен қандай жаңа кепілдіктер белгіленген? Шарттың ұлттық және өзге режимдік қағидаларының ерекшеліктері неде?

Шарттың № 15 бөлімі ұлттық режимнің (бұдан әрі - ҰР), яғни өзге Тарап тұлғаларына (соның ішінде азаматтар, жеке кәсіпкерлер, қызметтерді жеткізушілер және алушылар, Тараптардың тұлғалары бақылайтын еншілес және өзге құрылтайшылар) барлық шараларға қатысты өз елінің тұлғаларына ұсынылатыннан нашар емес қызметтер көрсетумен сауда, құру және қызметін жүзеге асыру шарттарын ұсыну режимінің ұсынылуына кепілдік береді.  01.01.2015 дейін шетел капиталы бар тұлға үшін немесе басқа Тараптардың тұлғалары немесе олардың қатысуымен құрылған еншілес ұйымдар үшін ҰР қолдану мүмкін болмаған. Енді ҰР кез-келген заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде Одақ аумағында құрылған немесе жасалған филиалдар мен өкілдіктерге кепілді түрде ұсынылады.

Тараптардың қызметтер көрсетуді алушыларға барынша қолайлылық режимін (бұдан әрі - БҚР) ұсыну бойынша міндеттемелері болған жоқ. Енді қызметтер көрсетуді алушыларға БҚР кепілді түрде ұсынылады (яғни үшінші елдерден осындай қызметтер көрсетуді алушыларға ұсынылғаннан нашар емес режим). Егер үшінші елдер үшін енгізілген шараларға қатысты мүше мемлекеттер үшін ұсынылатыннан аса қолайлы режим қолданылса, онда осы шараны енгізген мемлекет осындай немесе қолайлылығы кем режимді Тараптардың тұлғаларына автоматты түрде қолдануға міндетті болады. Бұдан бұрын басқа Тараптың аумағында, соның ішінде олармен құрылған ұйымдар, ашылған филиалдар мен өкілдіктер арқылы іс-қимыл жасайтын бір Тараптың тұлғаларына қатысты БҚР қолдану мүмкін болмайтын. Кез-келген Тарап басқа Тарап тұлғаларына осындай преференцияларды ұсынбай, үшінші елдерге қатысты кез-келген артықшылықтарды енгізе алатын.

01.01.2015 бастап БҚР кез келген заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде Одаққа кез келген мүше мемлекеттің аумағында құрылған немесе жасалған филиалдарға және өкілдіктерге кепілді түрде ұсынылады.

01.01.2015 бастап ҰР, БҚР және Шарттың № 15 бөлімінде көзделген өзге кепілдіктер қолданылатын тізбелер «теріс» қағидат бойынша құрылған (яғни, көлденең және секторалды шектеулер болмаса, қызметтер көрсетудің барлық секторлары және қызмет түрлері бос).
ДСҰ және интеграциялық одақтар қабылдамаған осындай жаңа енгізілім ырықтандырумен қамтылатын қызметтер көрсету секторлар санын кеңейту мүмкіндігін берді. Осыған байланысты Тараптардың кәсіпкерлері үшін қызметтер көрсету (тұтыну), қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру үшін көп нарық саны ашылды.

Осылайша, Шарттың № 15 бөлімінде ғана интеграциялық бірлестіктердің тарихында алғаш рет толыққанды ҰР, БҚР, Одаққа мүше мемлекеттердің барлық тұлғасына өзінің іс-қимылын тарататын, санды және инвестициялық шектеулерді қолданбау режимі белгіленген.

Қандай құжаттарда шектеулер мен алып тастаулар тізбесі бар? Олар толық болып табылады ма?

№ 16 қосымшаның 2 тармағында тек жеке ұлттық тізбелерді (бұдан әрі - ЖҰТ) ЖЕЭК-ке бекітуге уәкілеттіктерді беру көзделген, бұл ЕАЭО туралы шарттың аталған нормаларын іске асыра отырып, қызметтер көрсетудің «жабық» секторларын және қызмет түрлерін ЖҰТ-тан ұтқыр және кезеңмен алып тастау мүмкіндігін береді.

Шарттың № 16 қосымшасына № 2 қосымша және 23.12.2014 жылғы № 112 Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің шешімінде (бұдан әрі - № 112 шешім) ҰР, БҚР, санды және инвестициялық шектеулерді қолданбау режимдерін қоса алғанда, көлденең шектеулер мен секторалды алып тастаулардың жинағы аз.

Мүше мемлекеттер жаңа шектеулерді, соның ішінде кемсітпейтін негізде шектеулерді енгізе алады ма?

ЕАЭО туралы Шарттың 66-бабы мынаны қамтамасыз етеді: 1) қол жеткізілген уағдаластықтардан шегінуге және қызметтер көрсетумен сауданы, инвестицияларды құру, қызметі және оларды жүзеге асыруды қайта ырықтандыруға жол бермеушілікті; 2) нарықтағы қазіргі жағдайды бекітуді; 3) қызметтер көрсетумен сауданы, инвестицияларды құру, қызметі және оларды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің тұлғаларына ұсынылатын режимнің тұрақтылығы және нашарлатуға тыйым салуды.

Бұл норма ЕАЭО туралы шарттың 67-бабында баяндалған «реттілік» қағидатымен күшейтілген, кез-келген шараны қабылдау кезінде ЕАЭО туралы шартқа қол қою күні (яғни, 29.05.2015) қолданылатын талаптармен және осы Шартта бекітілген талаптармен салыстырғанда өзара қолжетімдік шарттарының нашарлауына жол бермеу керек.

Ақыр соңында, шартқа № 16 қосымшаның 62-т. негізінде Тараптар бизнестің кез-келген субъектісінің пайдасын жоятын немесе қысқартатын рұқсат ету талаптарын және рәсімдерін қолдана алмайды, олар Тараптың заңнамасымен белгіленген жоқ және 29.05.2015 жылы осындай Тараппен қолданылған жоқ.

Осылайша, Шарттың № 15 бөлімінде ғана интеграциялық бірлестіктер тарихында алғаш рет мыналар белгіленген:

Одақ туралы шарт күшіне енген күні қолданылатын, халықаралық келісімдерде және ұлттық заңнамада белгіленген режимдерді нашарлату мүмкін еместігі;

қызметтер көрсетумен сауданы, құру және қызметін ұлттық немесе ұлттықтан жоғары реттеу кезінде жаңа тосқауылдардың туындауына жол бермеу және іс-қимыл жасайтын тосқауылдарды жою міндетті.

Бірыңғай қызметтер көрсету нарығының ережелері қалай және қызметтер көрсетудің қандай секторларында іске асырылады?

Шарттың № 15 бөлімінде бірыңғай қызметтер көрсету нарығының ережелері (бұдан әрі - БҚКН), ырықтандыру жоспарларын көздейтін, жекелеген қызметтер көрсету секторлары бойынша қалыптастыру тәртібі және кезеңдері белгіленген.

Шарт негізінде 23.12.2014 жылғы № 110 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен  қызметтер көрсетудің 43 секторы бекітілген, онда кәсіпкерлер үшін 01.01.2015 жылдан бастап БҚКН жұмыс істейді.

Бұл ландшафт саласындағы қызметтер көрсету; аңшылық шаруашылығын жүргізу; лизинг және жалға алу; жалға беру; салық салу саласында қызметтер көрсету; есептегіш техникамен байланысты деректерді өңдеу және бағдарламалық жабдықтауды қолдану бойынша қызметтер көрсету; сәулет саласы және басқару мәселелері бойынша консультациялық қызметтер; нарықты зерттеу және жұртшылықтың пікірін анықтау; қызметкерлер құрамын орналастыру және таңдау қызметтерін көрсету; орынжайларды жинау қызметтерін көрсету; фото қызметтерін көрсету; келіссөздер мен жиналыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсету, аудармалар; ойын-сауықты ұйымдастыру қызметтерін көрсету.

Қызметтер көрсетуді жеткізушілерге немесе алушыларға, БҚКН-ның секторларына жатқызылған қызметтер көрсетудің өзіне режимнен алып тастаулар, сондай-ақ қосымша шектеу шаралары, соның ішінде санды және инвестициялық сипаты бар шаралар қолданылады ма?

Шартқа № 16 қосымшаның 38-тармағына сәйкес Тараптар кез-келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына № 16 қосымшаның 21, 24, 27, 29, 30 және 32-тармақтарында көрсетілген шарттарда, Шартқа № 16 қосымшаға № 2 қосымшада көзделген талаптар мен шектеулерді қоса алғанда, шектеусіз, алып тастаусыз және қосымша талапсыз қызметтер көрсетуді жеткізу және алу құқығын ұсынуға міндетті (көлденең шектеулер: жердің меншік иесі, мемлекеттік қолдау, жер қойнауын пайдадалану және тағы басқа).

Осылайша, қызметтер  жеткізушілеріне немесе алушыларына, БҚКН-ның секторларына жатқызылған қызметтердің өзіне мыналар қолданылмайды:

режимдерден алып тастаулар және санды, инвестициялық сипаты бар қосымша шектеу шаралары (№ 16 қосымшаның 30 және 32-тармақтарында аталған);

пайдалану мүмкіндігі Шартта көзделген, кез-келген өзге шектеулер мен талаптар, соның ішінде Шартқа № 16 қосымшаның 15, 16, 17, 73-тармақтарында, Шартқа № 17 қосымшаның 6 және 7-тармақтарында көзделген шектеулер мен талаптар.

БҚКН-на жатқызылған секторларда қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) үшін заңды тұлғаны немесе өкілдікті немесе заңды тұлғаның филиалын ғана құру қажет пе?

Шартқа № 16 қосымшаның 38 тармағының негізінде әрбір Тарап кез келген басқа Тараптың тұлғаларына заңды тұлға ретінде тіркелген мүше мемлекеттердің аумағында қызметтер көрсетуді жеткізушілер алған, жеткізуге рұқсаттарды мойындаумен қызметтер көрсетуді жеткізуге және алуға құқық ұсынуға міндетті.

Яғни, БҚКН шеңберінде бір Тараптың бизнес субъектілеріне өзінің қызметтерін заңды тұлға түрінде құрылмай басқа мүше мемлекеттің аумағында көрсету мүмкіндігі ұсынылады.

№ 16 қосымшаға сәйкес өкілдіктер мен филиалдар дербес заңды тұлғалар емес, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелері болып табылады, осыған орай бірыңғай нарыққа жатқызылған қызметтер көрсету секторлары бойынша бір Тараптың бизнес субъектісі өз қызметтерін басқа Тараптың аумағында көрсету үшін өкілдік немесе филиал ретінде құрылу керек.

Бір мүше мемлекеттің тұлғасы осындай тұлға аумағында қызмет жүзеге асырғалы жатқан немесе қызметтер көрсетуді жеткізгелі жатқан, ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес рұқсат немесе лицензияны қайта алу қажет пе (соның ішінде БҚКН шеңберінде)?

Шартқа № 16 қосымшаның 38-тармағының негізінде кез-келген Тарап БҚКН шеңберінде кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына өз елінің аумағында қызметтер көрсетуді жеткізушілер алған, рұқсаттарды мойындаумен қызметтер көрсетуді алу және жеткізу құқығын ұсынуға міндетті.

Сонымен бірге БҚКН-ға жатқызылмаған қызметтер көрсету секторларында және өзге қызмет түрлерінде, егер Тараптың заңнамасында қандай да бір қызмет түрі лицензиялауға жататын болса немесе оны жүзеге асыруға өзге рұқсат қажет болса, кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына (соның ішінде олар құрған тұлғаларға) осы Тараптың резиденті-кәсіпкерлерге сияқты тең дәрежеде рұқсат құжаттарды алу қажет болады. Алайда, Тарап Шартқа № 2 қосымшада немесе № 112 шешімде көрсетілген, секторалды немесе көлденең шектеулерді кейінге сақтаса, бұл ереже қолданылмайды.

Барлық Тараптар өздерінің ұлттық Тізбелерінде (№ 112 шешім) Одаққа осы мүше мемлекеттің заңды тұлғасы түрінде құрылудың міндетті талабы бөлігінде барлық лицензияланатын қызмет түрлері бойынша «шатырлы» алып тастауларды бекітті. Алайда, бұл шектеу БҚКН жұмыс істейтін секторлар Тізбесіне жатқызылған қызметтер көрсету секторына қолданылмайды.

БҚКН шеңберінде салықтар қалай төленеді (табыс салығы, кіріс салығы, ҚҚС және т.б.)?

Жанама салықтар (акциздер, ҚҚС) аумағында осындай қызмет көрсету жеткізілген мүше мемлекетте, яғни ұлттық режим бойынша өндіріп алынады (ЕАЭО туралы шарттың 72 б. 2 тармағы).

Жеке тұлғалардан өндіріп алынатын тікелей салықтарға қатысты басқа мүше мемлекеттің резиденттерін-жұмысшыларын жалдау кезінде, Шартта нормалар белгіленеді, оларға сәйкес осындай жұмысшының табысы осындай жұмысшы жұмыс істейтін мүше мемлекетте белгіленген ставкалар бойынша салық салынады (ұлттық режим) (ЕАЭО туралы шарттың 73 бабы).

Бұдан басқа, тікелей салық мәселелері Тараптар қатысушылары болып табылатын, қос салық салуға жол бермеу туралы халықаралық келісімдерде көзделеді.

Тауарлар экспорты және импорты кезінде, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде төленуін бақылау механизмі мен жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі туралы хаттаманың (Шартқа № 18 қосымша) 28-тармағының негізінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар аумағы жұмыстарды, қызметтер көрсетуді іске асыру орны болып танылатын мүше мемлекетте жүзеге асырылады (өңдеу өнімдерін басқа мемлекеттің аумағына шығара отырып, бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелінген өңделме шикізатты өңдеу бойынша жұмыстарды іске асыруды қоспағанда).

Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтар ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салық жеңілдіктері (салық салудан босату), жалпы ереже бойынша, аумағы жұмыстарды, қызметтер көрсетуді іске асыру орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте жұмыстарды, қызметтер көрсетуді іске асыру орны, егер:

1) жұмыстар, қызметтер көрсету осы мүше мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке тікелей байланысты;

2) жұмыстар, қызметтер көрсету осы мүше мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралына тікелей байланысты;

3) мәдениет, өнер, оқыту (білім), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер көрсету осы мүше мемлекеттің аумағында көрсетілген;

4) осы мүше мемлекеттің салық төлеушілері:

консультациялық, заңдық, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтер көрсетуді, ақпаратты өңдеу бойынша қызметтер көрсету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстаржы сатып алса, мүше мемлекеттің аумағы болып танылады;

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар мен дерекқорларды (есептегіш техниканың бағдарламалық құралдары және ақпараттық өнімдері) әзірлеу бойынша жұмыстар, қызметтер көрсету, оларды бейімдеу және модификациясы, осындай бағдарламалар дерекқорларды сүйемелдеу;

егер қызметкерлер құрамы сатып алушы қызмет ететін жерде жұмыс істесе, қызметкерлер құрамын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

Сондай-ақ, осы тармақшада көрсетілген ережелер:

мемлекетпен қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілеріне, сауда маркаларына, тауар белгілеріне, фирмалық атауларға, авторлық, сабақтас құқықтар немесе өзге баламалы құқықтарға қызмет көрсету белгілеріне құқықтарды куәландыратын патенттер, лицензиялар, өзге құжаттарды беру, ұсыну, шегіну;

көлік құралдарын өзге негіздермен пайдалануға ұсыну, лизинг, жалға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті өзге негіздермен пайдалануға ұсыну, жалға беру, лизинг;

осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін шарттың (келісім-шарттың) негізгі қатысушысы үшін өз атынан немесе шартқа (келісім-шартқа) негізгі қатысушының атынан қатыстыратын тұлға қызмет көрсету кезінде қолданылады;

5) егер 1 – 4 тармақшаларында өзгесі көзделмесе, осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындайды, қызметтерді көрсетеді.

Ресей Федерациясының Салық кодексінің (РФ СК) 148-бабы бойынша, егер:

1) жұмыстар (қызметтер көрсету) Ресей Федерациясының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке (әуе, теңіз кемелерін және ішкі жүзу кемелерін, сонымен өатар ғарыштық объектілерді қоспағанда) тікелей байланысты болса, жұмыстарды (қызметтер көрсетуді) іске асыру орны Ресей Федерациясының аумағы болып танылады. Мұндай жұмыстарға (қызметтер көрсетуге), атап айтқанда, құрылыс, монтаждау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, реставрациялық жұмыстар, көгалдандыру жұмыстары, жалға беру бойынша қызметтер көрсету жатады.

2) жұмыстар (қызметтер көрсету) тікелей жылжымалы мүлікпен, әуе, теңіз кемелерімен және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан ішкі жүзу кемелерімен байланысты. Мұндай жұмыстарға (қызметтерге) атап айтқанда, монтаж, құрастыру, қайта өңдеу, өңдеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жатады;

3) қызметтер іс-жүзінде Ресей Федерациясының аумағында мәдениет, өнер, білім (оқыту), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласында көрсетіледі;

4) жұмыстарды (қызметтерді) сатып алушы қызметін Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырады.

Егер салық төлеуші салық салу тәртібі Шарттың XVII "Салықтар және салық салу" бөлімімен реттелетін, бірнеше жұмыс, қызметтер түрін көрсетсе, орындаса және бір жұмыстар, қызметтер түрін іске асыру басқа жұмыстар, қызметтер түрін іске асыруға қатысты қосымша сипатқа ие болса, онда қосалқы жұмыстарды, қызметтер көрсетуді іске асыру орны негізгі жұмыстарды, қызметтер көрсетуді іске асыру орны болып танылады.

Егер ұйым немесе жеке кәсіпкер бірнеше жұмыстар (қызметтер) түрін көрсетсе, орындаса және бір жұмыстарды (қызметтерді) іске асыру басқа жұмыстарды (қызметтерді) іске асыруға қатысты қосымша сипатқа ие болса, РФ СК 148-бабы 3-тармағында жұмыстарды іске асыру орны баламалы түрде айқындалады.

Жұмыстарды (қызметтер көрсетуді) сатып алушы ұйымды немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу негізінде, ал ол болмаған кезде немесе аталған ұйымның филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты – ұйымның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген орын, ұйымды басқару орны, тұрақты іс-қимыл жасайтын атқарушы органы орналасқан орны, тұрақты өкілдік орналасқан орны (егер жұмыстар (қызметтер көрсету) осы тұрақты өкілдік арқылы алынса), жеке тұлғаның тұрғылықты орны негізінде іс-жүзінде Ресей Федерациясының аумағында  болған жағдайда РФ СК-нің 148 бабы бойынша сатып алушының қызмет ету орны Ресей Федерациясының аумағы болып есептеледі. Осы тармақшаның ережесі:

патенттер, лицензиялар, сауда маркалары, авторлық құқықтар немесе өзге баламалы құқықтар ұсыну, беру;

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар мен дерекқорларды (есептегіш техниканың бағдарламалық құралдары және ақпараттық өнімдері) әзірлеу бойынша жұмыстар, қызметтер көрсету, оларды бейімдеу және модификациясы;

консультациялық, заңдық, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтер көрсетуді, ақпаратты өңдеу бойынша қызметтер көрсету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жұмыстарды сатып алған кезде қолданылады; Инжинирингтік қызметтер көрсетуге өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және іске асыру процесін дайындау бойынша, құрылысты дайындау және өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылық және өзге объектілерді пайдалану бойынша инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, жобадан бұрын және жобалық қызметтер көрсету жатады (техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалық-конструкторлық әзірлемелер және өзге ұқсас қызметтер көрсету). Ақпаратты өңдеу бойынша қызметтер көрсетуге ақпараттық массивтерді жинау және жалпылау, жүйелендіру және пайдаланушының өкімінек осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін ұсыну;

егер қызметкерлер құрамы сатып алушы қызмет ететін жерде жұмыс істесе, қызметкерлер құрамын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

жер үсті автокөлік құралдарын қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру;

осы тармақшада көзделген қызметтер көрсету үшін келісімшарттың негізгі қатысушысының атынан қатыстырылатын тұлға (ұйым немесе жеке тұлға), агент қызметтерін көрсету кезінде қолданылады.

Жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) орнын растайтын құжаттар:

1) Шетел немесе Ресей  тұлғаларымен жасалған келісімшарт;

2) жұмыстардың орындалу (қызметтердің көрсетілу) фактісін растайтын құжаттар.

Шартқа № 16 қосымшада көзделген 4 тәсілдің қайсысымен БҚКН шеңберінде құрылыс қызметтерін жеткізуге болады?

БҚКН шеңберінде құрылыс қызметтерін көрсету қызмет көрсетушінің қалауы бойынша кез-келген ықтимал тәсілмен жеткізілуі мүмкін:

1) бір Тараптың аумағынан кез-келген басқа мүше мемлекеттің аумағына (трансшекаралық, мысалы: жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау және консультация беру, сәулет-жобалау жұмыстары бойынша қызметтер көрсету бөлігінде инженерлік салаларда қызметтер көрсету; жер пайдалану бағдарламаларының жобаларын әзірлеу бойынша, экологиялық салдарға және қалаларды дамыту бағдарламаларын экономикалық бағалауға қатысты зерттеу жүргізу бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, қала құрылысын жобалау саласында қызметтер көрсету; саябақтардың эстетикалық ландшафтын, коммерциялық жер учаскелерін, тұрғын үйге арналған жер учаскелерін жоспарлау және жобалау бөлігінде ландшафтты сәулет саласында қызметтер көрсету; жер учаскелерінің жоспарларын, жұмыс сызбаларын, техникалық шарттарды дайындау; жергілікті жер бедерінің нобайларын дайындау; көзделетін өсімдіктер отырғызуға және аллея, шарбақ және көлік тұрағына арналған алаң сияқты объектілерді құруға  шығындар сметасын дайындау);

2) басқа мүше мемлекет қызметтерін алушысына осы Тараптың тұлғасымен осы Тараптың аумағында (шетелде тұтыну);

3) басқа мүше мемлекеттің аумағында құру арқылы бір Тарап қызметтерінің жеткізушісімен (коммерциялық болу арқылы);

4) осы Тараптың жеке тұлғаларының басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасуы арқылы бір Тарап қызметтерінің жеткізушісімен.

Мысалы, қысқа мерзімге қандай да бір объекттерді салу үшін құрылыс бригадасын жіберу арқылы (соның ішінде консорциум шарты немесе өзге ұқсас келісімдер негізінде); егер қызмет 30 күннен артық көрсетілсе, салық төлеу үшін филиал немесе өкілдік құру керек. Әйтпесе, бақылаушы және құқық қорғау органдарымен бұл қызмет филиал немесе өкілдік ашпай заңсыз кәсіпкерлік болып саралануы мүмкін.

Қызмет түрі сияқты құрылысқа «автоматты» танылған рұқсаттан басқа, БҚКН шеңберінде қабылдаушы мүше мемлекеттің (реципиенттің) аумағында алу қажет болатын қандай қосымша рұқсат құжаттары қажет?

Әрбір қатысушы елде жеке рұсқаттардың өз тізбесі бар, онсыз құрылыс басталмайды, ал басталғаны жалғастырыла алмайды.

Мысалы, құрылыс қызметін жүзеге асыруға рұқсат автоматты түрде мойындалады, ал жер жұмыстарын жүргізуге рұқсатты мүше мемлекеттің уәкілетті органында алу керек.

Қазақстан Республикасында бұл рұқсаттар 16.05.2014 жылғы «Рұқсаттар және хабарландырулар туралы» заңда аталған (құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісін бастау туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен беріледі, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, нобайлық жобаны келісу, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылымдарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім, қабылдау комиссиясының объектіні қабылдау акті, құрылысқа жобалаудан бұрын (техникалық-экономикалық негіздеме) және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға дереккөзге және т.б. тәуелсіз сараптама жүргізу).

Беларусь Республикасында 17.02.2012 жылғы № 156 Беларусь Республикасының Министрлер кеңесінің Қаулысымен бекітілген, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар жүзеге асыратын Әкімшілік рәсімдердің бірыңғай тізбесі қолданылады.

Бір Тараптың аумағында алынған, құру, қызмет ету, соның ішінде қызметтер көрсету үшін қажетті қандай құжаттарды басқа Тараптың аумағында пайдалану үшін куәландыру керек?

Шарт мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында тиімді әкімшілік ынтымақтастық көрсету мүмкіндігін көздейді, бұл құжаттаманы куәландыру қажеттігін алып тастау мүмкіндігін береді.

Шарттың 68-бабы 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің құзыретті органдары жасалған келісімдер шеңберінде басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарынан олардың құзыреті саласына жататын және Шартқа № 16 қосымшада көзделген талаптарды тиісті іске асыру қажетті ақпаратты, соның ішінде құзыретті органдар берген рұқсаттар және жүзеге асырылуы үшін рұқсат берілген қызмет түрлері туралы ақпаратты оны сұратқан басқа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына ұсынуға тиіс.

Шарттың № 16 қосымшаның 38-тармағының талаптарына сүйене отырып, қызметтер көрсетуді жеткізушінің қызметкерлер құрамының кәсіби біліктілігі автоматты түрде мойындалады, яғни басқа мүше мемлекетте қызмет көрсету үшін құжаттаманы ұсыну үшін бір мүше мемлекетте алынған құруға байланысты, рұқсаттарға, біліктілікке байланысты құжаттаманы куәландыру қажеттігі жоқ.

Қызметтер көрсетудің қалған секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыруға дейін қызметтер көрсетуге байланысты құжаттаманы куәландыру талаптары аумағында құру және қызметін жүзеге асыру жоспарланатын, Тараптың заңнамасы негізінде айқындалады.

Мүше мемлекеттердің еңбекшілері жұмысқа орналасқан мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген білім туралы құжатты мойындау рәсімдерін жүргізбей (Шарттың 97 бабы), мүше мемлекеттің білім беру ұйымдары (білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар) берген, білім беру туралы құжаттар танылады.

Басқа мүше мемлекетте педагогикалық, құқықтық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметке орналасуға үміткер бір мүше мемлекеттің еңбекшілері жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасымен белгіленген білім беру құжаттарын тану рәсімінен өтеді және жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісінше педагогикалық, құқықтық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметке орналаса алуы мүмкін.

Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген ғылыми дәреже және ғылыми атақтар туралы құжаттар жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес танылады.
 
Бұл ретте жұмыс берушілердің, қызметтер көрсету тапсырыс берушілердің білім беру туралы құжаттардың жұмысқа орналасатын мемлекеттің тіліне нотариалды аударуды сұратуға, соның ішінде білім беру туралы құжат берген білім беру ұйымдарына (білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар), ақпараттық дерекқорларға жүгіну және тиісті жауаптар алу арқылы, мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің білімі туралы құжаттарды сәйкестендіру мақсатында қажет болса сұратулар жіберуге құқығы бар.

Құжаттаманы куәландыру механизмі халықаралық конвенциялармен және әрбір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасымен айқындалады.

XV бөлім және Шартқа № 16 қосымшада құру, қызмет ету және қызметтер көрсету саудасы үшін талап етілетін құжаттарды ерекше куәландыру міндетін көздемейді. Яғни, құру, қызмет ету және қызметтер көрсету саудасы үшін талап етілетін құжаттар мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген тәртіппен және жағдайларда өз тұлғалары үшін ғана ұсынылу керек.

Бір мүше мемлекеттің тұлғасы басқа Тараптың жергілікті құрылыс компанияларымен тең шартпен тендерлерге (сауда-саттыққа), соның ішінде мемлекеттік және муниципалдық тендерлерге қатыса алады ма?

Мүше мемлекеттің құрылыс фирмасы жалпы құрылыс жұмыстары бөлігінде жергілікті құрылыс компанияларымен тең шарттармен мемлекеттік емес (муниципалдық емес) тендерлерге қатыса алады, себебі ол үшін алып тастауларсыз ұлттық режим қолданылады (2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімге сәйкес жалпы құрылыс жұмыстары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай қызметтер көрсету нарығы қалыптасқан, Қызметтер көрсету тізбесіне енгізілген).

Мүше мемлекеттің құрылыс фирмасы өте қауіпті және техникалық күрделі объектілерде құрылыс жұмыстары бөлігінде жергілікті құрылыс компанияларымен тең шарттармен мемлекеттік емес (муниципалдық емес) тендерлерге қатыса алады, себебі ол үшін алып тастауларсыз ұлттық режим қолданылады (2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 ЖЕЭК шешіміне сәйкес жалпы құрылыс жұмыстары бойынша алып тастаулар енгізілмеген).

Мүше мемлекеттің құрылыс фирмасы жергілікті құрылыс компанияларымен тең шарттармен мемлекеттік (муниципалдық) тендерлерге қатыса алады, себебі ол үшін Шартқа Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамада көзделген (№ 25 қосымша) ҰР қолданылады.

Тараптардың тұлғалары қалай және қандай заңнама негізінде, соның ішінде БҚКН шеңберінде қызметті жүзеге асырған жағдайда (яғни заңды тұлға нысанында құрылмай) жауапкершілікке тартылуы мүмкін?

Басқа Тараптың тұлғалары заңды тұлғаны құрған жағдайда, мұндай заңды тұлға және оның қызметкерлер құрамы қызметті жүзеге асыру кезінде аумағында құқық бұзушылық жасалған Тараптың заңнамасымен көзделген толық жауапкершілікті көтереді.

30.12.2001 жылғы № 195-ФЗ Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде заңды және жеке тұлғаларға (соның ішінде шетел азаматтары), өкілдіктер мен филиалдар сияқты әсер ету шараларын қолдану мүмкіндігі көзделген.

Беларусь Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 1.4-бабы Беларусь Республикасының аумағында орналасқан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғалар,а, сонымен қатар Беларусь Республикасының заңды тұлғалары және азаматтарымен қатар жалпы негізде шетел заңды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілікті қолдануды көздейді.

05.07.2014 жылғы № 235-5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 34-бабына сәйкес:

Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады;

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Тараптардың бақылаушы (қадағалаушы) органдарымен басқа мүше мемлекеттерден қызмет көрсетушілердің өкілдіктері мен филиалдары тексерілуге жатады ма?

Тараптардың әртүрлі бақылаушы (қадағалаушы) органдары, егер мұндай қызмет тиісті мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылса, Одаққа басқа мүше мемлекеттің құрылған тұлғаларымен филиал (өкілдік) қызметін тексеруге құқылы.

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 06.01.2011 жылғы № 377-4 Қазақстан Республикасының заңымен тексерілетін субъектілер ретінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдікті қоса алғанда, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар көзделген.

Сондай-ақ, тексеру шеңберінде маңызды мәні бар, шетел мемлекеттерінен мәліметтер мен құжаттар алу міндеті көзделген.

16.10.2009 жылғы № 510 «Беларусь Республикасында бақылау (қадағалау) қызметін жетілдіру туралы» Беларусь Республикасының Президентінің  жарлығымен төлеушінің есептік нөмірі бар ұйымдарды, олардың оқшауланған бөлімшелерін, шетелдік ұйым өкілдіктерін тексеру көзделген. Бұл ретте құрылған күннен бастап екі жыл ішінде шетелдік ұйым өкілдікретін тексеруге тыйым салынған.

26.12.2008 жылғы № 294-ФЗ "Мемлекеттік бақылау (қадағалау) және муниципалдық ақылау жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы" федералдық заң тексерілетін субъектілер ретінде шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін жеке бөлмейді. Сонымен қатар Шартқа № 16 қосымшаның 21-26 тармақтарының (мүше мемлекеттердің барлық шараларына қатысты ҰР көздейтін) ережелері негізінде 26.12.2008 жылғы № 294-ФЗ федералды заң Одақ аумағынла құрылған шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары – субъектілері үшін тең дәрежеде қолданбалы.