Мониторинг және ақпараттық өзара іс-қимыл бөлімі​

Телефон: + 7 (495) 669-24-00

​Федько Татьяна Анатольевна – бөлім басшысы, ішкі нөм.: 58-40
Виноградова Светлана Анатольевна – бөлім басшысының орынбасары, ішкі нөм.: 58-36

Абрамян Давид Манвелович – кеңесші, ішкі нөм.: 41-68
Үмітбаев Берік Алтайұлы – кеңесші, ішкі нөм.: 58-42
Мамытова Акмаанай – консультант, iшкi нем.: 58-28
Петросян Армине Меружановна  – консультант, ішкі нөм.: 58-25
Вартанян Анна Ашотовна – бас маман-сарапшы, ішкі нөм.: 58-38

Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ішкі нарықтағы кедергілерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері жобаларының Шарттың, халықаралық шарттар мен Одақ заңнамасын құрайтын актілердің ережелеріне сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;

2) ішкі нарықтағы кедергілерді анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің Шарт ережелерін, халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;

3) ішкі нарықта кедергілер белгілерінің болуы тұрғысынан мәліметтер мен өтініштерге бастапқы талдау жүргізеді;

4) шектеулерді анықтау және жойылды деп тану бойынша жұмыс жүргізеді;

5) шектеулер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

6) шектеулермен жұмыс істеу бойынша әдіснамалық негіздерді әзірлеуге қатысады;

7) шектеулерді жою туралы мүдделі тараптарды хабардар етуді қамтамасыз етеді;

8) ішкі нарықтағы кедергілерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын («жол карталарын») әзірлейді;

9) ішкі нарықтағы кедергілерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларында («жол карталарында») көзделген іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

10) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша консультативтік органның (органдардың) қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) ақпараттық порталды қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;

12) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.