Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті — Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесі.

 

Департаменттің негізгі міндеттері:

•        Жоғары кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының отырыстарын, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды протоколдық қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелерін жәнедепартаменттерінің қызметкерлерініссапарға жіберу тәртібі мен шарттары туралы ережеге сай Комиссия Алқасының мүшелері мен Комиссия қызметкерлерінің іссапарларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Комиссия АлқасыТөрағасымен және Комиссия Алқасы мүшелерімен кездесу үшін келетін делегацияларды қабылдауды протоколдық қамтамасыз  ету;
•        Жоғары кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының отырыстарын, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін  іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
•        Комиссия басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық және техникалық қамтамасыз ету;
•        Комиссия қызметін стратегиялық жоспарлау; Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мүше мемлекеттердің экономикаларын әлеуметтік-экономикалық талдау және дамытуды болжамдау;
•        Мүше мемлекеттердің аумағында ғылыми-технологиялық даму саласында Комиссия саясатын іске асыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
•        Ресми ақпараттық ресурстарда Комиссия қызметі туралы ақпарат орналастыру жөніндегі жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мүше мемлекеттердегі мемлекеттік билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың қоғаммен байланыс жасау жөніндегі бөлімшелерімен Комиссия қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, Комиссия Алқасының Төрағасы мен Комиссия Алқасының мүшелерін объективті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ашық дереккөздер негізінде ақпараттық-талдама қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;
•        Баспа қызметіне, ресми сайтты әзірлеу мен дамытуға, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға байланысты коммуникативтік жобаларды іске асыру жолымен Комиссия қызметі туралы объективті пікір қалыптастыру; аудио-, фото-, бейнематериалдарды дайындау бөлігінде Комиссия қызметін сүйемелдеу, Комиссияға қатысы бар полиграфиялық материалдарды, мультимедиялық өнімдерді және материалдық объектілерді дайындау және шығару кезінде бірыңғай стильдік тәсілдемелер мен шешімдерді қамтамасыз ету үшін Комиссияның фирмалық стилін әзірлеу, енгізу және пайдаланылуын бақылау; сондай-ақ өзге де коммуникативтік форматтармен сүйемелдеу. Комиссияның Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында өкілдік функцияларын қамтамасыз ету.​

 

Департаментте мынадай құрылымдық бөлімшелер құрылған: 

  • Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі
  • Жоспарлау мен бақылауды жиынтықтау бөлімі
  • Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
  • Іс қағаздарын жүргізу және бақылау бөлімі
  • Хаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
  • Жоспарлаудың және үйлестірудің жиынтық талдамалық бөлімі
  • Визалық қолдау және тілдік коммуникациялар бөлімі


​​