Құқық департаменті - негізгі бағыты Комиссияның қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етіп, оның норма шығармашылық қызметін үйлестіру болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесі.

 

Құқық департаменті туралы Ереже Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 30 наурыздағы №89 бұйрығымен бекітілген.

 

Департаменттің негізгі міндеттері болып табылатын мыналар:

·        Комиссияның қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
·        халықаралық шарттарды кодификациялау жөніндегі қызметті үйлестіру;
·        Комиссияның норма шығармашылық қызметін үйлестіру;
·        Комиссияның шарттық-құқықтық жұмысын үйлестіру;
·        Комиссиядағы сот-талап жұмысын үйлестіру;
·        халықаралық шарттардың жобаларын құқықтық сараптау;
·        Еуразиялық экономикалық Жоғарғы кеңестің және Комиссияның шешім жобаларын құқықтық сараптау;
·        Еуразиялық экономикалық Жоғарғы кеңестің және Комиссияның шешімдерінің, халықаралық шарттарының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау;
·        Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында жасалған халықаралық шарттардың, Еуразиялық экономикалық Жоғарғы кеңестің шешімдерінің депозитарий функцияларын жүзеге асыру;
·        Еуразиялық экономикалық Жоғарғы кеңестің және Комиссияның шешімдерінің, халықаралық шарттарының жобаларының, сондай-ақ өзге де құжаттардың құқықтық редакциялануын жүзеге асыру. 

 

Міндеттерін орындау аясында Департамент мына функцияларды жүзеге асырады:

·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді;
·        халықаралық шарттарды кодификациялау жұмысын үйлестіреді;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерін жобаларын дайындауға қатысады;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің орындалуына бақылау жасап, мониторинг өткізуге қатысады;
·        Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша құқық қолдану тәжірибесін жалпылау жұмысын үйлестіреді;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасайды;
·        халықаралық шарттарға, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдеріне өзгерістер енгізу немесе оларды доғару (күшін жойған деп тану, әрекетін доғару) туралы Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып немес өзі дербес ұсыныстарын дайындайды;
·        Комиссияға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып немес өзі дербес қорытындыларын дайындайды;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдері жобаларына, сонымен қатар Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының, Комиссия Алқасы Төрағасының қарауына ұсынылатын Тараптардың ұсыныстары бойынша  сараптамалық қорытындыларға қол қояды;
·        ЕурАзЭҚ Сотын қоса санағанда, Комиссияның мүдделерін ұсынуды қамтамасыз етеді;
·        Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аясында жасалған халықаралық шарттардың, және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерінің депозитарийінің функцияларын жүзеге асырады;
·        халықаралық шарттардың, және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерінің жүйелі есепке алынуын және сақталуын жүзеге асырады;
·        Комиссияның өкілдіктерінде құқықтық жұмыспен әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
·        Департаменттің құзырына жатқызылған құқықтық мәселелер бойынша Комиссияның қызметкерлеріне қолдау көрсетеді;
·        Комиссия Кеңесінің мүшелері мен Комиссия Алқасының мүшелеріне арнап құқық мәселелері бойынша талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындайды;
·        Тараптардың мемлекеттік билік органдарымен өзара ықпалдасады;
·        Комиссияның материалдық-тұрмыстық қамсыздандырылу қызметін және кадр жұмысын құқықтық жағынан қолдауды жүзеге асырады;
·        Комиссияның құзырына жатқызылған құқықтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жинақтарын және топтамаларын шығару үшін дайындау ісінде қатысады;
·       халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің, сонымен қатар басқа да құжаттардың жобаларын құқықтық редакциялауды жүзеге асырады;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді;
·        халықаралық шарттарды кодификациялау жұмысын үйлестіреді;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерін жобаларын дайындауда қатысады;
·       халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің орындалуына бақылау жасап, мониторинг өткізуде қатысады;
·        Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша құқық қолдану тәжірибесін жалпылау жұмысын үйлестіреді;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасайды;
халықаралық шарттарға, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдеріне өзгерістер енгізу немесе оларды жою (күшін жоғалтқан деп тану, қолданылуын тоқтату) туралы Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып немесе өзі дербес ұсыныстарын дайындайды;
·        Комиссияға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Комиссияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып немесе өзі дербес қорытындыларын дайындайды;
·        халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдері жобаларына, сонымен қатар Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының, Комиссия Алқасы Төрағасының қарауына ұсынылатын Тараптардың ұсыныстары бойынша  сараптамалық қорытындыларға қол қояды;
·        ЕурАзЭҚ Сотын қоса санағанда, Комиссияның мүдделерін ұсынуды қамтамасыз етеді;
·        Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аясында жасалған халықаралық шарттардың, және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерінің депозитарийінің функцияларын жүзеге асырады;
·        халықаралық шарттардың, және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерінің жүйелі есепке алынуын және сақталуын жүзеге асырады;
·        Комиссияның өкілдіктерінде құқықтық жұмыспен әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
·        Департаменттің құзырына жатқызылған құқықтық мәселелер бойынша Комиссияның қызметкерлеріне қолдау көрсетеді;
·        Комиссия Кеңесінің мүшелері мен Комиссия Алқасының мүшелеріне арнап құқық мәселелері бойынша талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындайды;
·        Тараптардың мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттеседі;
·        Комиссияның материалдық-тұрмыстық қамсыздандырылу қызметін және кадр жұмысын құқықтық жағынан қолдауды жүзеге асырады;
·       Комиссияның құзырына жатқызылған құқықтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жинақтарын және топтамаларын шығару үшін дайындау ісіне қатысады;
·       халықаралық шарттардың, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің және Комиссияның шешімдерінің, сонымен қатар басқа да құжаттардың жобаларын құқықтық редакциялауды жүзеге асырады;

 

Департаментте төрт бөлім құрылды:

·        Комиссияның шешімдерін құқықтық сараптау бөлімі;
·        Кодификациялау, халықаралық-құқықтық жұмыс және депозитарлық функцияларды жүзеге асыру бөлімі;
·        Комиссияның қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;
·        Құқықтық редакциялау бөлімі. 

​​

​​