Жиынтық сурет
 
Бет мазмұны

Су көлігі саласында интеграцияны дамыту мақсатында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Одақ туралы шарт) № 24 қосымша «Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада» IV «Су көлігі» бөлімі әзірленген.


Одақ туралы шарттың № 24 қосымшасының 15 және 16-тармақтарында су көлігін жүргізіліп жатқан үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде дамыту және мүше мемлекеттердің кеме қатынасы туралы халықаралық шарт жасасуы көзделген.


Одақ туралы шарттың № 24 қосымшасының 15-тармағын іске асыру мақсатында: «Су көлігі» бөлімі әзірленіп («Теңіз көлігі» және «Ішкі су көлігі» бағыттарымен бірге), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саясатының үйлестірілген (келісілген) негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдеріне (КСҮНБ) енгізілген..


Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен 2018-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар («жол картасы») жоспары, соның ішінде теңіз көлігі және ішкі су көлігі бөлігінде бекітілді.


Одақ туралы шарттың № 24 қосымшасының 16-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында 2014 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Кеме қатынасы туралы келісім жобасын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.


Кеме қатынасы туралы келісім жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 120 шешімімен, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 127 өкімімен,Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 31 өкімімен, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 34 өкімімен мақұлданған. Кеме қатынасы туралы келісім жобасына үкіметаралық деңгейде қол қою мәселесі бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 14 тапсырмасы қабылданды.


Су көлігі мәселелері жөніндегі жұмыс Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің су көлігі жөніндегі кіші комитетінің, Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің, Мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі (Министрлер Кеңесі) шеңберінде ж​үзеге асырылады.


Көлік және инфрақұрылым департаменті су көлігінің мәселелері бойынша БҰҰ ЕЭК ІКК-пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.



 


Статистикалық деректер мен материалдар

2017  жылғы қаңтар - қазан статистикасы​
2016 жылғы қаңтар - қазан статистикасы
2014 жылғы статистика
Операторы жоқ серуендік кемелерді жалдау мен лизингі бойынша қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құру туралы (бербоут-чартер)
Операторы жоқ серуендік кемелерді жалдау мен лизингі бойынша қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құру туралы (бербоут-чартер) eng
Конвенцияны талдау

Байланысу
         
Су және әуе көлігі бөлімінің бастығы
Шарипова Динара Хайрулловна
Телефон: +7 (495) 669-25-33
+7(495) 669-24-00, қос. 5333
e-mail: sharipova@eecommission.org​​
 
Су және әуе көлігі бөлімі бастығының орынбасары
Несветайлова Светлана Владимировна
Телефон: +7(495) 669-24-00, қос. 5337
e-mail: nesvetaylova@eecommission.org​​


Пайдалы сілтемелер

           Беларусь Республикасы
           Көлік және коммуникациялар министрлігі  – mintrans.gov.by
           Экономика министрлігі  – economy.gov.by

           Қазақстан Республикасы 
           Инвестициялар және дамуминистрлігі  – mir.gov.kz
           Ұлттық экономика министрлігі  - economy.gov.kz
           «Казмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС  - kmtf.kz
           Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы  - shipowners.kz
           Теңіз индустриясы кеме иелері мен кәсіпкерлерінің қауымдастығы  - moryak.kz
           Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы - palata.kz

           Ресей Федерациясы
​           Көлік министрлігі  – mintrans.ru
           Экономикалық даму министрлігі – economy.gov.ru
           Федералдық монополияға қарсы қызмет  - fas.gov.ru
           Федералдық көлік саласындағы қадағалау қызметі  - rostransnadzor.ru
           Ресей кеме қатынасы палатасы  - russian-shipping.ru
           Теңіз сауда порттары қауымдастығы - morport.com
           Ресей экспедиторларының қауымдастығы - far-aerf.ru 

​​​​
​​​