Ереван мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін және Венада (Австрия) Дипломатиялық академияны бітірген.
2009-2014 жылдары Армения Республикасы Үкіметі аппаратының сыртқы байланыстар департаментінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары Армения Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының сыртқы байланыстар департаменті директорының орынбасары болды.
2015-2017 жылдары - Армения Республикасы вице-премьер-министрінің көмекшісі.
2017-2020 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары.
2020 жылдан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры.
2017 жылы «Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін» Армения Республикасы вице-премьер-министрінің Құрмет грамотасымен наградталған.
2019 жылы «Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен дамуы жөніндегі міндеттерді шешуге қосқан зор жеке үлесі үшін» Еуразиялық экономикалық комиссияның Құрмет грамотасымен наградталған.