1973 жылғы 11 ақпанда Мәскеуде туған.
Ереван мемлекеттік университетін бітірген.
1994 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі аралықта Армения Республикасы Ереван қаласында «Аракс» ЖАҚ директорының бірінші орынбасары, директордың кеңесшісі болды.
2000-2008 жылдары - Армения Республикасы Сауда және экономикалық даму министрлігінің ДСҰ-мен жұмысты ұйымдастыру және Еуроодақпен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бастықтың орынбасары, бастығы.
2014-2017 жылдары - «Армения Республикасы Қаржы министрлігінің оқу орталығы» МКЕҰ-ның кедендік бөлім бойынша оқытушысы.
2017 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істейді. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры болып тағайындалғанға дейін ЕЭК-тің Сауда департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.