Лилия Щур-Труханович

Лилия Щур-Труханович

Өмірбаян

Лилия Васильевна Шур-Труханович 2001 жылы Мәскеу ашық әлеуметтік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

2012 жылы Ресей мемлекеттік сауда-экономикалық университетінде "құқықтану" ("халықаралық құқық және Еуропалық одақ құқығы") мамандығы бойынша магистратураны, ал 2016 жылы Ресей СІМ ММХҚИ магистратурасын "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірді.

Экономика ғылымының кандидаты.

1995 – 2000 жылдары коммерциялық саладағы ұйымдарда жұмыс істеді.

2001 – 2008 жылдары консалтингтік, баспа, ғылыми-зерттеу ұйымдарында сарапшы, бас редактор, аға ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмыс істеді.

2008 – 2009 жылдары – Ресей Индустрия және сауда министрлігі ішкі сауданы реттеу департаменті директорының орынбасары болды.

2010 – 2012 жылдары – "Экономика және құқық саласындағы зерттеулер орталығы" АҚ директоры қызметін атқарды.

2012 – 2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары болды.

2016 – 2017 жылдары – стратегиялық бастамалар агенттігінің Ұлттық технологиялық бастама департаментіндегі жобалардың жетекшісі, Ресей венчурлік компаниясының құқықтық сараптама және норма шығару жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017 – 2024 жылдары – Ресей Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы экономикалық қызметті дамыту және реттеу департаменті директорының орынбасары, Ресей Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы экономикалық қызметті дамыту және реттеу департаментінің директоры болды.

2024 жылғы 12 қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің директоры болып тағайындалды.